Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы
Әділет Департаментінің Өскемен қалалық Әділет

Есеп

2007 жылдың маусым айына арналған жұмыс жоспары.

Қабылдау уақыты: Дүйсенбі күні сағат 14-00 ден 18-00 дейін
Телефон 57-81-30
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ушанов көшесі, 99/1 үй

Лауазымдық міндеттер:

    • Әділет басқармасының жұмысын ұйымдастырады және басқаруды жүзеге асырады.
    • Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде, атқарушы, өкілдік және сот билігінде, құқық қорғау және басқа да мемлекетттік органдар және мекемелермен қарым-қатынаста Әділет басқармасын таныстырады.
    • Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті бастығының атына Әділет басқармасы бастығының орынбасарын, қызметкерлерін қызметке тағайындау немесе жұмыстан босату, көтермелеу, демалыс беру, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.
    • Бұйрықтар шығарады.
    • Орындалатын тапсырмалардың сапасы мен мерзімінің сақталуын қамтамасыз етеді.
    • Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы азаматының жоғалған жеке куәлігін қалпына келтіру туралы қорытындыларды бекітеді.
    • Халықты құжаттандыру және тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
    • Әділет басқармасы туралы Ережеге сәйкес оның құзырына қатысты басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

     

    Қалалық Әділет басқармасының функциялары:
    Мемлекеттік тіркеу саласында:
    -қалалық деңгейдегі жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың және ауылдық округтердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімнің өңірлік бөлімін жүргізу.
    -қалалық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың және ауылдық округтердің нормативтік құқықтық актілерінің шығарылуын, қолданылуын, мемлекеттік тіркелуі мен жариялануын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
    -қалалық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың және ауылдық округтердің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу.
    -заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу.
    -заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу.
    -өз құзыреті шегінде бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен іс-әрекет жасау.
    -азаматтық хал актілерін тіркеу.
    -азаматтарды тіркеуді жүзеге асыру.
    Құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетулерді ұйымдастыру саласында:
    -Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру.
    -жергілікті атқарушы органдардың заң қызметтерімен өзара іс-әрекет жасау және т.б.

    Басқару құрылымы:

    Басқару құрылымы:



    р/с

    Лауазым

    Аты-жөні

    Орындайтын
    функциялары

    Қабылдау уақыты, телефон

    1.

    Халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бастығы.

    Әубәкіров
    Ерлан
    Жұмажанұлы

    Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқаруды жүзеге асырады, бөлім мамандарының арасында міндеттерді бөледі.

    Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма 9.00-дан 12.00-ге дейін.

    2.

    Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастығы

    Мейірманова
    Дәмеш
    Әукәрімқызы

    Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқаруды жүзеге асырады, бөлім мамандарының арасында міндеттерді бөледі.

    Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, 9.00-дан 12.00-ге дейін.

    Құрметті қала тұрғындары!

    07.07.2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына байланысты елде айрықша, біржолғы акция жүргізілуде. Осы заңға сәкес 2007 жылдың 1-ші қарашасына дейін жылжымайтын мүлікті жария еткен азаматтар әкімшілік құқық бұзышылық пен бөлек қылмыс жасау жауапкершілігінен босатылады және олардың жария етілген мүлік мемлекеттік тіркеуге алынғаннан бастап  билік етуге құқығы бар.
    Құқықты анықтайтын құжаттарды азаматтардан қабылдау:Үлбі ауданында -  Белинский көшесі, 37 а, Октябрь ауданында – Ушанов көшесі, 99/1, Сол жағалау ауданында – Тоқмашылар даңғылы, 20/1 халыққа қызмет көрсету орталықтарында, №39  орта мектепте Орджоникидзе көшесі, 12 а мекен-жайы бойынша мүлікті жария ету комиссиясында қабылданады.
    Құрметті азаматтар аз уақыт қалды! Мүліктеріңізге өз құқықтарыңызды растау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

    Өскемен қаласының Әділет басқармасы

     

    Жұма – қабылдамайтын күн
    Сенбі - неке қиюды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу
    Жексенбі – демалыс күні

      2006 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы Өскемен қалалық Әділет басқармасының жұмысы туралы АҚПАРАТ
        

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010