Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Риддер қалалық мәслихаты  - тарих парақшалары (1994-2014 ж.)

2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл болды.

Халықтық депутаттардың жергілікті кеңесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылданғаннан кейін, 1993 жылдың 10 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және 1994 жылдың 7 наурызында мәслихатқа алғашқы сайлау – бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының басқы заңында "мәслихаттар" деп аты  ауыстырылған депутаттардың жиналысы өтті.

1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. 3-бөлімнің 86-бабына сәйкес, өкілді органдар мәслихаттар деп аталады. Осылайша, біздің мемлекетіміздің негізгі Заңы жергілікті өкілді және атқарушы органдар жататын жергілікті мемлекеттік басқарудың негізін бекітті, оның әлеуметтік орны мен қызметін ашты, жергілікті өкілді органдардың атауын және олардың өкілеттігін өзгертті, олардың мәртебесін белгілейтін арнайы заңды қабылдау үшін алғышарт туғызды. Мұнан былай, 2001 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жаңа Заңы қабылданды. Аталған заңның 1-тарауы 1-бабында мәслихатқа анықтама берілген. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) -   облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

2007 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды, мәслихаттардың өкілеттігі ұлғайтылды. ҚР Конституциясының 89-бабында 2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістерімен қоса оның жаңа редакциясында әрекетті жергілікті өзін-өзі басқаруды өкілдік ететін мәслихаттардың рөлін анағұрлым арттыру көздеген. ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, сәйкесінше мәслихаттың келісімімен әкімдер тағайындалады, мәслихат сессиясының шешімімен әкімдіктің дербес құрамы келісімделеді.
Мәслихаттар 5 жылға сайланатын болды.

Қазақстан халқына деген жыл сайынғы жолдауында Президент Н. Назарбаев жергілікті өкілді органдарға қосымша өкілеттілік ұсына отырып, оларды дамыту қажеттілігін  бірнеше қайтара атап өтті. Уақыты жеткенде, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру үшін негіз бола алады. «Біз көп уақыт бойы жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңмен жұмыс жасадық. Ең қарапайым және барлығына түсінікті жол – бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдары» деп атап өтеді Президент.

1-шақырылған Лениногор қалалық мәслихаты(1994-1999 ж.)

Бірінші шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы 1994 жылдың 25 сәуірінде өтті. Қалалық мәслихат хатшысы ретінде №9-сайлау округінің депутаты Андрей Аркадьевич Бутрин сайланды. 19 сайлау округтерінің депутаттары сайланды: С.И. Якушев, Е.А. Головко, И.В. Моисеев, В.С. Попов, Д.Е. Рабинович, Т.И. Ильясова, М.Б. Шегай, З.Ф. Степанова, А.А. Бутрин, Т.А. Рулева, С.Л. Нужных, Н.Г. Остроухова, В.Д. Жук, А.В. Казачков, В.Р. Бухталкин, В.П. Филатова, В.Ф. Сташков, И.Ю. Феклистова, В.Б. Кудряшов. Үш тұрақты комиссия құрылды және төрағалары сайланды: «Мандат» - З.Ф. Степанова, «Тексеріс» - В.П. Филатова, «Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша» - И.Ю. Феклистова.

Бірінші шақырылым жұмысы уақытында 37 сессия өткізілді. Бірінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының жұмысының ерекшелігін олардың қызметінің Қазақстан Республикасы – жаңа, жас тәуелсіз мемлекет құрылысының бастамасы шартында, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру шартында өткендігі құрады. Депутаттар Семей ядролық полигонындағы сынақтар мерзімінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында мекен етіп жатқан Лениногор қаласының тұрғындары үшін ақпараттар базасын құру бойынша орасан зор жұмыстарды атқарды.

Мәслихат қызметін 4 мемлекеттік қызметкерден құралған мәслихат аппараты қамтамасыз етіп отырды. Аппарат басшысы Надежда Григорьевна Худякова және аппарат мамандары, соның қатарында мен, Фролова Лилия, қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет пен өзім 20 жыл қызмет еткен мәслихат аппаратының ардагері.

2-шақырылған Лениногор қалалық мәслихаты (1999-2003) 2002 жылдың маусым айынан бастап Риддер қалалық мәслихаты деп аты ауыстырылды. 

1999 жылдың 4 қарашасында екінші шақырылымның бірінші сессиясы өтті. Мәслихаттың 13 депутатының құрамына сайланды: А.А. Абдрахманов, В.Т. Дарий, А.М. Ермаков, Т.И. Ильясова, С.В. Коляко, С.Н. Москаленко, Д.А. Рахимжанов, М.Н. Рукас, З.Ф. Степанова, Г.А. Тищенко, Н.Д. Цой, В.А. Цхе, А.В. Шифцов. Депутаттардың көпшілігі Казцинк қызметкерлері болып табылатын. Мәслихат хатшысы ретінде №5-сайлау округінің депутаты Галина Алексеевна Тищенко сайланды. Бірінші сессияда тұрақты комиссиялар құрылды және бекітілді, олардың төрағалары сайланды: «Бюджет және экономикалық реформалар бойынша» - В.А. Цхе, «Депутаттық өкілеттілік, заңдылық және әлеуметтік мәселелер бойынша» - З.Ф. Степанова, «Тексеріс» - А.А. Абдрахманов.

Екінші шақырылған мәслихаттың жұмысы уақытында шығып қалған депутаттардың орнына (В.Н. Москаленко, М.Н. Рукас, А.В. А.В. Шивцов) жаңа депутаттар сайланды: В.М. Бондаренко, А.М. Попов, О.А. Солонников. Екінші шақырылған депутаттар корпусы қала дамуының маңызды мәселелерін қарастырған 25 сессияны өткізді, жергілікті деңгейде өкілетті және атқарушы биліктің өзара қатынасы механизмін пысықтады. Биліктің екі тармағының үйлесімді жұмысының арқасында қаламыз республиканың стратегиялық маңызды аудандарының бірі болды, реформалардың алға басуы мен тәуелсіз, егеменді Қазақстанның қалыптасуында елеулі орын алды. 2002 жылдың маусым айында Лениногор қаласы Риддер қаласы болып аты ауыстырылды.

Екінші шақырылым жұмысы барысында халық қалаулылары «Қала жолдарының жөндеуі туралы» бюджет бабына кварталаралық өткелдердегі жолдың жөндеуін қосты. Мәслихатқа кварталаралық өткелдердегі жолдар кондоминимумдардың қамқорлығында болуы керектігі айтылған прокурордың наразылығы жолданды. Алайда, мәслихат өз шындығын қалалық сотта дәлелдей алды және қорыта келгенде, соның арқасында көптеген жылдар бойы жоспарлы тәртіпте жыл сайын  кварталаралық өткелдердегі жолдардың жөндеуі жүргізіледі.

3-шақырылған Риддер қалалық мәслихаты(2003-2007 ж.)

2003 жылдың 21 қазанында үшінші шақырылымның бірінші сессиясы өтті. Мәслихаттың 13 депутатытынң құрамына сайланды: С.В. Зиновьев, А.М. Ермаков, В.Г. Стребков, Е.С. Губарева, Г.А. Тищенко, В.М. Бондаренко, А.В. Зайцев, В.Т. Дарий, С.Ф. Солдатов, В.А. Цхе, С.А. Бурнашев, А.Г. Гузеев, А.М. Попов. Үшінші шақырылған мәслихаттың хатшысы ретінде тағы да Тищенко Галина сайланды. Бірінші сессияда төрағасы А.М. Попов болған «Тексеріс комиссиясы» және сайланбалы төрағалары бар екі тұрақты комиссия құрылды: «Бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық дамыту бойынша» - В.А. Цхе, «Депутаттық өкілеттілік, заңдылық және әлеуметтік мәселелер бойынша» - С.Ф. Солдатов. Шақырылым басында депутаттар сессияда 2003-2007 ж. арналған Мәслихат қимылының концепциясын даярлады және бекітті. Онда депутаттардың сайлау алды бағдарламаларының негізгі қағидасы, Риддер қ. әлеуметтік-экономикалық дамуының бас үрдістері жинақталған.

Есептік мерзімде шығып қалған депутаттардың орнына (С.Ф. Солдатов, А.Г. Гузеев) үшінші щақырылым депутаттарының құрамына И.И. Панченко мен А.И. Гребенников сайланды. Үшінші щақырылған мәслихаттың жұмысы уақытында барлығы 34 сессия өткізілді, 350 ден астам шешім қабылданды.  Үшінші шақырылған депутаттар корпусы қызметінің төрт жылдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары экономиканың дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасының сақталғандығы туралы куәландырады. Бұл да депутаттар корпусының орасан зор еңбегі.

Ең алғаш, 2004 жылдың сәуір айында мәслихаттарға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау және құрау бойынша қосымша өкілеттіліктер ұсынылды.

4-шақырылған Риддер қалалық мәслихаты (2007-2012 ж.)

2007 жылғы 28 тамызда төртінші шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Қалалық мәслихаттың хатшысы ретінде №2-сайлау округінің депутаты Анатолий Михайлович Ермаков сайланды. 1-ден 13-округ депутаттарының депутаттары ретінде сайланды:  Г.А. Тищенко, А.М. Ермаков, В.Г. Стребков, А.М. Анчугин, В.А. Климов, В.А. Титов, О.К. Мысаев, В.Т. Дарий, И.И. Панченко, Ж.С. Дюсүпов, М.К. Дюсюпов, Н.Г. Замятин, О.А. Солонников. Бірінші сессияда үш депутаттық комиссия құралды: «Тексеріс» - В.А. Климов, «Бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық дамыту бойынша» - А.М. Анчугин, «Депутаттық өкілеттілік, заңдылық және әлеуметтік мәселелер бойынша» - В.Г. Стребков.

2011 жылдың наурыз айында №1-сайлау округі бойынша шығып кеткен депутат Г.А. Тищенконың орнына З.И. Шаньшина сайланды. 2007 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айы мерзімі аралығында 38 сессия өтті, 543 шешім қабылданды. Сессия қарауына енгізілген ерекше маңызды мәселелер бойынша уақытша комиссиялар құралды. Олар келесі сұрақтарды даярлады: Риддер қаласында білім беру мекемелерін  оңтайландыру туралы; Риддер қ. және оның маңында жануарларға күтім жасау қағидалары туралы; Риддер қ. жолдарының және олардың жөндеуі бойынша жүргізілген жұмыстардың  тексерісін жүргізу туралы; «Таловка-Сазоновка» ауданының сумен қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру бойынша; денсаулық сақтау мәселелері бойынша; «Л-ТВК» ЖШС жағдайы және Үлбі ауылдық округінің тұрғындарын жылумен қамтамасыз етудегі үзілістердің алдын-алу  туралы, Халыққа қызмет көрсету орталығымен мемлекеттік қызметтерін ұсыну сапасы туралы.

Өз қызметін босатылмаған негізде атқаратын депутат В.А. Климов бастаған, кейіннен босатылған негізде 2009 жылдың 24 шілдесінен бастап тексеріс комиссиясының төрағасы ретінде сайланған депутат В.Т. Дариймен жалғастырылған  тексеріс комиссиясының жұмысын ерекше атап өтуге болады. Тексеріс комиссиясының барлық жұмыс уақыты кезінде бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуы бойынша 111 тексеріс тіркеліп, жүргізілді. Өкінішке орай, заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты, 2011 жылдың маусым айында тексеріс комиссиясы жойылып, оның өкілеттілігі облысқа берілді.

4-шақырылымның жұмысының басынан бастап депутаттық корпус мәслихаттың  тұрақты бақылауында болған және қазіргі уақытта да мәслихаттың бақылауындағы мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орынмен қамтамасыз ету туралы мәселені қозғады. Аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша №12,№14 және М. Горький атындағы (2-аудан) мектептер негізінде 5-6 жастағы балалар үшін шағын орталықтар ашылды. Төртінші шақырылым депутаттарының табандылығының арқасында «Балапан» балабақшасына жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді(«Беловодье» қоғамдық орталығының бұрынғы ғимараты).

4-шақырылым депутаттары Риддер қаласында пойыздардың, жеке алса «Барнауыл-Лениногор» пойызының жол жүру бағытын өзгерту мәселесі н көтерді, көптеген хат алмасулар жүргізіліп, нәтижесінде аталған бағытты қайта жаңарту мәселесі ойдағыдай  шешілді.

Экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді  дамытудағы еңбегі, мемлекеттік органдардағы мінсіз қызметі және қалалық мәслихаттағы белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен 2010 жылы А.М.Ермаков, 2011 жылы А.М. Анчугин, В.А. Климов марапатталды.

5-шақырылған Риддер қалалық мәслихаты (2012-2017 ж.)
2012 жылдың 19 қаңтарында бесінші шақырылған қалалық мәслихаттың құрамына 13 депутат кірді: З.И. Шаньшина, К.М. Ларионов, В.Г. Стребков, В.В. Кокорин, В.А. Климов, О.К. Мысаев, Б.Т. Кзыкеев, И.И. Панченко, Н.Г. Попова, О.А. Беляев, Н.Г. Замятин және В.Г. Осипов.

Бірінші сессияда 5-шақырылған қалалық мәслихат хатшысы ретінде №9-сайлау округінің депутаты Игорь Иванович Панченко сайланды. Үш тұрақты комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды: «Бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық дамыту бойынша» - Б.Т. Кзыкеев, «Депутаттық өкілеттілік, заңдылық және әлеуметтік мәселелер бойынша» - В.Г. Стребков, «Экология, көгалдандыру және коммуналдық меншік бойынша» В.В. Кокорин.

Бесінші шақырылған мәслихаттың басты тапсырмасы ретінде мәслихат депутаттарының рөлін арттыру, сайлаушылардың тілектерін орындау болып табылды. Мәслихат бұл бағытта қалалық мәслихат депутаттарының сайлауалды бағдарламаларының бастапқыларын орындау бойынша іс-шаралардың тұрақты мониторингін жүргізеді. Бастапқы бағыттар ретінде мәслихат қабылданған «Бесінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының 2012-2016 жылдарға арналған әрекеттер концепциясында» көрсетілген бірнеше бағытты анықтады. Олар –экономиканың және тұрғындардың әл-ауқатының өсуі; өмір сүрудің қалалық ортасын жайластыру және қолайландыру; ауылдық аймақтар мен қала маңын дамыту; білім, денсаулық, және мәдениет, тұрғындардың әлеуметтік осал қабаттарына  атаулы көмек көрсету; қоршаған ортаны қорғау; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; мәслихаттың тиімді жұмысы мен депутаттық қызмет.

Барлық депутаттар өз округтеріндегі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешуде қатысады, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді. Сайлау округтеріндегі тұрғын үйлерде, аулаларда, ықшамаудандарда санитарлық және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша мәселелерді шешеді, сенбіліктерді ұйымдастыру мен жүргізуге қатысады; абаттандыруды жүргізу, кварталаралық жолдардың жөндеу орнын, балалар ойын алаңын орнату және көшені жарықтандыру; ресми шараларда қатысады. Сайлаушылардың талаптарына негізделе отырып, депутаттар жоспарланатын жұмыстар бойынша бастапқыларын анықтайды: жолдарды жөндеу, аулаларды абаттандыру, жарықтандыру желілерін жасау.

Мәслихат жүйелі түрде біздің қаламызға жол түскен уақытта немесе белсенді хат алмасу арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен байланысқа түсіп тұрады.

Әрбір шақырылым сайын мәслихаттың сапалық құрамы жақсара түсуде, ал оның ұйытқысын екінші, үшінші және төртінші рет сайлап, халқы сенім білдіретін депутаттар құрайды. Осылайша, қалалық мәслихаттың депутаттары ретінде  бірнеше қайтара В.Г. Стребков(3,4 және 5-шақырылым), В.А. Климов, О.Қ. Мысаев, Н.Г: Замятин және З.И. Шаньшина(4 және 5-шақырылым) сайланды.

Тұтасын айтсақ, артта қалған жиырма жылдағы бес шақырылымдағы мәслихаттың жұмысын қорыта келетін болсақ, мәслихаттың жұмысына қатыса отырып, депутаттар аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешетіндігін, сайлаушылардың мүдделерін көрсетіп, қорғайтындығын және өздерінің жұмыстарын мәслихат шешімдерінің негізінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрайтындығын, сайлауалды бағдарламалардың барынша орындалуына қол жеткізетіндігін атап өту қажет.

Депутаттың жұмысы – еңбекақысыз және ол негізгі қызметтен тыс уақытта орындалады. Депутат болып дүниеге келмейді екендігін баса айту қажет. Бұл қызметке, басқа да қызметке сияқты, үйрену керек. Әрбір шақырылымда депутаттар орын алған мәселелердің шешіміне жасампаз түрде қарауға үйренді, сондықтан, депуттатық корпустың қызметі өзінің борышын ақтады деп айтуға болады. Өкінішке орай, қалада көптеген шешілмеген мәселе бар болғандықтан, барлық мәселені қарастыру мүмкін емес, алайда депутатттық корпус пен мәслихат аппараты сайлауалды бағдарламаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды, сындарлы шешімдерді қабылдайды, қаланы дамыту және біздің азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша қалалық бағдарламаларды орындауды жүзеге асыруда біріге күш жұмсайды.

Қорыта келгенде, бірінші шақырылымнан бесінші шақырылымға дейінгі қалалық мәслихаттың барлық депутаттарына олардың қаланың қоғамдық қызметіне қосқан игілікті еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар, зейнеткерлік демалысқа шыға салысымен қаланың қоғамдық өміріндегі жұмысына бірден қосылған мәслихат аппаратының ардагері, қаланың құрметті азаматшасы Худякова Надеждаға рахмет айтқым келеді. Надежда Григорьевна қалада жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған бірқатар жобалардың бастамашысы және үйлестірушісі  болып табылады. Жобалардың шеңберінде жергілікті халықпен, белсенді азаматтармен, мәслихат депутаттарымен, жергілікті атқарушы билік органдарымен  қатынаста болады, Қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып табылады және өзінің жұмысы уақытында Риддер қаласының игілігіне арналған қалалық іс-шараларға белсенді түрде араласады.

Лилия Фролова, мәслихат аппаратының басшысы