Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШҚО құрметті азаматтарының кітабы

ЛАБУКОВ МИХАИЛ СЕМЕНОВИЧ

1946 жылғы 15 қарашада
Целиноград облысының
Макинск қаласында туған

«Өскемен металлқұрастыру зауыты - Имсталькон» ЖШС директоры. Оның еңбек жолы 1962 ж. Макинсктегі Ленин атындағы зауытта электромонтер лауазымымен басталған. 1970 ж. Қарағанды политехникалық институтын аяқтағаннан кейін Қарағанды металлқұрастыру зауытында өңдеу және жинау-дәнекерлеу цехының бастығы болып жұмыс істеді. 1977 ж. бері Қазақ КСР Монтажспецстрой министрлігінің «Казмонтажстройдеталь» трестіне қарасты Өскемен металлқұрастыру зауытының, кейін қайта құрылған осы мекеме «Өскемен металлқұрастыру зауыты - Имсталькон» ЖШС директоры лауазымында жұмыс істейді. М.С.Лабуков «Имсталькон» АҚ директорлар Кеңесінің ауыспайтын мүшесі, ШҚО Құрылысшылар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады, 2003-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының екі шақырылымының депутаты болып сайланды. «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. «Монтажспецстрой» компаниясы АҚ құрметті монтаждаушысы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

«Өскемен металлқұрастыру зауыты - Имсталькон» ЖШС директоры Михаил Семенович Лабуковқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен сіңірген еңбегі үшін «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілсін.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы
7 желтоқсандағы № 8/105-V шешімі.

Бет өзгертілді: 31-07-2017