Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Елисов Павел Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы (1994 жылғы сәуір мен 1997 жылғы шілде аралығы)

1945  жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Соловьево ауылында туған. 

1972 жылы Өскемен педагогика институтын, 1981 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.  

1962-1964 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Шірікқайың сегіз жылдық мектебінің физика  және математика мұғалімі болып жұмыс істеді.    

1964-1967 жылдары  – Германиядағы совет әскерлері батальоны әскери бөлімінің комсомол комитетінің хатшысы, радиотелеграфисті.

1967-1972 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің комсомол ұйымының бөлім нұсқаушысы, комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, насихат және мәдени-көпшілік жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, насихат және мәдени-көпшілік жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

1972-1974 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы.

1974-1979 жылдары –Қазақстан Компартиясы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық комитетінің екінші хатшысы.

1979-1981 жылдары – Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы.

1981-1983 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің кадрлар даярлау секторының нұсқаушысы, Алматы қаласы.

1983-1984 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің инспекторы, Алматы қаласы.

1984-1988 жылдары – Қазақстан Компартиясы Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Өскемен қаласы.

1988-1989 жылдары – Қазақстан Компартиясы Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыру-партия және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Өскемен қаласы.

1989-1994 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы.

1994-1997 жылдары  – Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихаты – депутаттар жиналысының хатшысы.

«ХХ лет Победы советского народа в Великой Отечественной войне в 1941-1945 г.г.», «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И. Ленина» медальдарымен марапатталған.