Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Зырян ауданы мәслихатының тарихы

Мәслихат өркендеп, күш жинауда
Егеменді тәуелсіз Қазақстанға мемлекеттік органның жаңа жүйесін құрған уақыттан бері 20 жыл өтті. Бұл уақыт осы кезеңде Қазақстан Республикасында атқарылған үлкен жұмыстардың кейбір қорытындыларын жасауға мүмкіндік береді. 
Біздің тілшінің сұрақтарына Зырян ауданының мәслихат хатшысы Галина Денисова жауап береді.
- 20 жыл – еліміздің дамуы үшін үлкен мерзім емес. Бірақ ол белгілі қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Бәрі қалай басталғаны есіңізде ме?
- Сөзсіз. Тоқсаныншы жылдардың күрделі кезеңін ұмыту мүмкін емес. Қазақстан Республикасының құрылуымен, егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде, совет жүйесін бөлшектеу және мемлекеттік өкіметті құру мәселесі шешілді: заң шығарушы (өкілетті), атқарушы және сот. Осылайша халық Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен, бүкілхалықтық талқылаудан кейін президенттік басқару тәртібін таңдайды. Мәслихаттар қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін- өзі басқару туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының Конституциясымен регламенттеледі, мұнда жергілікті өкілетті сайлаушы орган мәслихат туралы түсінік берілген, бес жылда бір рет аудан халқымен сайланады және Республика Парламентінен тәуелсіз болып табылады.   
- мәслихаттың бірінші сайлауы және депутаттары қандай болды, бұрында қалалық кеңестің 150 депутаты атқарған жұмыстарды 16 халықтың қалаулысының әрбіреуі жасау керек болды? 
- Жаңа депутаттық корпустың бірінші сайлауы 1994 жылдың наурызында болды. Республикада өтті, соның ішінде Зырян ауданында, лайықты тұрде өтті: бұзушылықсыз және кедергісіз. Зырян ауданының мәслихат хатшысы етіп Василий Цыбра сайланды. Оның артында үлкен партиялық және кеңесік жұмыс тәжірибесі бар. Қалалықтар оны идеология бойынша партияның қалалық комитетінің хатшысы, «Алькор» зауытының директоры, партиялық бақылау төрағасы ретінде білетін. Еңбекқор, байсалды, белсенді Василий Кузьмичтен артық осы жұмысқа басқа тұлға болмады. Ол депутаттық корпустың нағыз басшысы болды, халық қалаулыларының жұмысын дұрыс арнаға бағыттай алды. Василий Цыбра осы лауазымда 2000 жылға дейін адал қызмет етті – құрметті демалысқа кеткенше.    
Бірінші шақырылған аудандық мәслихаттың он алты депутаты жұмыстағы жоғары белсенділікпен ерекшеленді. Жаңа өкілетті органның тәжірибесі жиналмаған болатын, сондықтан әрбіреуіне өзінің қоғамдық-саяси қызмет саласында өз бетінше білім алумен шұғылдануға тура келді. Бірінші шақырылым депутаттары үшін (1994-1999 жылдар) аса маңызды болған мәселелер халықты әлеуметтік қорғау, халықтың мұқтаж санаты: мүгедектер, соғыс ардагерлері және зейнеткерлер үшін атаулы көмек. Мәслихат сессияларында жұмыс істемейтін зейнеткерлерді қала ішілік жолаушылар көлігімен тегін жүруді қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Бір мезгілде экономика, ТКШ жүйесін, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселелерімен және тағы да бір қатар ағымды мәселелермен айналысу қажет болды. Мәселелерді талқылау кезінде депутаттар жұмыспен қамту, жұмыссыздыққа жол бермеу, жаңа жұмыс орындарын құру және т.б. мақсатында ең алдымен аудан халқының барлық топтарының ықыласынан бастау алды.  
Жаңа депутаттық корпустың жұмысына ылғида Зырян ауданының әкімі және оның аппарат қызметкерлері үлкен көмек көрсетті.
- Бірінші шақырылым депутаттарының ішінде жұмыста үлгі алатындар болды ма?
- Әрине ондайлар болды. Бірақ белсенді адамдардың ішінен жұмысқа ең қаблетті және іскерлікті таңдау қиын. Дегенмен, қазіргі басшылардың ақпараты бойынша бірінші шақырылған депутаттардың қызметіне   Любовь Агиенконы, Вера Кутепованы, Николай Шапоревты және Юрий Дроздовты жатқызуға болады.
- Менің білуімше, Сіз екінші шақырылым депутаттарының ішінде болдыңыз. Бұл қалай болды? Уақыты жеткенде жұмыс тәжірибесі арта түседі, екінші шақырылым депутаттарының тәжірибелері көбірек деп айтуға бола ма?
- Иә, мен 2000 жылдан бастап екінші шақырылым мәслихат депутаты етіп сайландым, ауданның үкіметтік өкілдік органын басқарамын. Екінші шақырылған депутаттық корпус құрамында 16 депутат жұмыс атқарды. Олардың 8 халық қалаулылары «Казцинк» ЖШС қала түзуші кәсіпорынынан, екі депутат Серебрянск округі мүддесін өкілдік етеді, біреуі – Жаңа Бұқтырма кентінен, бес депутат – ауылдық округінен сайланған.
Тәжірибеге қатысты – еліміз дамып, айналамыздағы өмір өзгеріп келеді, осы өзгерістер мен түрленуде табысқа жету қажет. Жұмыс барысында тәжірибе алдық.  Барлығы бірден бола бермейді, бірақ айтылған шақырылымның әр депутаты сауалдарға және өздерінің сайлаушыларының мүддесіне сәйкес болуға тырысты. Екінші шақырылым депутаттарының жұмысының ерекшелігі, олардың қызметтерінің басталуы жаңа, жас тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құруды жалғастыру жағдайында өткендігі. Осы шақырылымның депутаттары бір қатар заңнамалық актілерге, Президент Жолдауына және басқа да маңызды мемлекеттік шешімдерге толықтырулар мен өзгерістерді насихаттаумен көп жұмыс атқарды.
- Уақыт өтіп және өзінің түзетулерін енгізуде. Бір шақырылмның жұмысы екінші шақырылымнан айырмашылығы бар ма немесе мәселелер қайталанып тек депутаттардың тектері ғана ауысты ма?
- Жоқ! Әр шақырылым – бұл мүлде басқа сұрақтар мен мәселелер шоғыры, депутаттар қызметінің әртүрлі әдісі және тәсілі. Жұмыс сабақтасытығы депутаттық корпуста тұрақты тіркеу алды. Уақыты жеткенде депутаттық корпустың жұмысына нақты және міндетті жүйе келді, бірізділік пайда болды. Аудандық мәслихаттың жұмысы толығымен жоспарлық-бағдарламалық қағидасы бойынша жетіле бастады.
Мысалы, үшінші шақырылыған аудандық мәслихат депутаттары алдыңғы шақырылымның депутаттық корпусының барлық істерін оңай және тез қолдады. Жұмыс сабақтасытығы депутаттық корпуста тұрақты тіркеу алды. Депутаттар: Анатолий Кузнецов, Вера Микова, Владимир Салиенко Ломоносова және Панфилова көшелерінің жолын жөндеу мәселелерін шешуде белсенді жұмыс атқарды, ОДА ауруханаларын жөндеу мәселелерін көтерді, көшелерді және аулаларды жарықтардыру, бағдаршам орнату және басқалар.
Депутаттар Валерий Ивенко, Нуржан Мамырбаев, Сергей Зубарев, Шынғыс Байдаулетов қайтыс болған адамдарды жерлеу орындарын беру, Лесная Пристань – Быково жолдарын жөндеу және басқа мәселелерді шешуге белсенді қатысты.
Аудан мектептерін телефондандыру, компьютерлендіру жұмыстарын үшінші шақырылым депутаттары бастады, ал қалған шақырылымдардың халық қалаулылары осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра алды. Аудан мектептерінде қажетті көлемде мультимедиялық кабинеттер, мемлекеттік тілді оқу орталығы пайда болды, ауданның әлеуметтік маңызы бар нысандарында жұмыстар басталды.
Сайлаушылар аманаты бойынша Жаңа Калиновка ауылында көпір күрделі жөнделді, Парыгино ауылының жолын себу жүргізілді, Путинцево ауылының жолына ағымды жөндеу жүргізілді және басқа. Депутаттар ауыл мәселелерін батыл көтере бастады. Мысалы, төртінші және бесінші шақырылымдар депутаты Қайрат Букежанов және Владимир Поросятьев ауылдың бір қатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерін ғана шешіп қоймай, бірнеше ауылдық нысандарды сатып алу, жөндеу және жайластыруға үлкен қаржылық көмек көрсетті. 
Бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттары өте жоғары белсенділік танытты. Олардың арасында неғұрлым белсенді және бастамшылдықтарын бөліп көрсету мүмкін емес. Әрбір 16 депутат өз жұмысы үшін жалақы алатындай жұмыс істейді. Барлығына белгілі, депутат жұмысы үшін ешкімде ақы төлемейді, жан және жүрек қалауымен жүргізіледі.    
Халық қалаулылары сайлаушылар алдында есеп беруге аса байсалдылықпен қарайды. Оны үнемі және үлкен қызығушылықпен жасайды.  Депутаттар Олег Ледянкин, Евгений Безуглов, Раиса Карагужина, Наталья Горбачева, Сергей Пантелеев, Сандыгаш Мангулова, Ринат Джангурчинов, Лидия Попова, Лариса Синицына, Адлет Байбуринов, Ибрагим  Балгабеков, Петр Потапенко жұмысқа өздерінің бағасыз үлесін қосады.  Елпек және жұмыста белсенді облыстық мәслихат депутаттары  Аскар Уразов и Юрий Свиридов. Барлығы бірге депутаттар қай істе болсын табысқа жетуге қабілетті. 2014 жылдың үш айында Зырян ауданының депутаттық корпусы жеке қабылдауларда 180 сайлаушыны қабылдады, әртүрлі инстанцияларға 87 депутаттық сауал жіберілген.
- Келіп түскен және пайда болған мәселелерді ауданның, қаланың бірінші басшыларымен, бөлімдер және қызмет басшыларымен шешіле ме?
- Міндетті түрде. Екі жылдан артық жұмыс барысында қазіргі депутаттар көптеген рет аудан әкімі Ермак Салимовпен және қала әкімі Лариса Гречушниковамен кездесті. Бесінші шақырылған депутаттық корпус – партиялық бақылау посттарының принципшіл және қатал мүшелері. Олар құрылыс нысандарының жиі қонағы. Осындай әр рейдтің қорытындылары депутаттармен қажетті инстанцияларға жеткізіліп, барлық деңгейдегі басшылардан қолдау көреді.
- Сізде депутаттық корпустың басшысы және Зырян ауданының қазіргі депутат ретінде, жұмыс күнінің шегі және демалыс күндері жоқ, Сізде зор тәжірибе бар және осыған мұқжатдың әрбіреуімен бөлісесіз – бұл машақты, бұл бар бос уақытты алады. Сізге тыныштық керек жоқ па?  
- Жоқ. Және ешқашан керек болған емес. Бұл сұраққа үнемі, тыныштық тек қана біздің түсімізге енеді деп жауап береді. Ал менің тіпті ұйқым келмейді. Мен – қозғалыс үшін: үнемі, мақсатты, біздің қасымыздағылардың игілігі үшін. Біздің депутаттық корпуста осылай санайды деген сенімдімін.

Интервьюді Надежда Акулова жүргізді.