Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Қапас Уақасұлы Дәуітов

Семей облыстық Мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы (1994 жылғы сәуір мен 1997 жылғы шілде аралығы)

1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында туған.   

1960 жылы Орталық Одақтың кооператив техникумын, 1965 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтаған.

Техникумды аяқтағаннан кейін Семей облысы Көкпекті аудандық тұтынушылар одағында товаровед, директор болып жұмыс атқарды.  

Институтты аяқтағаннан кейін -  Көкпекті аудандық жоспарлау бөлімінің төрағасы. 

1973-1981 жылдары – Семей облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі.

1981-1990 жылдары – Семей облыстық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің хатшысы.

1990-1992 жылдары - Семей облыстық атқару комитетінің істерін басқарушы.

1992 – 1994 жылдары  - Семей облысы әкімшілігі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

1994-1997 жылдары – Семей облыстық Мәслихаты – депутаттар жиналысының хатшысы.

1997-2000 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы.