Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Бородулиха аудандық мәслихатының тарихы

2014 жылдың наурыз айында жергілікті өкілетті органдар ретінде Қазақстан Республикасының мәслихаты құрылғанына 20 жыл толды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен байланысты жергілікті мемлекеттік басқарудың жүйесін, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құзыретін, оларды ұйымдастыру тәртібі мен қызметін анықтады.         1993 жылдың 10 желтоқсанында Республиканың жоғары кеңесі жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымы мен атауына елеулі өзгерістер енгізген «Қазақстан Республикасың  жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.  Депутаттардың жиналысы – халықтың өкілді органдарының облыс, аудан, қала аумағында мәслихат екендігін заң анықтады. Жергілікті өкілді органдарының тек атауы ғана емес, олардың мәні түбегейлі өзгергендігі туралы атап өту керек. Аумақтық басқару барлық деңгейінде қалыптасқан жергілікті кеңеске қарағанда, мәслихат- депутаттарының жиналысы тек облыс, аудан,  облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астанада сайланды. Жергілікті тұрғындардың еркіндіктерін  білдіретін және өзінің құзыреті шегінде  қызметін дербес жүзеге асыратын және тікелей қосымша бағыныстылықта байланысы жоқ мәслихаттар - депутаттардың жиналысы  нақты мемлекеттік органдар деп табылды.               

1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. 86- баптың 3 -тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар мәслихаттар деп аталады.  Осылайша, біздің еліміздің заңын Жергілікті  мемлекеттік басқаруға жататын  жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың әлеуметтік рөлі мен фунцияларын ашты, жергілікті өкілетті органдардың атауы мен өкілеттік мерзімін өзгертті, олардың мәртебесін реттейтін арнайы заңның қабылдануының алғышарттарын белгіледі.   2001жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы қабылданды. Бұл заңның             1-бабының 1-тарауы мәслихатқа анықтама береді. Жергілікті өкілетті орган (мәслихат) - облыс немесе аудан (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарымен сайланған орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың ерік-жігерін білдіру, іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау және олардың орындалуына бақылау жасау.

Республикада қалыптасатын азаматтық қоғамның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – өкілді органдар, аудан тұрғындарының еркін білдіретін және сайланатын, яғни әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар. Еліміздің мемлекеттік басқару құрылымында мәслихаттың рөлі заңдарда белгіленген өкілеттіктердің ауқымымен айқын көрінеді. Әрине, олардың арасында басымдық - жоспарларды, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекітуге байланысты өкілеттілік.
Мәслихаттар да экономикалық, қаржылық және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға құқылы. Олар тек жоспарлар мен бағдарламаларды бекітуге ғана емес, сондай-ақ тиісті лауазымды тұлғалардың, олардың жүзеге асыру туралы есептерін тыңдайды және осы күштер туралы шешім қабылдайды.

Депутаттық қызмет – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Округтің өзекті мәселелерін білу, адамдармен қарым-қатынаста болу, сайлау округінде болып жатқан және ондағы әрбір тұрғынның өмір сүру деңгйін біліп отыру, міне, осының барлығы халық қалаулыларының негізгі жұмысы болып табылады.

Бородулиха ауданының өкілді органында 13 депутат бар, кәсіптік құрамы бойынша олар шаруа қожалықтарының басшылары, ұстаздар, дәрігерлер мен әлеуметтік мекемелер және ұжымдардың басшыларынан құралған. Олардың көбі әр саладағы қызметке, сонымен қатар ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына өз үлестерін қоса білген жандар. Соған қарамастан, олар жауапты да өте маңызды қоғамдық қызметте отырса да, өздерінің күш-қуаттарын ел игілігі үшін жұмсаудан шаршамайтын адамдар.

Мәслихатта өз құзіреттері аясындағы мәселелер бойынша бекітілген жұмыс жоспары негізінде жұмыс жасайтын үш тұрақты комиссия бар.

Депутаттық корпустың негізгі міндеттерінің бірі - аудан бюджетін мәслихат сессиясында бекіту және оның орындалуы турал есептерді, сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын тыңдау. Тұрақты комиссияның отырыстарында және сессияларда ауданның автокөлік жолдарының жөнделуі, көгалдандыру, елді мекендердің санитарлық эпидемиялық жағдайлары туралы, жылу беру мерзіміне дайындық, ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы және тағы да басқа мәселелер қаралды.

Көптеген өзекті мәселелердің шешілуі депутаттардың жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста болуы және ол көптеген түйінді мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Отырыстар мен сессиялар отырыстарында депутаттар ауылдық жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар бере отырып, қаулылар мен шешімдер қабылдайды.

Халық қалаулылары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауын түсіндіру жұмыстарына белсене араласып отырады және Жолдауда қойылған тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстар атқарады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауында азаматтар өздері туындаған мәселелерді жергілікті билік арқылы шешуді және атқарушы органдардың жұмыстарын бақылау уақыты келгендігі айтылған.Қазақстанда бірінші рет ауылдық әкімдерді сайлау болып өтті. Сайлау қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары – отырыс сайлаушыларың қатыскымен өткізілген отырыста Жезкент кентінің және ауылдық әкімдрдің құрамы құрылды. Осындай сайлауларды өткізу қарапайым тұрғындардың мемлекеттік басқару ісіне араласуы үшін саяси жүйенің қайта қалыптасуына септігін тигізері анық.

Аудандық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес өздерінің сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынаста болулары үшін оларды мазалайтын мәселелер бойынша қабылдаулар өткізеді.

Мәслихаттың қызметінде «Нұр Отан» партиясының Бородулиха аудандық филиалындағы депутаттық фракциясының орын ерекше. Фракция құрамында 12 депутат бар. Олардың бәрі «Нұр Отан» партиясының XV съезіндегі шешімдердің жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқаруда, ұлтаралық келісім мен бірлікті, тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуын, қоғамдық шоғырландыру бойынша маңызды тапсырмаларды  орындауда.

Құрметті депутаттар және барлық шақырылымдағы аппарат қызметкерлері, Бородулиха ауданының тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасы билігіндегі өкілді органдардың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Еліміз үшін атқарып жатқан ерен еңбектеріңізге табыс және өздеріңізге зор денсаулық тілеймін.

Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы У.Майжанов