Сапа менеджменті
«Өскемен қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде МС ИСО 9001:2000 сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу мен сертификациялау бойынша жобаның жүзеге асу барысы жайлы ақпарат
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен Өскемен қалсының әкімдігінде МС ИСО 9001:2000 талаптарына сай мемлекеттік органдарда сапа менеджментін сатылап енгізу жүргізілуде.
2006 жылы «Өскемен қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде МС ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу мен сертификациялау жобасының жүзеге асуы бойынша Жоспар өңделіп бекітілді. Жобаны жүзеге асыру бойынша шаралардың жоспарының орындалуы үшін қалалық бюджеттен 2000 мың көлемінде қаражат бөлінді.
Қала әкімінің аппаратына сапа менеджменті жүйесін даярлау мен енгізу бойынша қызмет көрсетуге «Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС келісім шарт бекітілді ( Алматы қ., Фурманов көш., 119, директор Жалғасбаева Б.Г.).
2007 жылдың 25 наурызында қала әкімінің аппаратының қызметкерлерімен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен жобаның презентациясы өткізілді.
Жобаны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдастыру шаралары өткізілді, жарлы құжаттар қабылданды; жұмыс тобы құрылды; сапа бойынша жетекшілік өкілі туралы ережелер бекітілді; басқару жүйесін зерттеудің жоспар-кестесі құрылып, бекітілді; «Сапа менеджментінің жүйесі. МС ИСО 9001:2000 талаптарын түсіндіру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды; ішкі аудиторларды даярлау өткізілді. Қала әкімі аппаратының 9 қызметкеріне «Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС жетекшілігі сертификаттар тапсырылды.
Бүгінгі күнде «Өскемен қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі нормативтік құжаттар өңделіп, бекітілді, даярлау мен сертификациялау бойынша ішкі аудит және сертификациялау тексеруі өткізілді. СМК құжаттары және талаптарға сай менеджмент жүйесін тексеру туралы есеп сертификацияға жіберілді.
2008 жылы тиісті жобаны Өскемен қаласының мемлекеттік басқарма органдарында жүзеге асыру көзделуде.
Мемлекеттік мекемесінде ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификациялау бойынша Жобаны іске асыру барысы туралы
«Электрондық әкімдік» құрудың ең басты басымдықтарының бірі мемлекеттік басқару жүйесіне жаңартулар жүргізу болып табылады. Өскемен қаласының мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттары талаптарының сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесін кезеңмен ендіру жүргізілуде.
9000 сериялы ИСО стандарттары дүниежүзі елдерінің барлық өркениетті елдерінде танылған және кеңінен таратылған, ең көпшілік стандарттар ретінде Гиннес рекордтары кітабына енгізілді. ИСО 9000 талаптары арасында көпретті ішкі нормативтік құжаттарды құру және қолдау, барлық өткізілетін үрдістерді тиянақты құжаттандыруда іс жүргізуді және құжатайналымын дұрыс ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінеді. ИСО 9000 стандарты іс жүргізуді адам тіршілігінің маңызды саласы ретінде алғаш рет танытты.
ИСО 9000 стандарттарының негізінде нақты талаптар түрінде іске асырылған сапа менеджментінің сегіз алғы үрдістері анықталды, олар:
1) тұтынушыларға бағдар;
2) басшылықтың рөлі;
3) қызметкерлерді тарту;
4) үрдістік ыңғай;
5) менеджментке жүйелік ыңғай;
6) тұрақты жақсарту;
7) дәлелдерге негізделген қабылданған шешімдер;
8) жеткізушілермен өзара пайдалы қарым-қатынастар.
Облыс әкімінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 1-122р «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау бойынша жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» өкімі негізінде, қала әкімінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-23р өкімімен «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау бойынша жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ағымдағы жылы жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін қалалық бюджеттен 2000 мың теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.
Жобамен кешенді іс-шаралар өткізу қарастырылды, олар: қолда бар жүйені тексеру, қызметкерлерді оқыту, сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және аудиті, сапа менеджменті жүйесін сертификаттау.
Мемлекеттік мекемеде сапа менеджменті жүйесіне дайындық және енгізу бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету үшін «Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 02-425-06 келісім-шарт жасалды (Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 119, директоры Б.Г. Жалғас-баева).
Келісім-шартқа сәйкес 2007 жылғы наурыз айынан бастап серіктестік өз міндеттерін орындауға кірісті. Жұмыстарды жүргізу үшін жетекші кеңесші болып А.В. Гирева тағайындалды.
2007 жылғы 25 наурызда аппарат қызметкерлерінің, Өскемен қаласының мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен жобаның тұсаукесері өткізілді.
Жобаны іске асыру аясында ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізілді, өкімдік құжаттар әзірленді және қабылданды: сапа жөніндегі басшылық өкілі, сапа жөніндегі жауапты тағайындалды; жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қала әкімі аппаратының барлық меңгерушілері кірді; сапа жөніндегі басшылық өкілі, сапа жөніндегі жауапты, жұмыс тобы туралы ереже бекітілді; қолда бар басқару жүйесін тексерудің жоспар-кестесі, аппарат қызметкерлерін оқыту бойынша бағдарлама құрылды және бекітілді; ішкі аудиторлар тобы бекітілді.
Дайындалған кезеңнің мақсаты басқарудың оңды жақтары мен ИСО 9001:2000 стандарт талаптарына сәйкессіздіктің – әлсіз жақтарын анықтай отырып, аппараттың басқару жүйесіне тексеру жүргізу және қолда бар құжаттаманы талдау болып табылады.
Тексеру нәтижесінде келесі жұмыстар жүргізілді: құрылымдас бөлімшелерде сауалнама жүргізу, жоғары басшылықпен, бөлім меңгеруші-лерімен, бас инспекторлармен, мамандармен кездесу және сұхбат алу, аппаратта жүзеге асырылатын қызметтер мен үрдістерді сипаттау, аппараттың қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды анықтау (аппарат туралы ереже, регламент, нұсқаулықтар және т.б.), қабылданатын үлгілерді, шаблондарды және есеп беру түрлерінің тізімін құру.
Менеджменттің қолда бар жүйесін тексеру нәтижесі бойынша кеңесшімен дайындық кезеңі мен қала әкімдігіне қарауға ұсыну бойынша есептеме құрылды.
Жиналған ақпарат бұдан әрі сапа менеджменті жүйесінің үрдістерін сәйкестендіру, ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес басқарудың қолда бар үрдістері мен жүйелерін бағалау, сондай-ақ құжаттамаларды әзірлеу кезінде сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау үшін қолданылды.
Сапа менеджменті жүйесі үрдістерін модельдеу кезінде ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік негізгі бес бөлім бойынша топтастырылды:
1) 4 бөлім. Құжаттама;
2) 5 бөлім. Басшылық жауапкершілігі;
3) 6 бөлім. Қорлардың менеджменті;
4) 7 бөлім. Өнімдерді шығару;
5) 8 бөлім. Өлшем, талдау және жақсарту.
Осындай сапа менеджменті жүйесін модельдеу бірізділікті ұсынуға көрнекілік пен үрдістердің өзара байланысын береді, ол жүйелі талдау жүргізуге және үрдістердің өзара байланысын және олардың ИСО 9001:2000 стандарт талаптарына, сондай-ақ тұтынушылардың талаптары мен мүдделі жақтардың сәйкестігіне түсінуге мүмкіндік береді. Бұдан әрі нақтылау және өзектілігі мақсатында сапа менеджменті жүйелерін модельін кезеңмен қайта қарау қажет.
Сонымен қатар, жүргізілген тексерулер және ХС ИСО 9001:2000 талаптары нәтижелері бойынша сапа менеджменті жүйесі құжаттамаларының көлемі анықталды.
Сапа менеджменті жүйесінің 28 ішкі нормативтік құжаттары әзірленді – сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттар, РК УКА 001-07 Сапа жөніндегі басшылық, 11 рәсім (олардың 6 ИСО 9001:2000 стандартының міндетті құжаттандырылған рәсімдері болып табылады), 15 үрдістердің карталары, 26 үлгі, есеп беру түрлері.
Менеджмент жүйесінің ішкі нормативтік құжаттары қала әкімімен келісілген және бекітілген. (СМЖ қабылданған нормативтік құқықтық құжаттарының тізімі қоса берілген).
Барлық ішкі нормативтік құжаттары жоғары басшылыққа, бөлім меңгерушілеріне, бас инспекторларға, кеңесшіге қолдарын қою арқылы берілді және танысу және бұдан әрі жұмыс үшін жалпы қолдану папкасына орналастырылды.
«Ұйымдастыру құжаттамаларын басқару», «Өкімдік құжаттамаларды басқару», «Мұрағатты басқару» үш рәсімінің жобалары келесіде бекітумен қала әкімінің қарауында болып табылады.
Қажетті білім берумен және серіктестік дағдыларымен қамтамасыз ету үшін аппарат қызметкерлерін «ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттар талаптары. ХС ИСО 9001:2000», Менеджмент сапасы жүйесінің ішкі аудиті» бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілді.
Оқыту нәтижелері бойынша алынған білім қорытындылары бойынша тестілеу өткізілді, 8 қызметкерге сертификаттар берілді, 3 қызметкер ішкі аудит сертификаттарын алды.
ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес «Русский регистр Евразия» ЖШС сараптамашыларымен мекемелерді сертификаттауға дайындықты бекіту үшін (Л.В. Пан, Н.И. Запорожская) ішкі аудит және сертификатталған тексеру өткізілді. Тексеру барысында аудит критерийлеріне сәйкессіздік анықталды, олар бойынша «Сәйкес емес қызмет-терді басқару» ПРО УКА 803-07, «Өңдейтін және ескертетін әрекеттер» ПРО УКА 804-07 рәсімдеріне сәйкес өңдейтін әрекеттер әзірленді және қабыл-данды. Сараптамашылармен жазбаларды басқару, құжаттамаларды басқару, ішкі ақпараттандыру, жобалау және әзірлеу бойынша, тұтынушыларды баға-лау бойынша аппаратта маңызды мәселелер бекітілді.
Сертификатталған тексеру нәтижелері бойынша сапа менджменті жүйесін жақсарту бойынша, 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 07.215000.302 ережелерін қолдану бойынша ұсыныстармен есеп беру ұсынылды.
Сапа менеджменті жүйесін жақсарту үшін сапа менеджменті жүйесіне жыл сайын жоспарлы негізде талдау өткізу, соның ішінде сапа саласында Саясат және Мақсатқа талдау, ішкі аудиттер, анықталған сәйкессіздік бойынша өңдейтін әрекеттерді әзірлеу және орындау, аппарат жұмысын жақсартудың жалпы жоспарын қалыптастыру ұсынылды. Құрылған СМЖ құрылымында ерекше рөль сапа бойынша жауаптыға бөлініп беріледі – СМЖ құжатын сақтаудан бастап енгізу, тұрақты жақсарту бойынша талдау жүргізу және есеп беруді құруға, СМЖ тұрақты жақсартуға дейін. СМЖ қолдау және тұрақты жақсарту үшін сертифткатталғаннан кейін сапа бойынша жақсарту тұрақты негізде әрекет етуі қажет. Сапа менеджменті жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар ішкі нормативтік құжаттарды енгізу жоспарына енгі-зілген.
Аппараттың СМЖ ішкі құжаттары, тексеру бойынша есеп берулер, аудит нәтижелеріне өңдейтін әрекеттердің жоспары, сертификатты бекіту үшін «Русский Регистр» сертификаттауы бойынша Қауымдастыққа бағыт-талды.
ИСО 9000 сериясының стандарттарына сәйкес сертификат үш жылға беріледі. Сертификат әрекет ету ағымында сертификаттау бойынша орган жыл сайын ИСО 9001:2000 сапасы бойынша сапа менеджменті жүйесі стандартының талаптарына сәйкес бекіту мақсатында инспекциялық бақылау өткізеді.
Аппарат қызметінің тұрақты жақсаруын миссия мен стратегияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оның өзгертмейтін мақсаттағы сапасында, қызмет көрсету сапасын жоғарлатуда, үрдістердің нәтижелілігін жақсартуды, сыртқы ортаның өзгеруін өз уақытында реттеу үшін басқарудың қажетті икемділігін қамтамасыз етуді, аппараттың жалпы тиімділігін жоғарлатуды қарау керек.
|