Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Глубокое аудандық мәслихатының тарихы

Глубокое аудандық мәслихаты

Елімізде жергілікті өзін-өзі басқару мәслихаттар арқылы жүргізіледі, мемлекетті басқару жүйесінің өзі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органының – мәслихаттардың болуын көздейді.

Мәслихат – бес жыл мерзімге облыстың, ауданның немесе қаланың тұрғындары сайлайтын сайланатын орган.

Мәслихаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғындардың мүддесін ұстанады және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отыра оларды жүзеге асыру үшін тиісті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асыруын бақылайды.

1993 жылы 10 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Сенатында «Қазақстан Републикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына және атына маңызды өзгерістер енгізді. Жергілікті өкілді органдар мәслихат – депутаттардың жиналысы деп аталды, олар облыстың, ауданның және қалалардың аумағында сайлана бастады.

1994 жылы 7 наурызда Республикада алғашқы жаңа өкілді органның сайлауы болды. Глубокое аудандық мәслихатына мәслихат – депутаттар жиналысының 1 шақырылымында (1994-1999жж.) 21 депутат сайланды. Депутаттық корпустың құрамы ауқымды және кең болды, олардың арасында кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары, дәрігерлер, мұғалімдер, зейнеткерлер болды. Тәжірибелі өмірді білетін, адамдарға пайдасы көп депутаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу үшін көп маңызды ұсыныстар енгізді, ол бюджетті ұлғайтуға, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелеріне көзқарасты өзгертуге, яғни сайлаушылардың өмірлерін жақсартуды көздеді.

Глубокое аудандық мәслихаты – мәслихаттар жиналысының бірінші сессиясында депутаттар бірауыздан Сарсембаев Орал Сахабаевичті хатшы етіп сайлады, ол 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін жұмыс істеді, 1996 жылдан бастап 2003 жылға дейін мәслихатты Тарасов Владимир Григорьевич басқарды, ол екінші шақырылымда да хатшы болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 3-бөлімінің 86-тарауына сәйкес 1995 жылы 30 тамызда болған бүкіл халықтық референдумда өкілді органдар мәслихаттар деп аталды.

Екінші шақырылымнан бастап (1993-2003жж.) аудандық мәслихатқа 15 депутат сайланды.

Үшінші (2003-2007жж) және төртінші (2007-2012жж.) хатшысы болып Брагинец Александр Петрович жұмыс істеді, ол қатарынан төрт шақырылымның депутаты болып сайланды. Өткен жылдардың шақырылымында аудан тұрғындары мына депутаттарға екі реттен сайлап сенім білдірді: Асанов Ақылбек Жадықпаевич, Авдеев Александр Евгеньевич, Ефимов Николай Николаевич, Омарғалиев Бауыржан, Либерт Любовь Андреевна, Палагин Анатолий Иванович,  Сергиенко Владимир Васильевич, Сивко Борис Семенович, Тарасов Владимир Григорьевич. Шелухин Борис Васильевич ауданның депутаттық корпусына үш рет сайланды.

Әрекеттегі бесінші шақырылымның хатшысы болып Баймульдинов Әкімғазы Асанович сайланды. Бесінші шақырылған Глубокое аудандық мәслихатының депутаттық корпусы өзінің өкілеттігін 2012 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырып келеді, оның құрамында 15 депутат бар.

Бүгін ауданның депутаттық корпусында: 12 ер, 3 әйел бар, олардың: 12 депутат жоғары білімді, 3 - арнаулы орта білімді. 12 депутат басшылық қызметте жұмыс істейді, олардың 4-еуі аграрлық секторда жұмыс істейді. 13 депутат «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады, 1 -  «Ауыл» социал-демократиялық партиясының өкілі, 1- партияның мүшелігінде жоқ.

Бурдаков Александр Иванович («Уваровское» шаруа қожалығының басшысы) - № 12 сайлау округінің басшысы Республикада өкілді органдар құрылғаннан бастап қатарынан бес шақырылымның депутаты болып келеді.

Мирошниченко Владимир Афанасьевич («ЦШПВАСС» РМКК ШӘТҚВ филиалының директоры) - № 3 сайлау округінің депутаты, Журба Николай Михайлович – («Кировское» КМК міндетін атқарушы) - № 10 сайлау округінің депутаты, Соколов Сергей Александрович (Глубокое БЖСМ жаттықтырушы-ұстаз) - № 14 сайлау округінің депутаты, аудандық мәслихатқа екі рет депутат болып сайланды. Олардың тәжірибелері және білімдері депутаттық корпус жұмысының тиімділігін арттырады.

Барлық депутаттар жеткілікті түрде жоғарғы деңгейдегі кәсіп иелері, өмірлік тәжірибелері бар, бүгінгі міндеттерді дұрыс бағалап және олардың шешу жолдарын дұрыс айқындайды.

Аудандық мәслихат жұмысының негізгі түрі сессия және тұрақты комиссиялар отырысы болып табылады, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзекті мәселелер қаралады және аудан аумағында міндетті түрде орындалуы үшін нақты шешімдер қабылданады.

Депутаттар жиындарда және аудан әкімінің есептік кездесулерінде және тиісті округтердің әкімдерінің есептік кездесулеріне қатысады. Сайлаушыларды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге тырысады – ол бірінші кезекте сумен жабдықтау; жылумен қамту; көшелерді жарықтандыру; денсаулық сақтау саласында сапалы қызметті арттыру; білім беру объектілерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; ауылдар мен кенттерді абаттандыру; қардан жолдарды тазалау.

Ауданның депутаттық корпусы өз қызметін депутаттықпен табысты жалғастырып келеді – сессия мен тұрақты комиссия отырыстарына белсене қатысады, қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді, сайлаушылармен кездеседі. Ең белсенді депутаттарды атап өту қажет, олар: Бурдаков Александр Иванович, Соколов Сергей Александрович, Ахмадиев Ришат Канетович, Абильмажинова Гүлмира Мамырбекқызы, Коротков Александр Александрович және т.б.

«Уварово» ш/қ басшысы А.И. Бурдаков, «Виситаев» ш/қ басшысы Р.К. Виситаев, «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС директоры А.А. Коротков мектептің оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыруға демеушілік көмек көрсетеді, өздерінің сайлау округтерінде аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмектеседі.

Депутаттар қоғамдық бастамада ғана жұмыс істейтіндерін атап өту қажет. Не істесе де риясыз, біздің ауданның гүлденуі үшін жасайды.