Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Бесқарағай аудандық мәслихатының тарихы

Жергілікті өкілді орган (маслихат) –облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

Мәслихат құрылуы тарихынан

1993 жылғы 9 желтоқсанда жергілікті халық депутаттары кеңестерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және 1993 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Халықтың өкілді органы Мәслихат-Депутаттар жиналысы болып табылды. Жергілікті өкілді органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің халқы 5 жыл мерзімге сайлады. Бірінші Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдарының депутаттарын сайлау 1994 жылғы 7 наурызда өткізілді. Сайлау Қазақ ҚСР Жоғары Кеңесінің депутаттарын сайлаумен бір мезгілде жалпыға бірдей тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылды.

 Бірінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихат жиналысының  Депутаттары болып сайланғандар:

1.Жексенаев Бексултан Ошакбаевич
2.Капанов Тасболат Кемешевич
3.Власов Юрий Васильевич
4.Исаев Жигер Бейсекеевич
5.Кургамбаев Нурлан Умербекович
6.Садвакасов Серикбек Куспекович
7.Глазинский Владимир Николаевич
8.Сурков Анатолий Иванович
9.Молтанов Советхан Ислямович
10.Санатов Кайролла
11. Базарбаев Ерболат
12. Калиновский Валерии Яковлевич
13.Фаненштиль Климент Иванович
14.Акбидаев Тасболат
15. Карашев Толеубек Карашевич
16.Сагадиев Джумагали Кожахметович
17. Максимюк Галина Михайловна
18. Кудайбергенов Рахимгазы Жумагажинович
19. Жаркымбеков Тасболат

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауы 1999 жылғы 10 қазанға тағайындалды. Мәслихат депутаттарының сайлауы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауымен бір күде өтті.

Екінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихат депутаттары болып сайланғандар:

1.Токоманов Муратбек Мукатаевич - №1 Н-Николаевка сайлау округі
2. Касатчиков Владимир Алексеевич- №2 Б-Владимировка сайлау округі
3. Куликова Людмила Петровна- №3 Б-Владимировка сайлау округі
4. Исаев Жигер Бейсекеевич- №4 Беген сайлау округі
5. Калтаев Жасулан Толеугалович - №6 Джиланды сайлау округі
6. Момынжанов Багдат Капанович- №7 Долон сайлау округі
7. Валиев Фаиз Ахатович-  №8 Канонерка сайлау округі
8. Турищев Андрей Иванович - №9 М-Владимировка сайлау округі
9. Рустемов Жамбулат Ерсаинович- №10 Семеновка сайлау округі
10. Каирмагамбетов Мирхат Толеубекович- №11 Семиярка сайлау округі
11. Шевцова Лидия Викторовна- №12 Сосновка сайлау округі
12. Искаков Асемхан Смагулович- №5 Глуховка сайлау округі

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын келесі сайлау 2003 жылғы 20 қыркүйекке тағайындалды.  Мәслихаттар депутаттарының өкілеттк мерзімі төрт жыл болды.

Үшінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихат депутаттары болып сайланғандар:

1.Султанов Талгат Амантаевич - №1 Н-Николаевка сайлау округі
2. Садвакасов Талгат Жантемирович- №2 Б-Владимировка сайлау округі
3. Куликова Людмила Петровна- №3 Б-Владимировка сайлау округі
4. Исаев Жигер Бейсекеевич- №4 Беген сайлау округі
5. Маралов Жанибек Зайтенович - №6 Джиланды сайлау округі
6. Момынжанов Багдат Капанович- №7 Долон сайлау округі
7. Валиев Фаиз Ахатович-  №8 Канонерка сайлау округі
8. Миллер Александр Петрович - №9 М-Владимировка сайлау округі
9. Рахметов Сапар Бектемирович- №10 Семеновка сайлау округі
10. Каирмагамбетов Мирхат Толеубекович- №11 Семиярка сайлау округі
11. Хакимова Жанат Сабитовна- №12 Сосновка сайлау округі
12. Искаков Асемхан Смагулович- №5 Глуховка сайлау округі

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын келесі сайлауы 2007 жылғы 18 тамызда өтті.

Төртінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихат депутаттары болып сайланғандар:

1.Султанов Талгат Амантаевич - №1 Н-Николаевка сайлау округі
2. Сон Борис Гиенович- №2 Б-Владимировка сайлау округі
3. Слоницкий Юрий Алексеевич- №3 Б-Владимировка сайлау округі
4. Асылгожин Нурлан Толеуович- №4 Беген сайлау округі
5. Жетбисбаев Рустам Николаевич - №6 Джиландинский изб.округ
6. Момынжанов Багдат Капанович- №7 Долон сайлау округі
7. Валиев Фаиз Ахатович- №8 Канонерка сайлау округі
8. Абылкасымов Фархат Баянович- №9 М-Владимировка сайлау округі
9. Саукенов Жумабай Калижанович- №10 Семеновка сайлау округі
10.Абишева Райхан Армиевна- №11 Семиярка сайлау округі
11. Маралов Жанибек Зайтенович- №12 Сосновка сайлау округі
12. Жумабаев Кайрат Слямканович- №5 Глуховка сайлау округі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20- бабына сәйкес келесі аудандық мәслихаттың депутаттарының өкілеттері мерзімінен бұрын тоқтатылды: Асылғожин Н.Т., Жетбисбаев Р.Н, Валиев Ф.А., Жұмабаев Қ.С.

Мәслихаттар депутаттарының шығып қалғандардың орнына кезектен тыс сайлауында келесі депутаттар сайланды:
Адильев Теміржан Ертаевич- Канонерка сайлау округі;
Омаров Болат Уәлиевич- Глуховка сайлау округі;
Тастенбекова Кумысжан Наурызбаевна- Жыланды сайлау округі;
Каирханов Кизат Ноғайшинович- Беген сайлау округі.

2012 жылғы 15 қаңтарда Парламенті Мәжілісінің депутаттарын  кезектен тыс сайлауымен қатар Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органы -мәслихаттырының кезекті сайлауы болды.

Бесінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихат депутаттары болып сайланғандар:

1.Султанов Талгат Амантаевич - №1 Н-Николаевка сайлау округі
2. Шортомбаев Адлет Бекболатович- №2 Б-Владимировка сайлау округі
3. Шебаршова Татьяна Ивановна- №3 Б-Владимировка сайлау округі
4. Кусаинов Бекболат Каримбаевич- №4 Беген сайлау округі
5. Сафиоллин Аргымбек Сафиоллович- №5 Глуховка сайлау округі
6. Садыков Кайрбек Кажыбаевич - №6 Джиланды сайлау округі
7. Омаров Болат Уалиевич- №7 Долон сайлау округі
8. Адильев Темиржан Ертаевич-  №8 Канонерка сайлау округі
9. Харченко Вячеслав Геннадьевич- №9 М-Владимировка сайлау округі
10. Саукенов Жумабай Калижанович- №10 Семеновка сайлау округі
11.Толеуов Асет Бекболатович- №11 Семиярка сайлау округі
12. Каирханов Кизат Ногайшинович- №12 Сосновка сайлау округі    

Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды. 

2016 жылғы 20 наурызда Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауымен қатар Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органы -мәслихаттырының кезекті сайлауы болды.

Алтыншы шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихат депутаттары болып сайланғандар:

  1. Хамитова Л.Р.-№1 Баскөл сайлау округінің депутаты;
  2. Табылдин М.Е.- №2 Бесқарағай сайлау округінің депутаты;
  3. Шабаршова Т.И.-№3 Бесқарағай сайлау округінің депутаты;
  4. Шамитов А.Т.-№4 Беген сайлау округінің депутаты;
  5. Токашев О.Н.-№5 Глуховка сайлау округінің депутаты;
  6. Садыков К.К-№6 Жыланды сайлау коургінің депутаты;
  7. Омаров Б.У.-№7 Долон сайлау округінің депутаты;
  8. Елемесов С.М.-№8 Канонерка сайлау округінің депутаты;
  9. Харченко В.Г.-№9 М-Владимировка сайлау округінің депутаты;
  10. Кайруллина О.А.- №10 Қарабас сайлау округінің депутаты;
  11. Кургамбаев А.Н.-№11 Жетіжар сайлау округінің депутаты;
  12. Мукинов Х.К.-№12 Ерназар сайлау округінің депутаты.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20- бабына сәйкес №2 Бесқарағай сайлау округінің депутаты  М.Е. Табылдиннің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2017 жылғы 29 қазанда Бесқарағай аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кезектен тыс сайлауы өтіп №2 Бесқарағай сайлау округінің депутаты  болып М.Р.Абылгазинова сайланды.

Мәслихаттың құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы, тәртібі құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен белгіленеді.

Мәслихат құзыретінде:

  1. тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
  2. әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің усынуы бойынша бекіту;
  3. әкімішілік- аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
  4. әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу;
  5. атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
  6. аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау;
  7. жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
  8. әкімнің ұсынусы бойынша «Бесқарағай аудандық Құрметті азаматы» атағын беру және тағы да басқа құзыреттері.

Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттары

Билікті заңнамалық, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидасы, олардың функцияларын және өзара іс-қимыл тәртібін тиісінше ұйымдастырушылық-құқықтық реттеу қоғамның демократиялылығының, оның саяси мәдениетінің жалпы деңгейінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қазақстанның мемлекеттік билігінде жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар маңызды орын алады.

Аудандық мәслихат депутаттары, депутаттар қатарынан сайланып өз функцияларын босатылған негізде атқаратын аудандық мәслихат хатшысын қоспағанда, өз функцияларын босатылмаған негізде атқарады.
Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
 Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Мәслихатты аудан халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттар корпусы қалыптастырылды. Бесқарағай аудандық мәслихатының құрамында бір мандатты округтер бойынша сайланған 12 депутат бар.
Депутаттардың білім деңгейі де жоғары: 10 депутаттың жоғары білімі бар. Ұлттық құрамы бойынша: 9 қазақ, 2 орыс, 1 татар.

Мәслихат хатшысы

Аудандық мәслихатты мәслихат хатшысы басқарады, оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады және мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады
2012 жылғы 19 қаңтарда бесінші шақырылған, 2016 жылғы 20 наурызда алтыншы шақырылған, Бесқарағай аудандық мәслихатының бірінші сессиясында мәслихат хатшысы болып Жыланды сайлау округінің депутаты Садықов Қайрбек Қажыбайұлы сайланды. 

Бесқарағай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары

Аудандық мәслихат мәслихат қарауына жатқызылған мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін өмірге енгізуге атсалысу, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады.
Тұрақты комиссияларды және олардың төрағаларын мәслихат өз депутаттары арасынан сайлайды.
2016 жылғы 20 наурызда алтыншы шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының бірінші сессиясында сессия қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға атсалысу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта екі тұрақты комиссия құрылды:
- депутат өкілеттігі, этика және заңдылық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ( төрайымы Кайруллина О.А.);
- бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (төрағасы Шамитов А.Т.).
Комиссиялар өз жұмысын жоспар бойынша құрады. Аудандық бағдарламаларды қарау және талқылау, аудандық мекемелердің және ұйымдардың басшыларының есептерін қарау, заңдар мен басқа да нормативтік- құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен танысу, комиссиялардың отырыстарын өткізу комиссия жұмысының негізі болып табылады.  

Депутаттық сауалдар

Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттары депутаттық сауалдарында негізінен Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді шешуге байланысты проблемаларды көтереді.
Мәселелердің мазмұны аудандық мәслихат депутаттарының әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласатынын, толғақты мәселелерді шешуде сайлаушыларға көмек көрсетуге ұмтылыстарын көрсетеді.
Бұл әлеуметтік сипаттағы, экология, энергиямен, газбен және сумен қамту мәселелері, сондай-ақ автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мектеп жөндеу және т.б. мәселелер.
Депутаттық сауалдарда көтерілетін негізгі мәселелердің бірі ретінде объектілер мен жолдарды, су құбыры жүйелерін салу және жөндеу сапасын және т.б. айтуға болады.
Жазбаша өтініштерге жасалған талдау өтініштердің көпшілігінің әлеуметтік проблемаларға, мемлекеттік органдардың жұмысына, зейнетақыны қайта есептеу, аумақтарды көркейту, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуы, құқық қорғау органдарының жұмысы мен сыбайлас жемқорлық, білім беру, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету, экология, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болғанын көрсетті.

Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының депутаттық бірлестіктерге, топтарға қатысуы

Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.
 Фракция - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиісті саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Депутаттың тек бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
 Аудандық мәслихатының 12 депутаты «НҰР ОТАН» партиясы Депутаттық фракциясының мүшелері болып табылады.

Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты

Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзгелей қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсетеді. Аудандық аппаратта 5 мемлекеттік қызметшілер кызмет атқарады, олар: аппарат басшысы-Чуашбаева Айжан Омаргалиевна, ұйымдастыру- құқықтық және кадрлық бөлімінің басшысы- Рахметулина Турсынхан Ргебаевна, бас мамандар- Молдашева Асель Рахметулловна, Кирибаева Асия Серкалиевна, Кенжебаева Майса Махметовна.

Чуашбаева Айжан Омаргалиевна- Бесқарағай аудандық мәслихат аппаратының басшысы

Бесқарағай аудандық мәслихатының бас маманы 1964 жылы 18 тамызда туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары, Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1985 жылы Мостик НМ математика мұғалімі болып бастады. Бесқарағай аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, білім бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. 2005 жылғы сәуір айынан аудандық мәслихатының бас маманы, ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің бастығы. 2010 жылы аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 Исаев Жигер Бейсекеевич -  1994 жылдан 2007 жылға дейін 1,2,3 шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы.

Исаев Жигер Бейсекеевич, 1947 жылы 11 қаңтарда Бесқарағай ауданы Беген ауылында туған, ұлты- қазақ. Қазақ мемлекеттік ауыл-шаруашылығы институтын, АЖПМ бітірген.

Қызметі:
Бесқарағай ауданы Беген орман шаруашылығының инженері;
Семей облысы Бесқарағай аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы;
Бесқарағай аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
Бесқарағай ауданының Семияр совхозының партия комитетінің хатшысы;
Ново-Шульба халықтық бақылау аудандық комитетінің төрағасы;
Бесқарағай аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасының орынбасары;
Аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы;
Бесқарағай аудандық Мәслихат-Депутаттар жиналысының хатшысы;
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы.
«Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

Сон Борис Гиенович - 2007 жылдан 2009 жылға дейін төртінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы.

Сон Борис Гиенович, 1959 жылы 15 сәуірде Қазақ КСР-нің Жамбыл қаласында (қазіргі кезде Тараз қаласы) туды, ұлты- кәріс. Куйбышев қаласы (қазіргі кезде Самара қаласы) орта мектепті бітіргеннен кейін Семей медицина институтына хирург мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуды бітіргеннен кейін Бесқарағай ауданының орталық ауруханасына келіп 2007 жылға шекті жұмыс істеді. Еңбек жолын 1985 жылы дәрігер- ординатор болып бастады, 1989 жылдан 1993 жылға дейін емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болып істеді, 1993 жылдан хирургия бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, бұл жұмыста осы бөлімнің жабылғанына шекті істеді. 2006 жылы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылғы 18 тамызда Бесқарағай аудандық мәслихатының №3 Б-Владимировка сайлау округінің депутаты, содан сон хатшысы болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, ШҚО халықтар кіші Ассамблеясының мүшесі.
Жанұялы, екі баласы бар.

Маралов Жанибек Зайтенович - 2009 жылдан 2012 жылға дейін төртінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы

Маралов Жанибек Зайтенович 1961 жылы 18 сәуірде Бесқарағай ауданы Кривинка ауылында туған, қазақ, білімі жоғары, мамандығы бойынша дене шынықтыру муғалімі.
Қызметі:
Жұмыс қызметін Семей облысы Бесқарағай ауданы «Кривинка» совхозында, Павлодар облысы «Маралды» совхозында спорт маманы болып бастады.
Бесқарағай ауданы СПТУ-16 , дене шынықтыру мүғалімі;
Кривинка орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі;
Бесқарағай аудандық мәслихатының ұйымдастыру –құқықтық бөлімінің меңгерушісі, тексеру комиссиның төрағасы, мәслихаттың хатшысы.
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

Садыков Кайрбек Кажыбаевич- 2012 жылы 19 қаңтарынан бесінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы

Садыков Кайрбек Кажыбаевич 1961 жылы 29 қазанда Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған, қазақ, білімі жоғары. 1987 жылы Семей зоотехникалық ветеринарлық институтын, 2006 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын бітірген.Еңбек қызметін Қарағанды облысы Нуринск ауданында «Трудовик» совхозында ветеринарлық дәрігері, ветеринарлық лабараторияның директоры болып бастаған. Сосын Бородулиха ауданында колхоз төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1997 жылдан Бесқарағай аудандық әкімдігінің бас маманы, Урджар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары. Бесінші және алтыншы шақырылымдағы Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаты және хатшысы болып сайланды.