Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШҚО құрметті азаматтарның кітабы

АЛЕКСАНДР ВАСИЛЬЕВИЧ БЕЛКИН

1955 жылғы 12 тамызда РФ Алтай өлкес
Змеиногорск ауданының
Ново-Кузнецовка ауылында туған

Александр Васильевич Белкин еңбек жолын Алтай ауыл шаруашылығы институтын аяқтағаннан кейін 1977 жылы РФ Алтай өлкесі Змеиногорск ауданының «Восход» ұжымшарында агроном болып бастаған. 1981 жылы Шемонаиха ауданының Выдриха ауылына көшіп келіп, «Родина» ұжымшарында агроном болып жұмыс істей бастады. 1996 жылғы қарашадан бастап «А.В.Белкин» шаруа қожалығын басқарды, 2005 жылғы қаңтардан бастап «Выдрихинское» ЖШС директоры болып табылады. ЖШС-те ғылыми негізде жерлердің құнарсыздануының алдын алу шаралары жүргізіледі, ауыспалы егіс және қазіргі заманғы топырақ сақтаушы технологиялар қолданылады, химияландыруға баса назар аударылады. Жұмыста Александр Васильевич ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің қарқынды технологиясын қолдана отырып озық әдістерге сүйенеді, бұл жыл сайын жоғары өнім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаруашылықта ауыл шаруашылығы өндірісін жетілдіру, жас кадрларды үйрету, машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Соңғы үш жылда шаруашылық 30-ға жуық қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Мал ұсталатын үй-жайлар қайта құрылып, жаңа эмульбитті едендер төселді, сүт құбырлары, азық таратқыштар орнатылды. А.В.Белкин үнемі соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, халықтың әлеуметтік осал жіктеріне қамқорлық жасайды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыру аясында ЖШС күшімен еңбек даңқы аллеясы тұрғызылды, көгалдандыруға, санитарлық тазалауға және абаттандыруға қаражаттар салынады, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында үш жылда 5 млн.теңгеден астам сомаға сегіз әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды

Александр Васильевич Белкин «Құрмет» орденімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, мерекелік медальдармен, ҚР Президенттерінің алғыс хаттарымен марапатталған, «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағын алған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 1/23909-И ұсынысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Выдрихинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Александр Васильевич Белкинге «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілсін.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы
13 желтоқсандағы № 35/394-VІ шешімі.

Бет өзгертілді: 28-01-2020