Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШҚО құрметті азаматтарының кітабы

ЕРЕМЕНКО АНАТОЛИЙ СЕМЕНОВИЧ

1931 жылы 17 қыркүйекте
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Түрген ауылында дүниеге келген

Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Семей қаласы бойынша төрағасы. Еңбек жолын 1954 жылы малдәрігерлік институтын бітірген соң зоотехник мамандығы бойынша бастап, кейіннен «Семиярка» кеңшарының директоры болды. 1972 жылға дейін Семей облысының ауыл шаруашылығы саласында әртүрлі қызметтер атқарды. 1972 жылдан 1979 жылдар аралығында Семей облысының Аягөз, Бородулиха аудандарының бірінші басшысы болды. 1979-1992 жылдарда Семей облыстық атқару комитетіне төрағалық етті.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңның 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен зор үлесі үшін Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Семей қаласы бойынша төрағасы Анатолий Семенович Еременкоға берілсін.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 17/223-IV шешімі.

Бет өзгертілді: 31-07-2017