Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Күршім аудандық мәслихатының тарихы

Мәслихаттар - халық демократиясы дәуірінің құралы ретінде

Ел тәуелсіздігін алған соң, 1991 жылы жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.  Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару нысанындағы біртұтас унитарлы мемлекет ретінде жариялады. Бұл тарихи кезеңдегі жаңа мемлекеттің күн тәртібіндегі басты мәселе мемлекетті басқарудың дәуір талаптарына жауап беретін жаңа, заманауи үлгісін қалыптастыру болып табылды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың тікелей басшылығымен өкілді, атқарушы, сот биліктері, бұқаралық ақпарат құралдары  тармақтарының қалыптасуы жүрді.  

Ең маңызды мәселе билік заңдылығы болды.  Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді» - деп, алтын әріптермен жазылды.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында халық билігі формальді түрде жүзеге асырылғаны белгілі. Халық билігі, шындығында, барлық деңгейдегі атқарушы органдармен құрылған барлық деңгейдегі сайланбалы кеңестер арқылы жүзеге асырылды.
Айта кету керек, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі облыстық, аудандық және ауылдық кеңестер жалпыға бірдей дауыс беру арқылы бүкілхалықтық сайлауда сайланды, бұл ретте олардың жұмыс органдары атқарушы комитеттермен қалыптасты.
Халық билігінің келбеті осылайша қалыптасты, сайып келгенде, барлық билік атқарушы биліктегі шенеуніктердің қолында болды. Осы себепті, атқарушы органдардың нақты сайланған Кеңестері  оларға қажетті құжаттарды ешкіммен талқыламай әзірледі және бекітті. Айта кету керек, атқарушы билік органдарының өздері, өз кезегінде, Кеңес Одағының Коммунистік партиясының толық және қатаң бақылауында болды. Атқарушы комитеттің төрағаларын, мүшелерін тағайындау – бұның барлығын партиялық органдар шешті.

Мемлекетті жаңа жағдайларда одан әрі дамыту үшін басқарудың жаңа жүйесін құру қажет болды. Және бұл жүйе құрылды.
Елде биліктің жоғары өкілді органы болып өз қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын, өз кезегінде, бес жыл мерзімге сайланатын Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылатындығы туралы шешім қабылданды. 
Жергілікті деңгейде бұрынғы кеңестердің орнына құрылымы мен жұмыс тәсілдері бойынша түбегейлі ерекшеленетін, мәслихаттар пайда болды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының барлық Кеңестері өзін-өзі тарату туралы қарар қабылдады. Осыдан соң, сайлау арқылы жаңа билік негіздерін қалыптастыруға дайындық жұмыстары басталды.
1994 жылдың ақпан айында халықтың саяси белсенділігінің жоғары кезеңінде елдің жоғарғы өкілді билік органы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және бір мезгілде - барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өтті.
Бұл сайлау нәтижесінде, атап айтқанда, Күршім аудандық мәслихатына 17 депутат, Марқакөл аудандық мәслихатына да 17 депутат сайланды. Әділ сайыста екі ауданның тұрғындары балама кандидаттардың қатысуымен өзінің лайықты ұлдары мен қыздарын сайлады. Мысалы, Күршім аудандық мәслихатының алғашқы депутаттары болып: аудандық агробанк бөлімшесінің меңгерушісі Генцельман Мэри Адольфовна, балалар дәрігері Камиев Тоқтажан, аудандық ауыл шаруашылығы буынының басшылары Мәдиев Алтынғазы және Тайғаранов Сембай және т.б., Марқакөл мәслихатының бірінші депутаттары болып: білім беру ісінің үздігі Жұманов Сайлау Сергазыұлы, жеке кәсіпкер Әзімбаев Жанат Зайнолдабекұлы, шаруа қожалықтарының тәжірибелі басшылары Жакупов Даукен мен Сарғасқаев Набикен және басқалар. Күршім аудандық мәслихатының бірінші хатшысы болып Ақтекенов Есманбек Адайұлы, Марқакөл аудандық мәслихатының бірінші хатшысы болып Кулиманов Алтай Ералыұлы сайланды.

Бірінші шақырылған мәслихаттарды қиын және жауапты жұмыс күтіп тұрды. Шенеуніктердің қарауға және бекітуге ұсынған құжаттарын көзбайламға салып бекіту әдеттерінен аулақтау қажет болды. Шындығын айтсақ, екі аудан біріккенге дейін өкілді биліктің уәкілді халық қалаулылары ретінде екі ауданның мәслихат депутаттары үш жыл бойы саяси жұмыс тәжірибесін жинақтап, мәслихат сессияларында жеткілікті дәрежеде салмақты, саналы шешімдер қабылдады.
1997 жылдың көктемінде екі аудан депутаттарының бірінші бірлескен шақырылымында екі аудан біріккен кезеңдегі туындаған қиыншылықтардың шешілуін ұйымдастыру талап етілді. Екі ауданның бірігуіне орай  аудандық мәслихаттың бірлескен сессиясында бұрынғы екі ауданның депутаттары екі жылдан астам өзара жан-жақты талқылаудан кейін бірауыздан шешім қабылдады.    

Осы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаттығына аса жауапкершілікпен қарайтын халықтың лайықты өкілдері сайланды. Айта кету керек, 2007 жылы да 2012 жылы да аудандық мәслихат депутаттарын сайлау кезінде өкілдікті кеңінен қамтамасыз ету мақсатында депутаттық орынға кем дегенде 2-3 кандидат халықтың қарауына ұсынылды. Осындай таңдаудың нәтижесінде 5-ші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы жемісті бола бастады.
20 жыл ішінде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының озық тәжірибелерін ескере отырып, мүлде жаңа жұмыс жүйесі қалыптасты. Осылайша, қазіргі уақытта, депутаттардың өз сайлаушыларымен тікелей тұрақты байланысына көп көңіл бөлінеді. Бұл жұмыс екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Депутаттар өз сайлаушыларымен кездеседі, әрбір өтініш және арыз-шағым олармен мұқият зерттеледі, сол арқылы тікелей сайлаушылармен байланыс қалыптастыра отырып, депутаттардың сауалдары уақтылы орындалады, сайлаушылардан түскен арыз-шағымдар қаралады және орындалған жұмыстар туралы депутаттардың есебі тыңдалады, лекциялар оқылады, ақпараттар беріледі.
Аудандық мәслихат депутаттарының қызметі үнемі жетілдіріліп, кәсіби деңгейге ұласып келе жатқандығы жөнінде мәслихат аппараты атап өтті. Өз сайлау округінің мүдделерін ескере отырып, депутаттар тұрақты комиссиялар жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бұның барлығы сессияны өткізу кезінде депутаттардың жұмысына оң әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта сайлаушылармен жұмыс жүргізудің  нысандары мен әдістері үш басым бағыт бойынша жетілдірілуде.
Бірінші, мәслихат депутаттары өз округі сайлаушыларының барлық өзекті қажеттіліктеріне тікелей үн қату мүмкіндігін қолдана отырып өз сайлаушыларымен үнемі тығыз байланыста болу.
Екіншіден, сайлаушылармен тығыз қарым-қатынаста болудың өзі депутаттың өзіндік  өсуіне, саяси ұстанымының, депутат ретінде өсу мүмкіндіктерінің кеңейуіне елеулі негіз болады.   
Үшінші, егер осы депутаттың электораты оның жұмысына риза болса, онда депутаттың өзінде келесі сайлауда да ол үшін дауыс беруге жақсы алғышарттар қалыптасады.
Аудандық депутаттардың аталған бағыттағы жұмыстары  тұтастай алғанда аудан экономикасының жалпы дамуына оң әсер етеді.
Егер өткен жылмен салыстырса 2013 жылы ет 4,9 пайызға, сүт мал басы түрлерін ұлғайту есебінен 3 пайызға артық өндірілді, жүн өндіру 4,7 пайызға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы құны 18,6 миллиард теңгеге жетті.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға қайтарымсыз негізде 125 миллион теңге сомасында көмек көрсетілді. Ірі қараны асылдандыруға бағыт алынды.
Ауданда тірек ауылдар жедел қарқынмен дамуда. 2012-2013 жылдары төрт тірек ауылында 767 миллион теңге сомасына 149 іс-шаралар жүзеге асырылды. Осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасуда.
Ауданішілік жолдарды жөндеу сапасы айтарлықтай жақсаруда. Бұқтырма су қоймасындағы  "Қызыл ту" өткелінде дизель-электроход  іске қосылды.
Аудан тұрғындарын телефон байланысымен қамту мәселесі шешілді.

Аудан  білім беру, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту саласындағы жас мамандар саны бойынша алдыңғы қатардан берік орын алады.  
Халықты әлеуметтік қорғау органдарының жұмысы стандарттарға сәйкес толық көлемде жүргізілуде,  аудандық денсаулық сақтау саласы артық формализмнен арылды.
Аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 20 – жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, өкілді билік органдары аудан тұрғындарының оларға жүктелген жоғары сенімін ақтай отырып, жемісті еңбек етуін жалғастыруда