Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШҚО құрметті азаматтарының кітабы

КЕНЖЕШ МҰҚАШОВ

1952 жылғы 5 мамырда
Семей облысы Абай ауданының
Саржал ауылында туған.

1978 жылы Қарағанды мемлекеттік унивеситетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Кенжеш Мұқашов еңбек жолын 1978 жылдың шілде айында Семей облыстық адвокаттар алқасында сынақтан өтуші болып бастаған. 1979 жылы Семей қаласының Калинин аудандық халық сотының халық судьясы болып сайланды, бұдан кейін Семей қаласы мен Бородулиха ауданының әртүрлі соттарында судья және сот төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 599 Жарлығымен Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы болып тағайындалды. Судья лауазымдағы еңбек өтілі 35 жыл 8 айды құрайды.

«Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісімен марапатталған. «Почетный судья» атағын алған.

Кенжеш Мұқашов өзін сауатты, білікті заңгер ретінде көрсетті. Ол өз жүректеріне құлақ салып, өз жолдарын дұрыс таңдаған, өздерінің заңгер, тамаша ұйымдастырушы, білікті басшы таланттарын қоғам мен мемлекеттің игілігіне бағыттаған адамдардың бірі.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Кенжеш Мұқашовқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен сіңірген еңбегі үшін «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілсін.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы
10 желтоқсандағы № 24/301-V шешімі.

Бет өзгертілді: 31-07-2017