Бүгін жербетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып.
6 қыркүйекте Өскемен қаласы, Б.Хмельницкий 3-ші қалтарысы мекенжайы бойынша өрт болды. Оқиға орынына келіп жеткен №8 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері барлау жүргізіп, жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстың ағаш құрылымы жанғандығын анықтады.
2010 жылғы 15 қыркүйекте сағат 14-30-да Өскемен қаласының әкімі И.Ә. Әбішевтің Мирный кентінің тұрғындарымен жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын өткізеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев «Орнықты даму және жоғары технология» атты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының VII аймақаралық форумының пленарлық отырысында мемлекет басшылары Кеден одағының аясындағы өз елдерінің экономикаларын дамыту проблемалары бойынша пікірлер алмасты. Дмитрий Медведевтің пікірі бойынша, «экономикаларды түрлендіру - екі елдің ағымдағы міндеті. Шикізатты өңдеумен шектелу - біздің жолымыз емес».
Бүгін Өскемен форумында Қазақстан Президенті ұсынғанбастамалардың қатарында - «Сібірөзендерін солтүстіктен оңтүстікке бұру»жобасына оралу туралы ұсыныс болды. Бұлбастаманы қазақстандық тарап «трансшекаралықөзендердің таяздану» проблемасыншешудің нақты шарасы ретіндеұсынып отыр.
Бүгін Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумының пленарлық отырысынан кейін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Дмитрий Медведевтің қатысуымен Шығыс Қазақстан, Новосібір облыстары және Алтай өлкесінің атқарушы өкіметінің басшылары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы туралы жаңа келісімдерге қол қойды.
Бүгін Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің VIІ аймақаралық ынтымақтастық Форумының пленарлы отырысы өтіп, оның жұмысына екі елдің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев қатысады.
Бүгін «Қазмырыш» пен ресейлік «Ново-Широкий руднигі» жұмысшыларының арасында өткен телекөпірдің барысында Ресейдің Забайкал өңірінің кеншілері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлем жолдады.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында ауыл адамдарына арналған жаңа тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталып жатқан Тарбағатай ауданында болды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде «Қазмырыш» зауытында салынып жатқан жаңа мыс цехының металлургиялық алаңында болып, ондағы жаңа өндіріс құрылысының қорытынды жұмыстарымен танысты.