Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Ұлан аудандық мәслихатының тарихы

Қазақстан республикасының мәслихаттарына – 20 жыл

2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының жергілікті өкілді органдар ретінде құрылғанына 20 жыл толады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына байланысты жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, оларды ұйымдастыру тәртібін және қызметінайқындады.
1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңын қабылдады. Бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардыңатауы мен құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Заңда облыс, аудан, қала аумағында халықтың өкілді органы болып мәслихат – депутаттар жиналысы табылатындығы айқындалған. Бұл жерде жергілікті өкілді органдардың жай ғана атауы емес, түбірімен мәнісі өзгергенін атап өту керек. Аумақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қалыптастасқан жергілікті кеңестерден айырмашылығы, мәслихаттар-депутаттар жиналысы облыстарда, облыстық және республикалық маңызы бар аудандар мен қалаларда және астанада ғана сайланды. Мәслихаттар-депутаттар жиналыстары іс жүзінде жергілікті халықтың еркін білдіретін және қызметiн өзiнiң құзыретi шегiнде дербес жүзеге асыратын және тiкелей қосымша бағыныстылықта болмайтынмемлекеттік органдар болып танылды.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Оның 3-тарауының 86-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдар мәслихаттар деп аталады. Сонымен еліміздің негізгі Заңы жергілікті мемлекеттік басқарудың негіздерін бекітіп, оған жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатқызылды, олардың әлеуметтік ролі мен функцияларын анықтады, жергілікті өкілді органдардың атауын және олардың өкілеттік мерзімін өзгертті, олардың мәртебесін реттейтін арнайы заңның қабылдануы үшін алғышарттар жасады.
Бұдан әрі 2001 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Заңның 1-тарауының 1-бабы мәслихаттарға анықтама береді. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесоны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілді. Жаңа редакциядағы ҚР Конституциясының 89-бабында 2007 жылғы 21 мамырдағы өзгерістерімен бірге, мәслихаттардың ролінің айтарлықтай артуы қарастырылған, олар пәрменді жергілікті өзін-өзі басқарудың атынан шығатын болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті мәслихаттың келісімімен әкімдер тағайындалады.
Мәслихаттар 5 жылға сайлана бастады.
1994 жылғы 7 наурызда елдің жаңа өкілді органдарына - бірінші шақырылған мәслихаттар-депутаттар жиналыстарына депутаттар сайлауы болып өтті (1994-1999 жылдар).
Ұлан аудандық мәслихаты – депутаттар жиналысына 17 депутат сайланды. Ұлан аудандық  мәслихаты-депутаттар жиналысының бірінші сессиясы 1994 жылғы 29 наурызда болып өтті. Аудандық мәслихат-депутаттар жиналысының хатшысы болып № 3 Ұлан сайлау округінен депутат Жанболат Кенесұлы Кокбаев  бірауыздан сайланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы № 3483 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес Ұлан ауданының  шекаралары өзгертіліп, аумағына таратылған Таврия ауданы қосылды.1994 жылдан 1996 жылдың шілде айына дейін Таврия аудандық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы болып Виктор Константинович Ворошилов №4 Пролетар сайлау округінен сайланған.
1999 жылғы 9 қарашада екінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттар корпусы, 2003 жылғы 14 қазанда – үшінші шақырылымның, 2007 жылғы 4 қырқүйектен – төртінші шақырылымның, 2012 жылғы 19 қаңтарда – бесінші шақырылымның депутаттар корпусы өз жұмысын бастады.
1999 жылғы қараша айынан бастап екінші және үшінші шақырылымда аудандық мәслихат хатшысы болып Машибаева Сарқыт Какышевна сайланды. 2007 жылдың 4 қырқүйегінен бастап аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынбаев Дінмухамет Ернісұлы сайланды.
Мәслихаттардың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бірнеше шақырылым бойы аудандық мәслихат депутаты болып сайланып келген депутаттарды атап өтіп, алғыс айтқымыз келеді.Төрт шақырылымның депутаты Гладышев Василий Степанович ;үш шақырылымның депутаттары – Жакупов Бекен Жұмажанұлы, Барков Анатолий Борисович, Машибаева Саркыт Какышқызы, Кусаинов Мурат Манарбекұлы; екі шақырылымның депутаттары –Позднякова Галина Алексеевна, Гринишин Юрий Петрович, Мырзағалиұлы Серік, Ақбердинов Ғажмурат ,  Таинов Сакен Айтқазыұлы, Сулейменов Мырзахан Темірханұлы, Бельчуевский Сергей Васильевич, Тилеужан Нуртай .
Бесінші шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының бірінші сессиясында 2012 жылғы 19 қаңтарда хатшы болып № 12 Тарғын сайлау округінен депутат  Сейсембина Назигуль Өсерқызы сайланды.
Бүгінгі күні Ұлан аудандық мәслихаты атқарушы органдармен бірлесіп Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған жобаларды іске асыруды өзіне міндет етіп қойып отыр.
Әр депутат депутаттық қызметінің жоспарларында аудан алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси міндеттерді шешуге жеке қатысуы бойынша нақты шараларды айқындайды.
Әрдайым еліміздің ертеңі мен нұрлы болашағына деген біздің сенімімізді нығая түссін! Сіздерге және сіздердің туған-туыстарынызға баянды бақыт, зор денсаулық тілеймін! Барлық бастамаларыңыз нәтижелі, келешектеріңіз жарқын болсын!

Ұланаудандық мәслихатының хатшылары I-V шақырылым

Iшақырылым(1994 ж. наурыз - 1999 ж. қараша):
Кокбаев Жанболат Кенесұлы ( 1994 ж. 29 наурыз -1996 ж. 25 шілде) - Ұлан аудандық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы
Ворошилов Виктор Константинович (1994 ж. 29 наурыз – 1997 ж.7 тамыз ) - Таврия аудандық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы
IIшақырылым(1999 ж. 9 қараша – 2003 ж. 14 қазан):
Машибаева Сарқыт Какышқызы
IIIшақырылым(2003ж.14 қазан- 2007ж.4 қыркүйек):
Машибаева Сарқыт Какышқызы

IVшақырылым(2007ж.23 тамыз- 2012ж.20 қаңтар):
Тұрсынбаев Дінмухамет Ернісұлы
Vшақырылым(2012ж.20 қаңтар-бүгінгі уақытқа дейін):
Сейсембина Назигуль Өсерқызы