Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШҚО құрметті азаматтарының кітабы

КАРПЕНКО ТАМАРА ГАВРИЛОВНА

1936 жылы 17 қыркүйекте
Қарағанды облысының Осокаровка ауылында дүниеге келген

«Тамила плюс» ЖШС бас директоры. Еңбек жолын 1955 жылы Шығыс Қазақстан облыстық қаржы бөлімінде бас экономист болып бастады. 1957-1961 жылдар аралығында Орталық жинақ кассасында бас бақылаушы болды. 1961 жылдың 20 ақпанында Тамара Гавриловна «Өскемен сыра зауытының» жоспарлау бөліміне экономист болып қабылданды. 9 жыл бойы ол зауыт комитетінің төрайымы болып сайланды. Қазақ ССР-і Тағам өнеркәсібі министрлігі алқасының 1974 жылдың 28 ақпанындағы шешімімен және Қазсыраөнеркәсібінің 1974 жылдың 5 наурыздағы бұйрығымен Өскемен сыра зауытының директоры лауазымына тағайындалды. 2005 жылы Өскемен сыра зауыты «Тамила плюс» ЖШС болып қайта тіркелді. 1968-1986 жылдар аралығында Тамара Карпенко Халық депутаттары Октябрь аудандық кеңесінің депутаттығына, сондай-ақ Тағам өнеркәсібі кәсіподағының облыстық комитетінің пленум мүшелігіне сайланды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңның 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен зор үлесі үшін «Тамила плюс» ЖШС бас директоры Тамара Гавриловна Карпенкоға берілсін.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/223-IV шешімі.

Бет өзгертілді: 31-07-2017