Мемлекеттік органдардың Web-сайттары – тұтынушы көзқарасы
Тұтынушылардың мемлекеттік органдардың web-сайттарына көзқарастары
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы, ақпараттар жетімділігі, қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар өз web-сайттарын жасауда.
Бүгінгі таңда бұл - мемлекеттік органның қызметі туралы ресми ақпаратты таратудың ең тиімді құралы. Мемлекетік құрылымдар көбінесе сайттарын толтыру кезінде мемлекеттік қызмет тұтынушыларының сұраныстарына емес, жоғары тұрған органдардың талаптарына сүйенеді.
Ресми сайттарды жасаушылар сайтты толтыру кезінде «тұтынушыға бағдарлау» қағидатына сәйкес келу үшін және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін нені ескеру керек, нелерге аса назар аударған жөн екенін білген маңызды.
Аталған мәселені талқылау үшін «ЗУБР» әлеуметтік корпаративтік қоры «Каунтерпарт Интернешнл» Халықаралық қоры аясында «Мемлекеттік органдардың web-ресурстары халық тұрғысынан» Қоғамдық пікірталасын өткізді.. Пікірталасқа облыстық атқарушы биліктің, мәслихаттың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері, сайт әкімшілері, білім беру саласының мамандары қатысты.
Пікірталас барысында қатысушыларға он-лайн режимінде республикалық, өңірлік, деңгейдегі мемлекеттік органдар сайттарының қаншалықты талаптарға сай екенін, қаншалықты тұтынушылар сұраныстарын қанағаттандыра алатынын көріп, өз пікірлерін білдіру және жетілдіру жөнінде ойларын айту мүмкіншілігі берілді.
Сонымен қатар пікірталасқа қатысушылар мемлекеттік органдардың «тұтынушыға бағдарлау» қағидатын ұстанулары өте қажет және маңызды мәселе екенін атап өтіп, мемлекеттік органдар сайттарды жасауға міндетті, дегенмен қазіргі кезеңде халық та, мемлекеттік құрылымдар да сайттардың болуының практикалық маңыздылығын әлі де жеткілікті түсінбеуде деген пікірге келді. Өкінішке орай, мемлекеттік органдардың көптеген сайттары тұтынушы сұраныстарына бағытталмаған. Сондықтан сайттардан ақпарат іздеу өте күрделі және тұрақты жаңартылып отырмайды, кейбір сайттарда мемлекеттік орган туралы толық мәліметтер жоқ. т.б. Ал енді кейбіреулерінде сайтқа кіріп, билік өкілдеріне сұрақ қойып, жедел жауап алу мүмкіншілігі қарасытырылмаған.
«ЗУБР» ӘКҚ айтылған пікірлер мен ұсыныстардың негізінде барлық сайттар әкімшілері мен қызығушылық танытқан тұлғалар үшін Әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеп шығарады. |