Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Семей қаласы мәслихатының тарихы туралы

Тарих кезеңдері                

1993 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік органдарының жүйесін түбегейлі өзгертетін «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілдік және атқарушы органдары туралы» Заң қабылдады.
Өкілдік органдар Мәслихаттар - депутаттар жиналысы деп аталса, ал жергілікті атқарушы органдар – жергілікті әкімшілік деп аталып, оған жергілікті әкімшілік басшысы басшылық етті.
Барлық аумақтық басқару деңгейінде құрылған жергілікті кеңестерге қарағанда, мәслихаттар- депутаттар жиналыстары тек қана облыстарда, аудандар мен облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада сайланды. Қала аудандарында, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде олар құрылмады.
Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары жергілікті халықтың еркін білдіретін және өз қызметтерін құзыреті шеңберінде дербес жүзеге асыратын мемлекеттік органдар болып танылды. Олар ешкімге тікелей бағынышты болған жоқ.
1993 жылы желтоқсанның басында халық депутаттарының жергілікті Кеңестері өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымның 11 сессиясында өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Депутаттардың жергілікті өкілдік органдарына – демократиялық және біртұтас (біртұтас мемлекет – мемлекеттік құрылым нысаны, онда мемлекет аумағы әкімшілік-аумақтық бірлік, яғни облыстар, қалалар болып бөлінеді) Қазақстан Республикасы мемлекетінің мәслихаттар - депутаттар жиналыстарының алғашқы сайлауы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілдік және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 30 желтоқсандағы Заңның негізінде 1994 жылдың 7 наурызында өтті.
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті өкілдік органдарды «мәслихаттар» деп атады.
Қала әкімшілігінің басшысы И.Н.Қараханов сайлау кампаниясын ұйымдастыруды және дайындауды бұрынғы халық депутаттарының қалалық Кеңесінің ұйымдастыру жұмысының аппараты, оның меңгерушісі Жібек Мұқанқызы Искакованың басшылығымен өткізуді сеніп тапсырды. Ол кезде барлық Кеңестер аппараты қала әкімшілігінің ұйымдастыру бөліміне нұсқаушы болып ауысты, олар : Нина Михайловна Лесных, Лидия Яковлевна Разумова, Людмила Анатольевна Артюкова және Зауре Сатыбалдықызы Түсіпжанова. Жоғарыда айтылғандай, аппаратты Жібек Мұқанқызы Искакова басқарды.
Семей қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу үшін 25 округ құрылды және соған сәйкес депутаттар саны 25 болуы қажет. Салыстыру үшін: халық депутаттарының қалалық Кеңесінің депутаттық корпусы 100 адамнан құрылған.
Сайлауға дайындық және қалалық Мәслихат - Депутаттар Жиналысы сайлауының өзі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген жаңа құқықтық негізде өткізілді.  
Қала аумағында 25 сайлау округтері, 115 сайлау учаскелері құрылды (салыстыру үшін: бүгінгі күнде 24 округ пен 145 сайлау учаскелері бар). Бұл жұмысқа  2000-ға жуық еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, әскери қызметшілер өкілдері тартылды. Бүкіл қала үш үлкен аумақтарға бөлінді: оң жағалау, сол жағалау және қаланың затон бөлігі.
Ұсыну кезінде 73 адамның кандидатурасы талқыланып, олардың 48-і депутаттыққа үміткер ретінде ұсынылды. Бюллетендерге 47 үміткер қосылды, қалған біреуі өтінішіне сәйкес үміткерліктен алынды. 14 округке 2 және одан да көбі дауысқа түсті.
Алғашқы сайлаудың бір ерекшелігі - депутаттыққа үміткер болып әр түрлі партиялардың, қоғамдық ұйымдардың халық қозғалысының өкілдері ұсынылды. Депутаттыққа үміткерлердің жартысынан көбі өзін-өзі ұсынғандар болуы да осыны көрсетеді.
Сайлау әйелдер мерекесі қарсаңында, 7 наурызда өтті, 30 градустық аязға қарамастан тізімге қосылған сайлаушылардың 65 % өз дауыстарын беру үшін сайлау учаскелеріне келді.

Бірінші шақырылым
Семей қалалық Мәслихаты-Депутаттар жиналысының алғашқы ұйымдастыру сессиясы 1994 жылғы 24 наурызда өтті, оны ашып, жүргізген қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Төлеуғазы Нұрқанұлы Шаяхметов. Сессия жұмысына 25 депутаттың 23-і қатысты, екеуі белгілі бір себептермен болмады.
Бірінші сессияда қалалық Мәслихат-Депутаттар жиналысының хатшысы болып Қасқабай Сиязұлы Сиязов тағайындалды, ол үшін 20 депутат өз дауыстарын берді. Қасқабай Сиязұлы Кеңестерде үлкен тәжірибесі болды, депутаттыққа сайланар алдында Ленин ауданы әкімшілігінің бірінші орынбасары болды. Бұған дейін Киров аудандық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істесе, қалалық партия комитетінің аппаратында көп жыл қызмет етті. Ол өкілдік органдардың жұмысын ұйымдастыра білді, әрбір сұрақтың мәнін мұқият қарап, проблемаларды егжей-тегжейлі талдады,   біртұтас ұжымдық пікірдің қалыптасуына аса көңіл бөлді.
Депутаттық корпустың құрамы бірталай кең және сан алуан болды. Олардың арасында – ірі кәсіпорындардың басшылары, кәсіпкерлер, тұрғын үй саласының қызметкерлері, денсаулық сақтау, ғылым, білім және т.б. Олардың көбі   бизнесте жоғарыдан көрініп, Семей қаласының экономикасы мен әлеуметтік саласына бірталай үлестерін қосты. Сайланған 25 депутаттың арасында – 6 әйел болды, 1997 жылы Абыралы аймағын Семей қаласына қосқанда, депутаттық корпус 2 әйелге артты.

Сессия 3 тұрақты және тексеру комиссиясын құрып, оның құрамына келесі депутаттарды сайлады:
1) депутаттық өкілеттіктер және депутаттық этика, заңдылық, құқықтық тәртіп, адам құқығы, жариялылық, әкімшілік-аумақтық құрылым  мәселелері жөніндегі: Валерий Иванович Караваев (комиссия төрағасы), Рафаил Байрамгалиевич Абузяров, Нұркен Хусатайұлы Жарликенов, Ерлан Сағиұлы Ысқақов, Геннадий Владимирович Пьянов, Леонид Меерович Резников, Владимир Николаевич Юсупов;
2) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды  дамыту, экономикалық реформалар, қоршаған ортаны қорғау, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі: Феликс Васильевич Дрожжинов (комиссия төрағасы), Борис Тимофеевич Адианов, Нәдірбек Әпсәләмұлы Әпсәләмов, Валерий Андреевич Коробкин, Николай Федорович Кузин, Рауия Хамитқызы Мақсұтова, Алмагүл Хасенқызы Түсіпбекова;
3) әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау және халық денсаулығын қорғау, ғылым, білім, мәдениет, ұлтаралық қатынастар мен жастар ісі жөніндегі мәселелер жөніндегі: Төлеген Қазезұлы Раисов (комиссия төрағасы), Малика Шәкетайқызы Баймолдинова, Геннадий Вадимович Леонов, Николай Гаврилович Матыцын, Борис Дмитриевич Митрофанов, Рыиза Асанқызы Молдашева, Болат Мұқанұлы Өмербаев.
Тексеру комиссиясы: Юрий Дмитриевич Шипилов (комиссия төрағасы), Альфия Ядыкаровна Баширова, Евгения Кимовна Михеева.
Бірінші сессияда депутаттар арасынан кезекті сессияның төрағасын сайлау округтерінің жоғарылауына қарай сайлау ұсынылды. Бұл ұсыныс шешуші болды, қазірдің өзінде қалған шақырылымдардың депутаттары да осы дәстүрді ұстанады. Сонымен қатар, қазіргі таңда Шәкәрім атындағы университеттің оқу корпусы орналасқан қала әкімшілігінің акт залында өткен бірінші сессияда депутат В.И.Караваев сессиялар өткізілетін залда әрбір депутат ту сыртына емес, бір-бірінің көзіне қарап сөйлесе алатын демократиялық үстел орнатуды ұсынады. Қазіргі күнде де депутаттық корпустың отырыстары осы үстел басында өтеді.

Басты міндет – әлеуметтік мәселелерді шешу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабына сәйкес, осы аумақтағы халықтың ерік-жігерін білдіретін өкілдік орган бола тұра, Семей қалалық Мәслихаты-Депутаттар жиналыстары жалпымемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оларды жүзеге асыруға қажетті іс-шараларды анықтайды және олардың жүзеге асуын қадағалайды.
Мәслихат-Депутаттар жиналысының депутаттық корпусының жұмысы әртүрлі және мазмұнды болды. Жаңа орган атқарушы билік органының алдында қандай да бір міндеттерден еркін болды, бұл қаладағы екі биліктің арасындағы шиеленісті жағдайларға әкеліп соғатын. Сонда да сол кездегі бірінші шақырылым күрделі, әрі қызықты болды, ыстық даулар болды, елде өтпелі кезең жалғасты, қоғамның демократиялық құрылымының жолы ауыр болды.
Қалалық мәслихат өзінің міндеттерін өкілдік орган ретінде ҚР Конституциясының талаптарына, ҚР заңдарына, ҚР Президентінің актілеріне, Президенттің Қазақстан халқына жолдауына, Үкімет Қаулыларына және ҚР нормативтік актілеріне сәйкес сессия шешімдері мен қалалық мәслихаттың Регламенті негізінде сессия, тұрақты комиссия, қалалық мәслихат аппаратының жұмысы арқылы атқарған және атқарып келеді.
Қалалық мәслихаттың барлық жұмысы қаланың түбегейлі өзгеруіне, экономикалық және нарықтық қатынастардың дамуы мен енгізілуі негізінде әлеуметтік реформалардың, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар жоспарының орындалуына, қала бюджеті мен азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталды.
Қалалық мәслихат өзінің конституциялық өкілеттіктерін қала басшысымен тығыз байланыста, ал одан әрі әкіммен, оның аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, шаруашылық субъектілермен, қоғамдық ұйымдармен және қала тұрғындарымен  тығыз байланыста  жүзеге асырды. Оның жұмысы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізілді. Мәслихат сессияларында қарастырылған сұрақтардың тақырыптары әр түрлі болды. Бес жыл ішінде бірінші шақырылымның жұмысында 37 сессия өткізілді.
Сессияларда депутаттар қаланың дамуының кешенді бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелерді, шағын кәсіпкерліктің дамуын қарастырып, бекітті. Депутаттардың жұмысында ең басты мәселе халықтың әлеуметтік жағдайы болды, адамдардың материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту, тұрғындарды сумен, жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, коммуналдық және басқа да қызметтер түрлерін арзандату болды. Қала бюджеті жыл сайын қарастырылып, одан кейін түзетіліп, бекітілді. Қүқық бұзушылықпен күресу және олардың жай-күйі, денсаулық сақтау саласын қайта құру міндеттері зерттелді.
Қалалық мәслихат халықтың тұрмысы, қаланың дамуы туралы басты мәселелермен Парламентке, Үкіметке жазбаша түрде арыз жолдап, шешімдер қабылдады және оларды мекенжайлар бойынша жолдады.
Депутаттар өздерінің сайлау округтерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нақты практикалық мәселелерді шешуге қатысты.
Шешімдер, сонымен қатар депутаттардың сөйлеген сөздері «Семей таңы», «Иртыш», «Голос народа» сияқты жергілікті газеттерде жарияланып отырды және жергілікті телехабарларға белсенді түрде қатысты. Қабылданған шешімдердің орындалуына ерекше назар аударылды.
Барлық қалалық сессияларға қала әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары, қарастырылатын сұрақтарға қатысы бар ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары  шақырылып, қатысты. Қабылданатын қаулылардың, сессия шешімдерінің заңдылық жағын отырысқа шақырылған қала прокуроры немесе оның орынбасарлары қадағалайтын.
Бірінші шақырылымдағы қала мәслихаты депутаттары жұмысының ерекшелігі – оның қызметі ол жас, тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының жаңадан құрылып отырған,  мемлекеттік жекешелендіру ұлттық бағдарламасының жүзеге асуы кезеңінде өтті. Осы кезеңде экономиканың және әлеуметтік саланың қайта құрылуы барысында көптеген мәселелер мен қиындықтар туындады, өндірістің күрт төмендеуі мен инфляцияның өсуі байқалды.
Қаланың әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруіне байланысты депутаттық корпус құрамына ауылдық округтерден үш депутат сайланды. 1997 жылдың ақпанында 19-шы сессия отырысына Александр Сергеевич Изотов, Орал Рамиянұлы Балтабаев және Қапбас Мұсаинұлы Мұсаинов қатысты.
Абралы ауданының Семей қаласына қосылуына байланысты 1997 жылы 25-ші сессиядан бастап депутаттық корпустың құрамына 15 депутат кірді. Олар: Б.А.Азкенова, Т.К.Абдығалымов, Б.Н.Әбдікәрімов, С.У.Андакаев, С.С.Сексенов, А.Н.Кәріпжанов, Т.Д.Дүйсенбаев, Р.А.Искаков, М.У.Махатов, М.Т.Ербалин, А.И.Исабаев, С.Н.Несіпбаев, С.А.Алдабергенов, М.Н.Мекішева, С.У.Уәлиев. Жаңадан келген депутаттар мәслихат хатшысының қызметін Қасқабай Сиязұлы Сиязовқа сеніп тапсырды.

Мәслихат аппараты
Қалалық мәслихаттың және оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық және материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету үшін, депутаттарға қызметін жүзеге асыруға көмектесу үшін мәслихат аппараты құрылды, ол барлық құрамымен қала әкімшілігінің аппаратынан ауысып кетті. Аппаратты халық депутаттары Кеңесінің ұйымдастырушы - нұсқаушы қызметінде зор тәжірибесі бар, ұйымдастыру бөлімінің меңгеруші лауазымында Жібек Мұқанқызы Искакова басқарды. Сонымен қатар, әрқайсысы халық депутаттар Кеңесінің және атқарушы биліктің ұйымдастыру жұмысы мектебінен өткен Нина Михайловна Лесных, Лидия Яковлевна Разумова және Зәуре Сатыбалдықызы Түсіпжанова сияқты  бас мамандар қызмет атқарды. Барлық аппарат қызметкерлері сайлау кампаниясын өткізгеннен кейін өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді. Біртұтас, жауапкершілік, бір-біріне көмектесу, адалдық, жұмыстағы тиянақтылық, тәртіптілік  сияқты ерекше қасиеттер Ж.М.Искакова басқарған әрбір аппарат қызметкерлеріне тән болды.
Депутаттардың және тұрақты комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етіп, оларға ұйымдастырушылық және тәжірибелік көмек көрсету үшін аппарат қызметкерлері тұрақты комиссияның жетекшілері болды. Аппарат жұмысы бүгінгі күнде де жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда әрбір жауапты қызметкер ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілген, бірақ біз қаламсапты пайдалана отырып жұмыс істедік, ал басу машинкасы аппаратқа біреу болды, оның өзі қабылдау бөлмесінде. Бұл, аппараттың біртұтас болып, нысандарды жетілдіру мен депутаттардың жұмысын атқаруға және олардың белсенділігін арттыруға кедергі жасаған жоқ. 2001 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы бойынша, мәслихат жұмысы мерзімінен бұрын аяқталып, оған жаңа депутаттар құрамын сайланған жағдайда да мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің жұмысы аяқталмайды.
Бірінші шақырылымның депутаттары сынау әдістері мен қателіктерін іздеу жолында өздерінің жұмысын жетілдіріп отырды, нақты саяси жағдайларды жаңадан бағалауды үйренді, болашақта қалалық мәслихат шақырылымдарының жұмысын бірталай жемісті ету үшін, біртіндеп сындарлы жолға түсті. Ашып айтсақ, қалалық мәслихаттың бірінші шақырылымы өз міндетін атқарды деуге болады.  
Қалалық мәслихаттың бірінші шақырылымының жылдарын сипаттап өтсек, демократияға өтудің негізгі міндеті орындалды. Мәслихат депутаттары ҚР Парламентінің жұмысын мұқият қадағалап отырды, атқарушы билікпен бір тәртіпте жұмыс істеуді үйренді.

Екінші шақырылым
Қалалық мәслихаттың депутаттары II шақырылымға 1999 жылы 24 округ бойынша төрт жылға сайланды. Екінші шақырылымға алдыңғы шақырылымның бес депутаты сайланды. Сайланған 24 депутаттың 5-і әйел адам болды. Бірінші ұйымдастырушылық сессия 1999 жылғы 16 қарашада өтті. Төрт жыл ішінде 31 сессия өтті. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып бірінші шақырылымда бес жылдық депутаттық тәжірибесі бар Рафаил Байрамгалиевич Абузяров сайланды.
Сессия 3 тұрақты және тексеру комиссиясын құрып, оның құрамына келесі депутаттар сайланды:
1) депутаттық өкілеттіктер және депутаттық этика, заңдылық, құқықтық тәртіп, адам құқығы, жариялылық, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі: Ербол Лұқпанұлы Балтабай (комиссия төрағасы), Нұралынбек Аппозұлы Әбетаев, Нұркен Хұсатайұлы Жарлыкенов, Рыиза Асанқызы Молдашева, Николай Александрович Молотков, Халит Абляйсович Раимханов;
2) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, экономикалық реформалар, қоршаған ортаны қорғау, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі: Әділжан Акрамұлы Құдайбергенов (комиссия төрағасы), Ержан Жанайұлы Бәкенов, Алмагүл Хасенқызы Түсүпбекова, Александр Сергеевич Изотов, Виталий Михайлович Каган, Серікбай Қасымұлы Құрбанов, Бақытқамал Садубайқызы Садубаева, Нұрлан Темірбекұлы Юсупов;
3) әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау және халық денсаулығын қорғау, ғылым, білім, мәдениет, ұлтаралық қатынастар мен жастар ісі жөніндегі мәселелер жөніндегі: Әсемхан Уажанұлы Уажанов  (комиссия төрағасы), Мұрат Амангелдіұлы Исаханов, Николай Васильевич Мантлер, Альберт Дмитриевич Перемыкин, Бейбіт Нұрбазарұлы Рахымғалиев, Нэйля Рафиковна Хамидуллина.  

Тексеру комиссиясы: Григорий Владимирович Чемисов (комиссия төрағасы), Геннадий Владимирович Пьянов, Альбина Васильевна Ушакова.
Екінші шақырылымның депутаттары алғашқы күндерден бастап, ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей ауданының халқының әлеуметтік мәселелерін қорғау жұмыстарын жүргізді. Үкіметке жасалған бірнеше сұраныстарға қажетті жауап болмады. Сондықтан, 2000 жылдың маусымында депутаттық корпус Астана қаласына А.Х.Жұмағұлова мен А.В.Ушакованы жіберді. Қаржы Министрімен, әділет, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрлерімен кездесулер өткеннен кейін көтерілген мәселелердің бөлігі Үкіметте қолдау тапты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі семейліктердің алдында экологиялық үстемелер мен бір жолғы өтемақылардың жиналғанын мойындады.
2000 жылдың шілдесінде кезектен тыс сессияда сол кезде өткір мәселелердің бірі, әсіресе жеке және заңды тұлғалардың заңсыз қызметі бойынша, түсті металлдардың қалдығын жинаумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілердің жұмысын реттеу мақсатында депутаттар Семей аумағында үш айлық мораторий туралы мәселені қозғады. Бұл шара қажет болды, өйткені түсті металды ұрлау тоқтап қана қоймай, ал керісінше жаппай сипатта болды. Бұл сұрақты арнайы сессияда қарастыру барысында депутаттардың, құқық қорғау органдарының, салық инспекциясының және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысуымен сынықтарды қабылдау пунктіне тексеріс жүргізіліп, елеулі бұзушылықтар анықталды. Ерекше апатқа ұшыраған саяжайлар алаптары болды, онда электр сымдары мен түсті металлдардың басқа түрлері ұрланған.  Сол кезде жүздеген саяжайлар үйлері мен учаскелері, трансформаторлық қосалқы станциялары бұзылып, тоналған. Саяжай иелеріне зор материалдық залал келтірілген. Көптеген биік үйлердің жеделсатыларының қозғалтқыштарын бөлшектегеннен олар істемей, кнопкалық құрылғысы жұлынғандықтан адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірген. Депутаттардың атынан әкімге, облыс прокурорына, энергетика, индустрия, сауда Министрлігіне хаттар жолданды. Депутаттардың жасаған бұл қадамы сынық металдарды қабылдауға рұқсат ететін құжаттары жоқ пунктілердің жұмысын тоқтатуға негізделген.
Депутаттық корпус қаланың қоғамдық өміріне, сайлаушылардың айтқан көкейкесті мәселелерін шешуге белсене қатысып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің хатшысы Р.Б.Абузяровтың басшылығымен аппарат қызметкерлерімен бірігіп, бос уақыттарын жанұяларымен жаз мезгілінде қала сыртына, қыста шаңғы базасына шығуды ұйымдастыратын.
Мәслихат аппараты бес мемлекеттік қызметкерлерден тұрды: Жібек Мұқанқызы Искакова, Лидия Яковлевна Разумова, Зәуре Сатыпалдықызы Түсіпжанова, Любовь Федоровна Номеровская, Валентина Александровна Роженцева.

Үшінші шақырылым
Қалалық мәслихаттың үшінші шақырылымының депутаттары 2003 жылы 24 округ бойынша төрт жылға сайланды. Үшінші шақырылымның құрамына алдыңғы шақырылымнан бес депутат сайланды. Олардың барлығы бірінші және екінші шақырылымдардан депутаттық тәжірибе жинағандар. Сайланған 24 депутаттың 6-ы әйел адам болды. Бірінші ұйымдастырушылық сессиясы 2003 жылдың 30 қазанында өтті. Төрт жылдың ішінде 40 сессия өткізілді. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып қайта Рафаил Байрамгалиевич Абузяров сайланды.

Сессия 4 тұрақты және тексеру комиссиясын құрып, оның құрамына келесі депутаттар кірді:
1) депутаттық өкілеттіктер және депутаттық этика, заңдылық, құқықтық тәртіп, адам құқығы, жариялылық, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі: Григорий Владимирович Чемисов (комиссия төрағасы), Нұрғазы Кәбенұлы Қайырбеков, Наталия Валерьевна Клименко, Бейбіт Нұрбазарұлы Рахымғалиев, Геннадий Иванович Стариков.
2) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі: Ермек Дайырұлы Сұлтанов (комиссия төрағасы), Серікбек Исатайұлы Бекетаев, Сергей Григорьевич Володько, Әділжан Акрамұлы Құдайбергенов, Талғат Төлегенұлы Омаров;
3) Қала экономикасы, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі: Қайноллан Ролланұлы Мусин (комиссия төрағасы), Күлзия Рымқұлқызы Бексаинова, Марат Серікжанұлы Құрмамбаев, Рыиза Асанқызы Молдашева, Кенжеғазы Әбішұлы Тоғжігітов;
4) әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау және халық денсаулығын қорғау, ғылым, білім, мәдениет, ұлтаралық қатынастар мен жастар ісі жөніндегі мәселелер жөніндегі: Наталия Анатольевна Фесенко (комиссия төрағасы), Қалаубек Есенбекұлы Баймұханбетов, Майя Лұқпанқызы Дайрабаева, Николай Васильевич Мантлер, Шайза Шаяхметқызы Рысбекова.  

Тексеру комиссиясы: Қуат Қайырғалиұлы Мирашев (комиссия төрағасы), Аманжол Сейітқазыұлы Әміренов, Александр Анатольевич Ершов.
Мәслихат аппаратында бес мемлекеттік қызметші жұмыс істеді: Жібек Мұқанқызы Искакова, Лидия Яковлевна Разумова, Зәуре Сатыбалдықызы Түсіпжанова, Гульжанар Романовна Абулкасимова, Әлия Ерсайынқызы Нұрмағанбекова.

Төртінші шақырылым
Қалалық мәслихаттың IV шақырылымы 2007 жылы 24 округ бойынша бес жылға сайланды. Төртінші шақырылымның депутаттары құрамына алдыңғы шақырылымнан он үш депутат сайланды, олардың әрқайсысы екінші және үшінші шақырылымдардан тәжірибе жинағандар. Сайланған 24 депутаттың 3-уі әйел адам. Бірінші ұйымдастырушылық сессиясы 2007 жылдың 24 тамызында өтті. Бес жыл ішінде 45 сессия өткізілді.
Қалалық мәслихаттың хатшысы болып Қайрат Қайырғалиұлы Мирашев тағайындалды.

Сессия 4 тұрақты және тексеру комиссиясын құрып, оның құрамына келесі депутаттар кірді:
1) депутаттық өкілеттіктер және депутаттық этика, заңдылық, құқықтық тәртіп, адам құқығы, жариялылық, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі: Нұрғазы Кәбенұлы Қайырбеков (комиссия төрағасы), Ардақ Әділғазыұлы Әділжанов, Рыиза Асанқызы Молдашева, Халит Әбляйсұлы Раимханов, Руслан Дүйсенғазыұлы Шелдебаев;

2) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі: Жағыпарбек Елубайұлы Елубаев (комиссия төрағасы), Зульфия Фазылжановна Жамалтдинова, Бауыржан Сейітжапарұлы Қайрамбаев, Талғат Төлегенұлы Омаров, Рафаиль Сайтмагруфович Хазипов;

3) Қала экономикасы, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі: Әділжан Акрамұлы Құдайбергенов (комиссия төрағасы), Марат Серікжанұлы Құрмамбаев, Жұмағазы Нұрбазарұлы Рахымғалиев, Ермек Даирұлы Сұлтанов, Кенжеғазы Әбішұлы Тоғжігітов;
4) әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау және халық денсаулығын қорғау, ғылым, білім, мәдениет, ұлтаралық қатынастар мен жастар ісі жөніндегі мәселелер жөніндегі: Наталия Анатольевна Фесенко (комиссия төрағасы), Николай Васильевич Мантлер, Қайноллан Ролланұлы Мусин, Марат Садықұлы Мұхамеджанов, Кеңесхан Кәрібжанұлы Нұралинов.

Тексеру комиссиясы: Рафаил Байрамгалиевич Абузяров (комиссия төрағасы), Әсетқан Серікқанұлы Досқожанов, Нұрлан Бәттәшұлы Сыдықов.
Мәслихат аппаратында бес мемлекеттік қызметкер жұмыс істеді: бұрынғы аппарат құрамынан өз қызметін Зәуре Сатыбалдықызы Түсіпжанова жалғастырды және жаңадан келген қызметкерлер Алмагүл Хасенқызы Жұмағұлова, Әсет Баймұратұлы Ерғазин, Лаура Бағдатқызы Мусина, Әсел Рахметоллақызы Абылқасымова.

Бесінші шақырылым
Қалалық мәслихаттың V шақырылымы 2012 жылы 24 округ бойынша бес жылға сайланды. Бесінші шақырылымның депутаттары құрамына алдыңғы шақырылымнан он үш депутат сайланды, олардың әрқайсысы екінші, үшінші және төртінші шақырылымдардан тәжірибе жинағандар. Қазақстан Республикасының мәслихаттары құрылғанынан бастап, яғни 1994 жылдан, тек жалғыз әйел Р.А.Молдашевада ғана депутаттық тәжірибе иеленген. Сайланған 24 депутаттың 2-уі әйел адам. Бірінші ұйымдастырушылық сессиясы 2012 жылдың 18 қаңтарында өтті. Өткен екі жылдың ішінде 26 сессия өткізілді.
Қалалық мәслихаттың хатшысы болып алғашында Жағыпарбек Елубайұлы Елубаев тағайындалды, бірақ 2013 жылы оны Семей қаласы әкімінің орынбасары етіп тағайындағандықтан, депутаттар бірауыздан педагогика ғылымының кандидаты, доцент, халықаралық ақпараттандыру Академиясының (Алматы) корреспондент мүшесі, ғылыми мақалалар мен басылымдардың авторы Бейсенбек Тоқтарбекұлы Ақжаловты хатшы етіп сайлады.

Сессия 4 тұрақты және тексеру комиссиясын құрып, оның құрамына келесі депутаттар кірді:
1) құқықтық мәселелер, депутаттық этика және өкілеттіктер жөніндегі: Руслан Дүйсенғазыұлы Шелдебаев (комиссия төрағасы), Аманжол Сейітқазыұлы Әміренов, Рыиза Асанқызы Молдашева, Николай Васильевич Мантлер;
2) өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі: Бауыржан Сейітжапарұлы Қайрамбаев (комиссия төрағасы), Хайролла Кәкенұлы Ангаев, Андрей Леонтьевич Гоцелюк (шығып кеткен Б.Х.Мұхамеджановтың орнына), Қайрат Қайырғалиұлы Мирашев, Бейсенғазы Мәлікұлы Тастекеев, Рафаиль Сайтмагруфович Хазипов;
3) бюджет және қаржы, экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі: Әділжан Акрамұлы Құдайбергенов (комиссия төрағасы), Динара Сәкенқызы Абдрахманова (М.М.Елемесовтың орнына), Әміржан Тұрсынұлы Ахмеджанов, Талғат Төлегенұлы Омаров, Жұмағазы Нұрбазарұлы Рахымғалиев, Ермек Даирұлы Сұлтанов;
4) әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спортты дамыту мәселелері жөніндегі: Қайноллан Ролланұлы Мусин (комиссия төрағасы), Айнұр Серікпайқызы Арғынбекова, Дариға Абайқызы Дайрова (Ж.Е.Елубаевтың орнына), Серік Ғабдоллаұлы Жансұлтанов, Ерлан Айтмұхаметұлы Кеңесбаев, Сергей Владимирович Родионов.  
Мәслихат аппаратында бес мемлекеттік қызметші жұмыстарын жалғастырды: Алмагүл Хасенқызы Жұмағұлова, Зәуре Сатыбалдықызы Түсіпжанова, Әсет Баймұратұлы Ерғазин, Лаура Бағдатқызы Мусина, Әсел Рахметоллақызы Абылқасымова.

Сайлаушылармен тікелей диалог
Сессияларда, тұрақты комиссиялардың отырыстарында көтерілген мәселелерге талдау жасай келе  кең ауқымды мәселелердің қарастырылғандығы депутаттардың қаланың барлық салаларына үлкен көңіл бөлетіндігін дәлелдейді. Депутаттар өз жұмыстарында ең басты қағиданы басшылыққа алды – адамдардың, сайлаушылардың мүдделерін білдіріп, бұл мүдделердің шешімін табу.
Жекелеген мәселелерді сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарастыру, қоғамдық маңызы бар сұрақтарды зерттеу үшін депутаттарды, сала мамандарын, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, уақытша жұмыс топтарының құрылуы мәселелерді жан-жақты терең қарастыруға мүмкіндік береді.
Ауылдардың мәселелерімен танысып, ауылдық округтердің тұрғындарымен тікелей араласу үшін тұрақты комиссиялардың көшпелі отырысын жүргізу дәстүрге айналды. 2005-ші жылы үшінші шақырылымның депутаттары Озерки ауылдық округінде сессия өткізді. Бұдан кейін де төртінші және бесінші шақырылымдардың өндірістік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз отырыстарын ауылдық округтерде ұйымдастырды, бұл сессия отырыстарында шешімдер қабылдау үшін оң әсерін тигізді. Осылайша, депутаттар Қараөлең, Знаменка, Новобаженово, Приречное, Жиенәлі, Ертіс ауылдық округтері мен Шүлбі кентінің тұрғындарымен кездесіп, сұхбат жүргізді.
Барлық шақырылымдардағы депутаттық корпустың жұмысының ерекшелігі, ол атқарушы органдарда құрылған әр түрлі комиссияларға қатысу болды. Осы комиссиялардың тікелей қатысушылары болғандықтан, депутаттар қоғамның пікірімен бірлесіп, өздерінің сайлаушыларының мүддесін қорғай отырып,  қандай да бір мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер мен қорытындыларға оң әсерлерін тигізді.
Депутаттар басты назарды сайлаушыларға бөлді. Барлық шақырылымдардың депутаттық корпусы жұмысының ажырамас бөлігі, ол округтердегі сайлаушылармен жыл сайынғы кездесулер болды, бұдан басқа әрбір депутат өзінің жұмыс орнында халықпен жүздесіп, апта сайын округтердің кезегіне сәйкес, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және әкімдік ғимаратында, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының филиалында қабылдау жүргізді.
Депутаттық корпустың жұмысы туралы жедел түрде хабарлау үшін ақпараттық-анықтамалық материалдарды, сессияда қарастыруға енгізілген сұрақтар тізілімін, мәслихаттың қабылданған нормативтік құқықтық актілерін орналастыру арқылы 2012 жылдың ақпанында ғаламтор ресурсында Семей қаласы мәслихатының сайты құрылды.

Қала халқының әр түрлі топтарының арасындағы жақсы қарым-қатынас пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау елеулі деңгейде өкілдік және атқарушы органдар арасындағы келісімге байланысты.
Барлық шақырылымдарда  қалалық мәслихаттың депутаттық корпусы негізінен өмірлік тәжірибесі мол адамдардан тұрады. Әрбір депутат азаматтардың жоғары қоғамдық белсенділігі жағдайында және альтернативті негізде сайланды. Әр шақырылымдағы өкілдік органның негізі деп, кезінде қалалық және облыстық өкілдік органдардың, қалалық Кеңестің және мәслихаттың халықтық депутаттары болған, мол тәжірибесі мен еңбек өтілі бар көптеген депутаттарды атауға болады.
Қалалық мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың, депутаттардың, аппараттың жұмысы, тұрақты комиссиялардың қабылдаған сессия шешімдері мен қаулылары, одан әрі олардың орындалуы  бойынша өкілдік және атқарушы органдардың, шаруашылық субъектілері мен қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен қала мекемелерінің қызметі өңірдегі қайта құруларды түбегейлі жүзеге асыруда, реформаларды тереңдетуде, демократизациялауда, идеялық шоғырландыруда, экономикалық және саясатты тұрақтандыруда, мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларындағы жалпыұлттық келісімдегі ережелерді жүзеге асыруда атқарған ролі орасан зор болды.

Семей қаласы мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов.