Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Курчатов қаласы мәслихатының тарихы туралы

Өкілді орган Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңына сәйкес Мәслихаттар - Депутаттар жиналысы жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық мекен халқының еркiн бiлдiрiп, жүзеге асырады. Заңға сәйкес Мәслихат – дептутаттар жиналысы бес жылдық мерзімге сайланды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы № 198 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күштері жойылды деп тану туралы» Заңмен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының күші жойылды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктегі халықтардың еркін білдіретін жалпымемлекеттік қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Мәслихаттар төрт жылға сайланады, 2007 жылдан бастап 5 жылдық мерзімге сайланады.

Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары – бірінші шақырылым депутаттарының Жиналысы өз қызметтерін 1994 жылдың қарашасынан 1999 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырды. Курчатов қалалық мәслихат хатшысы Вишняков Аркадий Петрович болды. Қалалық мәслихаттың бірінші шақырылым депутаттары келесі азаматтар:

Жарлығанов Сарқыбек Сасықбайұлы, ҚР ҰЯО істерінің басқарушысы;
Шайгородский Валерий Васильевич, ҚР ҰЯО АЭИ конструктор бөлімінің бастығы.
Иванник Валентина Викторовна, «Журавушка» бала бақшасының меңгерушісі;
Березина Марина Вячеслововна, АЕДО бас дәрігері;
Левин Александр Григорьевич, «СМОК» ЖШС директорының орынбасары;
Музоверов Геннадий Алексеевич, ҚР ҰЯО АЭИ қызметінің бастығы;
Абдулов Леонид Ахметович, ҚР ҰЯО АЭИ директорының орынбасары;

Екінші шақырылған Курчатов қалалық депутаттары өз қызметтерін 1999 жылдың желтоқсанынан бастап 2003 жылдың қазанына дейін жүзеге асырды. Қалалық мәслихат хатшысы лауазымын Бордей Виктор Иванович атқарды. Қалалық мәслихаттың екінші шақырылым депутаттары:
Ковалев Владимир Васильевич, «Дегелең» ЖШС директоры;
Жұмаділов Қасым Шаймарданұлы, ҚР ҰЯО Э ж РҚИ инженері;
Мусин Бауыржан Аяшұлы, «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» КМҚК тіс дәрігері;
Әбішов Қанат Маратұлы, ҚР ҰЯО ГЗИ инженері;
Гостев Геннадий Алексанрович, «Жолбарс» ЖШС директоры;
Жарлығанов Саркыбек Сасықбайұлы, ҚР ҰЯО істерінің басқарушысы;
Силаев Максим Евгеньевич, ҚР ҰЯО АЭИ инженері;
Критских Анатолий Петрович, ҚР ҰЯО АЭИ дәнекершісі;
Бражников Николай Иванович, «Монтажник» ЖШС директоры;
Польских Надежда Хасановна, №3 орта мектеп мұғалімі.

Үшінші шақырылған Курчатов қалалық мәслхатының депутаттары өз қызметтерін 2003 жылдың қазанынан бастап, 2007 жылдың қыркүйегіне дейін жүзеге асырды. 2003 жылдың 15 қазанында мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы болып Төлеутаев Шахмұрат Игембекұлы сайланды.

Қалалық мәслихат депутаттары болып мына азаматтар сайланды:
Қанлыбаев Жұматай Әбдіғалиұлы, «Дегелең» темір жол бекетінің айналым пайдалану депосының бастығы;
Ковалев Владимир Васильевич, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ вице президенті;
Демышев Владимир Алексеевич, «Азот» ӨК директоры;
Мусин Бауыржан Аяшұлы, жеке стомотологиялық клиника директоры;
Гостев Геннадий Александрович, «Жолбарс»ЖШС директоры;
Семенин Сергей Семенович, Курчатов қалалық телекоммуникация торабының директоры;
Силаев Максим Евгеньевич, ҚР ҰЯО инженері;
Пронина Вера Валентиновна, №3 орта мектеп директоры;
Қадырова Нүрия Жұмахметқызы, ҚР ҰЯО Э ж РҚИ ғылыми хатшысы;
Бражников Николай Иванович, «ККПК» МКК директоры;
Кенжин Ерғазы Асиұлы, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК атом энергетикасы бойынша директордың орынбасары.

Төртінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары өз қызметтерін 2007 жылдың қыркүйегінен бастап 2012 жылдың қаңтарына дейін жүзеге асырду. Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы болып Төлеутаев Шахмұрат Игембекұлы қайтадан сайланды. Төртінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары болып келесі азаматтар сайланды:
Кондратенко Геннадий Витальевич, Мәдениет үйінің директоры;
Құсайынов Абзал Тұрсынбайұлы, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ президенті;
Демышев Владимир Алексеевич, «Азот» ӨК директоры;
Байжанова Айгүл Оралғалиқызы, мектеп- гимназия директоры;
Рыспеков Серік Мұқашұлы, «ККПК» МКК директоры;
Гостев Геннадий Александрович, «Жолбарс»ЖШС директоры;
Сұлтанов Айтбек Дайырұлы, «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» МКҚК бас дәрігері;
Пронина Вера Валентиновна, № 3 орта мектеп директоры;
Байзақова Гүлнара Серікқызы, дәрігер – терапевт;
Бражников Николай Иванович, «ККПК» МКК директоры;
Кенжин Ерғазы Асиұлы, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК атом энергетикасы бойынша директордың орынбасары.

Депутаттық міндеттерді орындауға кірікпейтін лауазымға тағайындалуына байланысты төртінші шағырылған Курчатов қалалық мәслихатының № 4 сайлау округінің депутаты Байжанова Айгүл Оралғазықызының өкілеттігі 2009 жылдың 23 сәуірінде мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осы округтің депутаты болып «ККПК» МКК-ның директоры Рыспеков Серік Мұқашұлы сайланды.

Бесінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары өз қзметтерін 2012 жылдың қаңтарынан бастады. Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы болып Қарымбаева Гүлмира Қанағатқызы сайланды. Қалалық мәслихат депутаттары болып сайланғандар:
Құсайынов Қайырбек Қамбарұлы «Иртыш - Астана» ЖШС директоры;
Демышев Владимир Алексеевич, «Азот» ӨК директоры;
Рыспеков Серік Мұқашұлы, «ККПК» МКК директоры;
Түсіпбаев Хайдар Омарбекұлы, ҚР ҰЯО «Байкал» РМК филиалының директоры;
Кулинич Анастасия Васильевна, Жатсар бастамаларын дамыту орталығының директоры;
Киселева Любовь Валерьевна, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
Сұлтанов Айтбек Дайырұлы, Курчатов қаласы қалалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері, қазыргі кезде уақытша жұмыссыз;
Надеев Петр Евгеньевич, жеке кәсіпкер;
Иманмәдиев Ержан Мүбәракұлы, ҚР ҰЯО бас директорының көмекшісі;
Дмитропавленко Владимир Николаевич, ҚР ҰЯО РМК РҚжЭИ филиалының өндіріс бойынша директорының орынбасары;

Барлық шақырылым депутаттары өз күш-жігері мен білімдерін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңында және Курчатов қалалық мәслихатының реглементінде белгіленген өкілеттіктерге сәйкес қолданыстағы заңнаманы орындау, әлеуметтік – экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағыттап келді және қазірде бағыттап отыр.

Қалалық мәслихаттың бірінші шақырылым депутаттары қалалық бюджетті қалыптастыруға, коммуналдық қызметтерге арналағн тарифтерді реттеуге аса мән берді. Олар өз құзыреттері шегінде тарифтердің мөлшерден тыс артпауын сақтап тұрды, ол олардың қызметтері кезеңінде ерекше өзекті мәселе болды. Қала халқы санының қысқаруы, жұмыс орындарының шұғыл қысқаруы, көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржыландыруды қысқартуы, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының институттары және де халықтың төлем қабылетінің төмендеуі қалада коммуналдық қызметтер төлемдері тарифтерінің артуы кезінде әлеуметтік мәселе тудырды.  

Екінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттары қалалықтардың өмір сүру деңгейінің артуына үлкен көңіл бөлді. Олардың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне тікелей өтініш білдіруімен зейнетақының ең төменгі көлемі қаралды және арттырылды. Сондай-ақ депутаттар ҚР Парламенті Мәжілісіне бірнеше мәрте ардагерлер туралы заң қабылдау қажеттілігі жөнінде сауал жолдады. Алайда, олардың бұл сауалдары жауапсыз қалды. Ардагерлер туралы заң осы уақытқа дейін қабылданған жоқ.

Үшінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттары халықтың денсаулығын нығайту және сақтауға ерекше көңіл бөлді. Қалалық аурухананың штат бірлігін қазіргі заманғы нормативтер мен талаптарға сәйкестендіру өтінішімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.О. Рахметовке хат жолданды. Айтылған ұсыныстардың бір бөлігі оң шешімін тапты. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Курчатов қаласы бойынша тұрғын үйді ұстау және тұрғын үй –коммуналдық қызметтер төлеміне арналған тұрғын үй көмегін аз қамтылған отбасыларға ұсыну қағидалары бекітілді.

Төртінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары жасөспірімдер және жастар, оларды жұмысқа орналастыру, олардың бос уақыттарын ұйымдастыру және басқа да көптеген мәселелерді көтерді. Аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету және оларды қолдау бойынша нақты шаралар қабылданды, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидалары бекітілді. Депутаттар барлық қайырымдылық акцияларына белсенді түрда қатысты. Сонымен қатар қала халқы үшін өзекті мәселелер сессиялардың пленарлық отырыстарында және мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралды, олар: «Нұлы көш» бағдарламасының орындалуы, «2009-2011 жылдарға арналған Курчатов қаласы бойынша есірткі және есірткі бизнесіне қарсы аумақтық бағдарламаның іске асырылуы туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша алдағы аатқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыру және күшейту мақсатында «Курчатов қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралардың жағдайы туралы» мәселе қаралды, 2010 жылдың желтоқсанында 2011-2015 жылдарға арналған Курчатов қаласының даму бағдарламасы бекітілді. Мәселелерді қарастыру барысында анықталған барлық проблемалар қабылданған шешімдерде міндетті түрде көрініс тауып отырды. Сондай-ақ шешім міндетті түрде орындаушылардың мәліметіне жеткізіліп тұрды.
 Төртінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары «Семей -Курчатов» жолына ерекше көңіл бөліп, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Ш. Тәукебаевқа, жолаушы көліктері және автомобиль жолдары басқармасы бастығына жол учаскелерінің кейбір бөліктерін орташа жөндеуге көмек көрсету өтінішімен жазбаша хат жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, 2011 жылы жекеленген жол бөліктеріне жөндеу жүргізілді.

Бесінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында өткен 2013 жылда 10 сессия өткізілді, олардың 4 –кезекті, 6 –кезектен тыс. 70 шешім қабылданды, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментіне 10 шешім мемлекеттік тіркеуге жіберілді, олардың 9 –тіркелді, 1 (бір) шешімді тіркеуден бас тартты. Қабылданған барлық шешімдер Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сайтында жарияланып тұрады. Мемлекеттік тіркеуден өткен шешімдер облыстық «7 дней» газетінде мемлекетттік және орыс тілдерінде жарияланып отырады. Есеп беру кезеңінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының 19 отырысы болып өтті, онда 29 қаулы қабылданды.

2013 жыл ағымында мәслихат сессияларының пленарлық отырыстарында қала халқы үшін өзекті мәселелерді қаралады, мысалы: қала халқын медициналдық қамтамасыз ету жағдайы, тұрғын үй коммуналдық, жылумен қамту кәсіпорындарын, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени нысандарды 2012 – 2013 жылдарға жылыту кезеңіне дайындау барысы туралы; жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және сауда салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша атқарушы билік органдарының жұмысы туралы есеп тыңдалды; Курчатов қаласының 2013 – 2015 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат тыңдалды; Курчатов қаласының оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық жағдайы туралы; Курчатов қаласы бойынша 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат тыңдалды.
Мәселелерді қарау барысында анықталған барлық сұрақтар, шешімдерді қабылдау кезінде көрсетіледі. Шешімдер орындаушылардың назарына міндетті түрде жеткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 20 маусымында мәслихаттың кезекті 13 сессиясында қаласының әкімі А.Н. Генрихтің оған жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындауы туралы есебі тыңдалды. Қалалық бюджетті қалыптастыруға және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап қалалық бюджетті анықтау мәселелері 5 рет қаралды. Ағымдағы жылдың наурызында 2012 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы қаржылық білім бөлімінің бастығы А.У. Уағызовтың есебі тыңдалды.

Мәслихатпен қабылданған бағдарламалар мен жоспарларды бақылаудың бірден –бір тиімді жолы атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдау. 2013 жылы басшылардың есептері тыңдалды:

-Курчатов қаласы салық басқармасының бастығы Бытымбаев Мәлік Мұхаметқалиұлының қалалық бюджетке келіп түсетін салық түсімдерінің және басқа да міндетті төлемдердің толықтығын және уақытылы түсуі жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы;

- азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жөніндегі Курчатов қаласы бойынша Әділет басқармасының жұмысы туралы Жақаева Ботагөз Алтайбекқызының есептері тыңдалды;

Ағымдағы жылдың 27 тамызында қала әкімі Д.А.Гариковтың мәслихат депутаттарымен кездесуі болды. Әкімге көптеген сұрақтар қойылды, олардың жартысына сол жерде негізді жауаптар берілді, қалғаны бақылауға алынды. Депутаттар атқарушы билік органдарының қызметіне қызығушылық білдірді. Бұл Қазақтелеком ғимараты және бірінші гараж тобының жанандағы өздігінен жолдарды жөндеу, «Березка» бұрынғы бала бақшаның жер телімі арқылы өтетін жол мен «Незнайка» дүкені жанындағы жолдар. Осы жағдайды кім қадағалайды?

Біздің сайлаушыларымыздың өтініштері бойынша зиратқа бір реттік жинау жұмыстарын жүргізу, жасыл желектерді суғару үшін су апару бойынша қала әкімдігіне өтініш айтылған болатын. Мәселе шешімін тапты. 2014 жылға зиратты ұстауға 1 млн. теңге қаражат бөлінді.

Депутаттар көшелердің жарықтандырылуы бойынша алаңдаушылықтарын білдірді, соның ішінде кварталішілік жарықтандыруға. 2014 жылға көшелерді жарықтандыруға 198 млн. теңге бөлінді.

Қалада АЭБ ашу бойынша мәселе екінші мәрте көтеріліп отыр. Мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Семей АЭБ мамандары барлық туындаған мәселелерді шешу үшін Курчатов қаласына үнемі келіп тұрады.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысы олардың функционалдық бағыттарына байланысты құрылады.

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес депутат Е.М. Иманмәдиевтің басшылығымен мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында келесі мәселелер қаралды:

ТЖ бөлімінің жұмысы туралы;

қызметтерін көрсету туралы. Осы отырыста ТКШ бөлімінің, «Қизат Серік», «Қасиет», «Мырзаханова» ЖК ақпараттары тыңдалды.
Курчатов қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы мәселені тыңдау кезінде комиссиямен қала әкімдігіне қоғамдық орындарға бейне бақылау камерасын орнату мүмкіндігін қарастыру кепілдеме ұсынылды («Октябрь» алаңына, жағалауға және т.б.) Қазіргі кезде бұл мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда көңіл көтеретін орындарда иелерінің көмегімен бейне бақылау камералары орнатылды.

Депутат В.А. Демышев басқаратын мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында келесі мәселелер қаралды:

- Курчатов қаласында тұрғын үй құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының жағдайы мен келешегі туралы;

- Тұрғын үй комиссиясының жұмысы туралы;

- Қала тұрғындары мен мекемелерін ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды бұру және тазарту бойынша ККПК МКК жұмысы туралы.

- Қалалық су тасқыны комиссиясының жұмысы туралы;

- Құрылыс-монтаждау мен жөндеу жұмыстарын орындау үшін тендер өткізу және шарттағы міндеттерді орындау сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жағдайы туралы.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, экология, қоршаған ортаны қорғау, жастар және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны депутат В.А. Дмитропавленко басқарады.

2013 жылы комиссия мүшелері экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл аударды. Жастар мен жасөспірімдер жұмыстарының жағдайы туралы бірнеше мәрте мәселе көтерілді. Комиссия отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:

- Қаладағы мекемелердің коммуналдық қалдықтары мен құрылыс қоқыстарын жинау, сақтау, пайдалану және қайта өңдеу жұмыстары туралы; атмосфераға зиянды заттарды лақтыруды бақылау ұйымдастыру туралы есеп;

- Қаладағы жасыл қордың жағдайы туралы және оны сақтау мен жаңарту бойынша шаралар туралы;

- Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаладағы мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы;

 - Білімдік жинақтау жүйесін енгізу, қаланың оқу мекемелерінде қамқоршылық кеңестерін ұйымдастыру, оқудың озық бағдарламаларын енгізу, электрондық оқуды енгізу;

- Қамқорлық және қамқоршылық органдарының 2012-2013 жылдарға жұмысы туралы;

- Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы;

- Жастар бастамасын дамыту орталығының жұмысы туралы есеп;

- Қаланың мәдени ұйымдарының тұрғындардың рухани байлығын арттырудағы рөлі.

Тұрғын үй коммуналдық бағыттағы мәселелерді қарау кезінде, қабылданған қаулыларда экологиялық заңнаманы бұзушылықты, төтенше жағдайларды болдармау мақсатында қала әкімі А.Н. Генрихке эколог бірлігін бөлу туралы мәселе бойынша жұмыс істеу ұсынылды. Қаланың жасыл қорын сақтау және жаңарту бойынша көптеген ұсыныстар берілді.

Комиссия отырыстары жоғары деңгейде өткізіледі, депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қызу талқылайды, келелі мәселелерді анықтайды, оларды шешу жолдарын қабылданған қаулыларда көрсетуге тырысады.
Мәслихат депутаттары «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясында өз қызметтерін жүзеге асырады. Мәслихаттың 10 депутаты өз қызметтерін «Нұр» Отан партиясының депутаттық фракциясында жүзеге асырады. Барлығы жиналыстарға, конференциялар жұмыстарына қатысады, әр түрлі қалалық комиссия құрамдарында жұмыс істейді.

Қалада қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылады, олардың ішінде негізгісі «2011- 2015 жылдарға арналған Курчатов қаласын дамыту бағдарламасы». Біздің қала өнеркәсібінің дамуымен, өзінің табиғи ресурстарымен және жоғары ғылыми – техникалық әлеуетімен осы бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ете алады. «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының маңызды міндеттерінің бірі тұрақты қоғамдық бақылау жүйесін құру болып табылады.

Қалада партиялық бақылаудың 8 посты қызмет етеді, олардың 7- басшысы мәслихат депутаттары болып табылады. «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» посты- орналасқан жері Курчатов қалалық ауруханасы – басшысы № 11 сайлау округінің депутаты В.Н. Дмитропавленко., «Жұмыспен қамту – 2020» посты басшысы № 6 сайлау округінің депутаты «Нұр Отан» ХДП Курчатов қалалық филиалының бірінші орынбасары Л.В. Киселева. Пост халықты жұмысқа орналастыру бойынша үлкен акция өткізді: кәсіпорындар мен ұйымдардан бос орындар сұралды, үміткерлермен әңгімелесулер жүргізілді. Акция аясында 10 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде бас бостандығынан айырылғандар орнынан босап келген тұлғалар да бар. Осы пост қызметкерлерімен «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына» қаланың кәсіптік – техникалық мектебін (жетекшісі Н.Н. Ломов) техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша қолдаухат жіберілді. Мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі таңда мектеп басшылығы еңбек нарығын зерттеуде. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп қызмет етуде. «Балапан» посты – балабақшаларда орындар бөлу бойынша жұмыс істейді– басшысы № 7 сайлау округінің депутаты А.В. Кулинич. «Бағалар мониторингі» постын № 9 сайлау округінің депутаты П.Е. Надеев басқарады. «Тазалау құрылғылары және кәріз құрылысы» постының басшысы № 10 сайлау округінің депутаты Е.М. Иманмәдиев. 2013 жылы нысандарда барлық жұмыстар толық атқарылмады. Шарт 2014 жылға ауысты. Жер жұмыстары аяқталды, сыртқы желілер жүргізілді, металл каркас орнатылды, құрылғы ғимараттың ішіне орналастырылды. Коллекторга кесінді жүргізілмеді. Негізгі мәселе қаржыландырылудың 2013 жылы кеш жүргізілуі, қалада білікті мамандардың жоқтығы болып табылады. «Индустриалды-инновациялы даму бағдарламасы» - радиациалы – тігілген полиэтилен мен термо отырғызылған манжет пен ленталар өндірісі» посты. Басшысы № 5 сайлау округінің депутаты Х.О. Түсіпбаев. Аталған нысан 2010 жылы пайдалануға берілді. Жоспарлы қуатына ену уақыты 2014 жыл. «Қала мектептері» посты – басшысы № 1 сайлау окурігінің депутаты, Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г.Қ. Қарымбаева. Мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясымен бірігіп жұмыстардың орындалу сапасын қадағалап отырады, жасалған жұмыстарды қадағалайды, өз ескертулерін жасайды, олардың орындалуын бақылайды.
Бесінші шақырылым депутаттары жасөспірімдер және жастармен жұмыс жайында, оларды жұмысқа орналастыру, бос уақыттарын ұйымдастыру жөнінде мәселе көтерді. Мәслихат депутаттары балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің техникалық жағдайына алаңдаушылық білдіруде. Мектеп ғимаратына 2005 жылдан бастап жөндеу жүргізілмеген. Мектептің техникалық жағдайы оқушылар мен педагогтардың мертігуіне әкеп соғуы мүмкін. Ескірген жаттығу құралдары мен техникалық қауіпсіздік жағдайы қазіргі заманғы талаптарға сай емес. Шығыс Қазақстан облысы бойынша туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығына қаланың балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізуге ақшалай қаражат бөлуге және 2013 жылы жаттығу құралдарын сатып алуға жәрдемдесу өтінішімен хат жолданды.  
Қалалық мәслихаттың барлық депутаттары әр түрлі өндірістік құрылымдардың басшылары немесе орынбасарлары болып табылады. Өз қызметтеріне сәйкес қалалықтардың күнделікті мәселелерін шешеді.
Мәслихат депутаттары қайырымдылық акцияларына белсене қатысады.
Депутаттар жыл сайын Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және қаладағы қарт адамдарға материалдық көмек көрсетіп тұрады.

2012 жылдың қараша айының соңында тұрақты комиссия отырысында балалардың денсаулығы, зейнеткерлерге медициналық қызмет көрсету, туберкулез және СПИД бағдарламаларын жүзеге асыру барысы қаралды. Өз сөзінде қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Қ.Қ. Тілеуғабылова депутаттарды 2012 жылдың 10 ай көлеміндегі аурухана жұмысымен таныстырды. Жұмыстың оң нәтижелері: туу көрсеткішінің 2011 жылы 12,5 көрсеткішінен 2012 жылы 14,2 артуы, нәресте өлімінің болмауы туралы баяндады.
Алайда, қол жеткен оң нәтижелерге туберкулездің алдын алу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан 2012 жылдың 10 айында 11 адамнан туберкулез ауруы анықталды.

Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары туберкулезбен ауыратын адамдар санының артуына алаңдаулы. 2010 жылы – 8 адам, 2011 жылы- 9 адам, 2012 жылы – 11 адам ауырған.
Депутаттар қалалық ведомствоаралық комиссия жұмыстарына белсенді қатысады. П.Е. Надеев Курчатов қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ат салысатын азаматтарды көтермелеу комиссиясы құрамында. Депутат Л.В. Киселева- жасөспірімдер істері және олардың құқықтарын қорғау істері жөніндегі комиссия құрамында. Депутаттар Г.Қ. Қарымбаева және В.А. Демышев - қалалық бюджет комиссиясының құрамында. Депутат В.Н. Дмитропавленко тұрғын үй комиссиясының мүшесі. Жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасын іске асыру қалалық комиссиясы жұмысына депутаттар Л.В. Киселева, В.А. Демышев; мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссия құрамында – депутаттар Г.Қ. Қарымбаева, А.В. Кулинич; Е.М. Иманмәдиев.
Депутатық қызметтің ажырамас бір бөлігі ол азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау болып табылады. Депутаттар Курчатов көшесі 1, мекен-жайындағы «Нұр Отан» партиясының Курчатов қалалық бөлімшесінің ғимаратында әр жұмада сағ. 16.00 –ден 19.00-ге дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Мәслихат хатшысы Г.Қ. Қарымбаева азаматтарды қабылдауды қалалық мәслихатта әр серсенбі сайын жүзеге асырады. Сондай-ақ қала тұрғындары мәслихат хатшысына аптаның кез келген күнінде өтініш білдіре береді. Сайлаушыларды негізінен тұрғын үй – коммуналдық мәселелер, әлеуметтік салалар, халыққа қызмет көрсету, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер толғандырады. Депутаттар өз құзыреттері шегінде болашақтағы мәселелерді шешуге, көмек көрсетуге және жәрдемдесуге ат салысады.
Жыл басынан бастап қалалық мәслихатқа жеке және заңды тұлғалардан 115 өтініш келіп түсті. Олардың 90-ы мәслихат хатшысының жеке қабылдауына келіп түскен өтініштер.
Жыл басынан келіп түскен өтініштерді келесі топтарға бөлуге болады:

Мәслихат депутаттары қайырымдылық акцияларына қатысып отырады.
В.А. Демышев басқаратын кәсіпорынмен 2013 жылы 80000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Ол № 3 мектепке хоккей кортын жарықтандыруға, Жасұлан қатарына қабылдау үшін галстуктер тігуге концерттік костюмдер әзірлеуге; 20000 теңге Ново-Шульбадағы жетім балалар мектеп – интернатына берілді. «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесіне арналған акцияға қатысты. – 20000 теңге көлемінде ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетілді. «Шағын қалалар – даму жолында» халықаралық форумын өткізу кезінде 20000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Кәсіпорын Қызыл жарты ай қоғамының әртүрлі бағдарламаларын іске асыруда 20000 теңге көлемінде тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырады. Науқас бала Сіләмжанов Еркебұланның еміне 20000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Моргунова Виталинаның музыкалық байқауға қатысуы үшін Музыка мектебіне 20000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Тренина Юлияның облыстық балалар жобалары тыңдалымына қатысуы үшін жастар бастамаларын дамыту орталығына 15000 теңге берілді. Таэквондо бойынша облыстық жарыстарға қатысу үшін 30000 теңге, гір спорты жарысына қатысуға 18000 теңге бөлінді.

Депутаттар В.Н. Дмитропавленко, С.М. Рыспеков жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, қаланың қарт адамдарына тұрақты түрде материалдық көмек көрсетіп отырады.

Депутат Х.О. Түсіпбаев басқарып отырған «Байкал» кәсіпорны 2013 жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, қаланың қарт адамдарына 40000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Қалалық мәдениет үйіне 20,0 мың теңге, «Скала» клубына 75,0 мың теңге, жастар бастамаларын дамыту орталығына 10,0 мың теңге берілді. Кәсіпорын жұмысшылары жетім бала Мусимов Қанатқа тұрақты түрде материалдық көмек көрсетеді-88,0 мың теңге (жаздық, қыстық кезеңге киім, ұялы телефон алынды, Бесқарағайда жазғы демалысы ұйымдастырылды.).
Читишвили Этериға 20,0 мың теңге көлемінде қаржыға киім әперілді. ҚР Қызыл жарты ай қоғамы аумақтық комитетінің филиалына 30,0 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.