|
Басқару мекемелері
Өскемен қаласының Меновной ауылдық округі экімінің аппараты
«Өскемен қаласының Меновной ауылдық округі экімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бүдан эрі Мекеме) туралы Ережеге сай Мекеме жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін орындауға уэкілетті. Мекеменің негізгі міндеттері:
1) азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолдану;
2) тұрғын үй қорын құру және жөндеуді, жолдарды пайдалану жэне ұстап түруды ұйымдастыру;
3) өз қүзырлығының шегінде жалпы эскери міндет жэне эскери
қызмет, азаматтық қорғау, сонымен қатар жүмылдыруға дайындық жэне жұмылдыру сұрақтары жөніндегі заңнаманы ұйымдастыру және орындауды қамтамасыз ету;
4) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жоғарыда тұрғын органдарға
жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстарды енгізу, жалғыз түратын қарт және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйлерінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
5) қалалық атқарушы органға қала орталығымен көліктік тасы-малдауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу, сонымен қатар оқушыларды мектепке дейін және қайтадан ауылға ақысыз тасуды
ұйымдастыру болып табылады.
Өскемен қаласының Меновной ауылдық округінің әкімі
 Ерсеиіт Қабдуалиұлы Нұралдинов - Өскемен қаласының Меновной ауылдық округінің әкімі
Ерсеиіт Қабдуалиұлы Нұралдинов 1953 жылы 27 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылында дүниеге келген. Қазақ. Жоғары білімді, 1974 жылы Өскемен қаласының педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1974 жылдың қыркүйек айынан 1975 жылдың маусым айына дейін Ұлан ауданының Огневка ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет істеді. 1975 жылдың маусым айынан 1976 жылдың сәуір айына дейін Ұлан ауданы "Обуховский" кеншарында комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет істеді. 1976 жылдың сәуір айынан 1977 жылдың маусым айына дейін Кеңес әскерінің қатарында болды. 1977 жылдың тамыз айынан 1980 жылдың мамыр айына дейін Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеді. 1980 жылдың мамыр айынан 1984 жылдың мамыр айына дейін Ұлан аудандық комсомол партиясының үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1984 жылдың мамыр айынан 1987 жылдың қаңтар айына дейін Ұлан аудандық комсомол партиясының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1987 жылдың қаңтар айынан 1991 жылдың сәуір айына дейін Белогор таукен байыту комбинатындағы комсомол партиясының хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 1991 жылдың сәуір айынан 1991 жылдың қазан айына дейін Белогор таукен байыту комбинатындағы комсомол партиясының хатшысы болып қызмет істеді. 1991 жылдың қазан айынан 1992 жылдың қараша айына дейін Белогор таукен байыту комбинатына қарасты оқу-курстық комбинатында оқытушы болып қызмет атқарды. 1992 жылдың қараша айынан 1997 жылдың маусым айына дейін Асубұлақ ауылдық әкімшілігінің басшысы болып қызмет атқарды. 1997 жылдың маусым айынан 2001 жылдың қазан айына дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2002 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың сәуір айына дейін "Нұр Отан" ХДП ШҚ бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 29.08.2008 жылдан Меновной ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып қызмет істейді.
Запастағы капитан.
Үйленген.
Лауазымдық міндеттері: аймақтың атқарушы билігінің басшылығы. Болашағы мен ағымдағы мәселелер бойынша Президенттің нормативтік актілерінің орындалуы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстық және қалалық әкімдерінің реформаландыру, қолданылуы және аймақтың экономикасының дамуы бойынша шешімдері. Аймақтың шығыс сметасы мен оның орындалуына әзірлеу бойынша басшылық. Еңбек төлемақы, ақша айналымы мен несиелер, болжамның келешегі, өндірістік күштерді бөлу және тиімді қолданылуы, материалды-техникалық еңбек қорлары, саяси тендерлер мәселелері. Өзара қимыл жасау мен ішкі істер басқармасының ішкі қауіпсіздік және қоғамдық тұрақтылығы мәселелердің келісілген жұмыспен қамтамасыз етілуі, құқылық тәртіпті нығайту, ережеге бағыну атқарушылығы, жемқорлықпен және қылмыспен күрес. Өзінің құзырлығына жататын жер қатынас қағаздарын реттеуді жүзеге асыру. Тұрғын-үй қорларына жөндеу жұмысын жүргізу және құрылысын ұйымдастыру, жолдарды сақтау және эксплуатациясы, қоғамдық транспорттардың қозғалысы. Жағдайлары нашар тұрғындарға әлеуметтік қайырымдылық көмегін көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар дайындау. Жалпыға бірдей әскери міндеттілер мен әскери қызметтері бойынша заңдармен қамтамасыз етілуінің орындалуы, азаматтық қорғанысты, жаппай әскерге шақыруды дайындау және жұмылдыруды ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфроқұрылымдардың дамуына көмек көрсету. Басқарманың, аймақтың әкімшілік-аумақтық құрылғының құрылымының ұтымдылығы.
Әкімнің қабылдау сағаттары – сейсенбі сағ. 14.00-ден 17.00-ге дейін, жұма – сағ. 9.00-ден 12.00-ге дейін, телефон 574436.
Құзыр бойынша нормативтік-құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары, Қазақстанның 2030 жылдардағы даму стратегиясы, ҚР Президентінің «ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін бекіту туралы» Жарлығы, «Өскемен қаласының Меновной ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, қызметке қатысты басқа да нормативті-құқықтық актілер.
Орналасқан мекенжайы: Меновной ауылы, М. Горький көшесі, 11 а.
Әкім орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Халыққа білім беру мәселелерінде мекемелердің қызметін, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, ағарту жұмыстарын, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтауды қорғау жұмыстарын үйлестіреді. Салық төлемдерін жинауға көмек көрсетеді. ТЖ бойынша қызметтілікке басшылық. Елді мекендерде сан. жағдайды жақсарту және көріктендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Дүйсенбі – 14.00-17.00 с., бейсенбі - 9.00-13.00 с.
Телефон. 574452
|