Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Көкпекті аудандық мәслихатының тарихы

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы басқа да маңызды тапсырмалармен қоса жергілікті мемлекеттік басқарудың өзіндік үлгісін, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыретін, оларды ұйымдастыру тәртібі мен қызметін анықтады. Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы бойынша мәслихаттардың жергілікті өкілді органдар болып құрылуына 20 жыл толды.

Өзгерістік кезең болып 1993 жылдың 10 желтоқсаны болып табылады, бұл кезде Республикалық Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.

Мәслихаттар – депутаттар жиналысы жергілікті халықтың еркіндігін өкілдік ететін және өз құзіреті шегінде қызметін дербес атқаратын және тігінен бағыншылық қатары қатынасымен байланыспайтын мемлекеттік орган болып танылды.

1994 жылы 7 наурызда бірінші шақырылым депутаттары сайланды (1994-1999 жж). Көкпекті аудандық мәслихатына – депутаттар жиналысына 12 депутат сайланды. Көкпекті аудандық мәслихатының – депутаттар жиналысының бірінші сессиясы 1994 жылы 5 сәуірде өтті. Мәслихат – депутаттар жиналысының хатшысы болып №2 сайлау пунктінің детутаты Марат Отарович Ибрагимов тағайындалды. М.О. Ибрагимов көп жылдар бойы Көкпекті ауданының партиялық органдарында қызмет атқарған. Тағайындалу кезінде бірнеше рет халық депутаттары аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды.

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру жөнiндегi бұдан былайға шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы № 3483 Жарлығына сәйкес Көкпекті ауданының шекарасы өзгертілді, Шығыс-Қазақстан облысының таратылған Самар ауданы аудан аумағына енгізілді. 1995 жылдың қаңтарынан 1997 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде Самар аудандық мәслихат – депутаттар жиналысының хатшысы Людмила Петровна Бочкарева болды.

1997 жылы 31 шілдеде Көкпекті аудандық мәслихатының бірінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы болып Миролюбовка №13 сайлау пунктінен Людмила Пертовна Бочкарева тағайындалды. Л.П. Бочкарева төрт шақырылым бойы, 2011 жылдың сәуір айына дейін Көкпекті аудандық мәслихатының хатшы қызметін атқарды, Шығыс қазақстан облысының өкілді органдарының құрылуына және әрі қарай дамыуына үлкен үлес қосты. 1997 жылдан 1999 жылға дейін Көкпекті аудандық мәслихатының құрамында 25 депутат қызмет атқарды.

1999 жылдың 18 қарашасында аудандық мәслихаттың екінші шақырылымының депутаттық корпусы жұмысын бастады, 2003 жылдың 24 қазанында – үшінші шақырылым, 2007 жылдың 23 тамызында – төртінші шақырылым, 2012 жылдың 15 қаңтарында – бесінші шақырылым.

Екінші шақырылымнан бастап ауданның депутаттық корпусына 13 депутат сайланады.

Барлық 5 шақырылым бойы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттық корпусына табыскер агро құрылымдар және кәсіпорындар жетекшілері, мемлекеттік мекемелер басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. кірді. Аталған азаматтардың көбі әртүрлі қызмет саласында өз істерін жүзеге асырды, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен бірге оларжауапты, қоғамдық маңызды іс атқаратын, негізгі жұмыстан босатпайтын немесе ешқандай артықшылық бермейтін, бірақ біршама уақыт және күшті қажет ететін депутат қызметін атқаруда.

Осы себепті, оған қоса мәслихаттың 20 жылдық мерейтойына орай төрт шақырылым бойы мәслихат депутаттары болып сайланған Людмила Петровна Бочкареваны (1,2,3,4), Любовь Николаевна Митякинаны (3,4), Анарбек Данабекович Ахатовты (2,3,4,5) атап алғыс бірдіреміз. Біздің депутаттарымыздың арасында сайлаушылар сенім білдіріп бірнеше шақырылым бойы сайланғандар бар. Олар үш шақырылым бойы сайланған – Ахмет Баяндинович Тананов (1,3,4), Кульпану Зайнолдаевна Кожаева (3,4,5), Айша Калибековна Бикатова (2,3,4), екі шақырылым бойы сайланған – Александр Алексеевич Резников (1,2), Галина Михайловна Орсаева (2,3), Нурлан Кусманович Аубакиров (3,4), Карлыгаш Сайфутдиновна Жумажанова (3,4), Жумабек Курмашевич Кушукпаев (3,4), Ольга Ивановна Карканица (4,5), Даурен Адилханович Сарсенбаев (4,5), Рамзи Сабирович Беспаев (4,5).

2012 жылдың 20 қаңтарында Көкпекті аудандық мәслихатының бесінші шақырылымының  бірінші сессиясында №6 Үлгілімалшы сайлау пунктінің депутаты Рамзи Сабирович Беспаев мәслихат хатшысы болып тағайындалды.

Бүгінгі күні Көкпекті аудандық мәслихаты айтарлықтай жоғары кәсіби деңгеудегі тәжірибелі, бүгінгі міндеттерін бағалай білетін және оларды шешу жолдарын таба білетін азаматтармен ұсынылған. Алдағы өткен жылдарда жоспарланған, халықтың тұрмысын сапалы жақсартуға бағытталған, ауданды кешенді дамытудың позитивті үрдісін сақтау және нығайту, әрі қарай түрлендіру - депутаттардың қызметі осындай басты мақсатқа бағытталған.

Аудандық мәслихат депутаттары ауданнның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысады. Өз жұмыстарында сайлаушылардың еркіне жүгінеді, аудан тіршілігіндегі мәселелер бойынша қоғамдық ой-пікірлерді зерттейді, мәселелерге назар салып оларды шешу жолдарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесім табады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асырады. Депутаттардың басты міндеті әрекеттегі заңнама шеңберінде аудандық мәслихаттың қызметін әрі қарай жетілдіру үшін барлық жағдайды жасау, жұмыстағы алдыңғы қатарлы міндетті бекіту және жалғастыру болып табылады. Әр қадамдарын сайлаушылардың тілектері және мүдделеріне сәйкестендіру.

Көкпекті аудандық мәслихатының хатшылары (I-V шақырылым)

І шақырылым (1944 жылғы наурыз – 1999 жылғы қараша):

Марат Отарович Ибрагимов (1994 ж 5 сәуір – 1997 ж 31 шілде) - Көкпекті аудандық мәслихатының – депутаттар жиналысының хатшысы

Людмила Петровна Бочкарева (1995 ж қаңтар – 1997 ж 31 шілде) - Самар аудандық мәслихатының – депутаттар жиналысының хатшысы

Людмила Петровна Бочкарева (1997 ж 31 шілде – 1999 ж 18 қараша) - Көкпекті аудандық мәслихатының – депутаттар жиналысының хатшысы

ІІ шақырылым (1999 жыл 18 қараша – 2003 жыл 24 қазан):

Людмила Петровна Бочкарева - Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы

ІІІ шақырылым (2003 жыл 24 қазан – 2007 жыл 23 тамыз):

Людмила Петровна Бочкарева - Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы

ІV шақырылым (2007 жыл 23 тамыз – 2012 жыл 20 қаңтар):

Людмила Петровна Бочкарева (2007 ж 23 тамыз – 2011ж сәуір) - Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы

Рамзи Сабирович Беспаев (2011ж сәуір – 2012ж 20 қаңтар) - Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы

V шақырылым (2012 жыл 20 қаңтар – қазіргі уақытқа дейін):

Рамзи Сабирович Беспаев - Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы