Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Ахаев Василий Иванович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (1997 жылғы шілде айынан 2012 жылғы қаңтар айына дейін)

1947 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прапорщиково ауылында туған. 

1967 жылы Өскемен педагогика институтын аяқтаған.

Институтты аяқтағаннан кейін 1966-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прапорщиково ауылындағы Киров орта мектебінде мұғалім, кейін директор болып қызмет атқарды. 

1997 жылғы шілде айынан 2012 жылғы қаңтар айына дейін – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.

2012 жылғы қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»,  «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі», «СССР ағарту ісінің үздігі» белгілерімен, «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыстарымен, 1 дәрежелі Әулие князь Александр Невский орденімен марапатталған.