Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Үржар аудандық мәслихаттың тарихы

Егеменді еліміздің 23 жылғы тәуелсіздік жолында барлық қазақстандықтарды біріктіріп, мемлекет болашағының негізін қалайтын басты құндылықтар айқындалды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін  құра бастады. Мемлекеттің даму жолдары мен бағыттарын анықтайтын, қоғамдық қарым-қтынастарды реттейтін заңдар қабылданды. Осы саясаттың ірге тасын қалаған 1993 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заң болды. Қазақстан Республикасының 2001 жылы 8 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» №198 Заңымен 1993 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңының күші жойылды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148-II Заңына сәйкес жергілікті өкілді орган - мәслихат ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын депутаттардың жиыны, сайланбалы орган.

1994 жылдың 7 наурызында өткен сайлаудан кейін бірінші шақырылған Үржар аудандық мәслихаты құрылды. Мәслихат хатшысы болып Ахатов Сакен Ахатұлы сайланды. Бірінші шақырылымнан бастап осы бесінші шақырылымға дейін депутаттар тек баламалы сайлау негізінде ғана сайланғанын атап өту керек. Көпшілік дауыспен сайлауда «Нұр Отан» партиясы фракциясының ұсынысымен үміткерлер алға шығатын. Төртінші және бесінші шақырылымдарда «Коммунистік партия» және «Ақжол» партиясынан депутаттар сайланды.

1997 жылы Үржар ауданы мақаншы және Таскескен аудандарымен біріктірілді. Үш ауданның депутаттары 1999 жылғы сайлауға дейін де бірігіп жұмыс істеп, ақылдаса шешім қабылдап қызмет атқаратын. Мәслихат сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер қызу талқыланатын, алайда біріккен аудандардың депутаттары барлығына ортақ, тиімді бір шешімге келетін.

1999 жылы екінші шақырылған аудандық мәслихаттың сайлауы өтті. Бұл сайлауға біріккен Үржар ауданын құрайтын барлық үш ауданның сайлаушылары қатысты. Мәслихат құрамына ауданның ауылдық округтерін ұсынатын 16 депутат кірді. Мәслихат хатшысы болып Байсинов Қабдысадық Ақбайұлы сайланды. Ол үшінші шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып қайта сайланды.   

Аудандық мәслихаттың тәжірибесі жыл сайын жиналғанымен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге тәсілдері мен әдістері  жоғары кәсіби деңгейге ие болып әр шақырылым сайын жетіле түседі. Аудан үшін әлеуметтік маңызы зор мәселелерде мәслихат тоқ етер шешім қабылдайды. Дәл осы сессияларда ауданның және оның бөлек аумақтарының даму бағдарламалары бекітіледі. Жылда мәслихат сессияларында аудан бюджеті бекітіліп, аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы есеп береді. Өздеріне қарасты атқарушы органдардың жұмысы туралы сол мекемелердің басшылары есеп береді.

Мәслихат депутаттарының бастамасымен мектеп құрылыстарына бақылау жасайтын бекеттер ұйымдастырылды. Ауданда 13 мектеп салыну керек, барлығы 2012 жылы пайдалануға берілу керек, алайда ол кесте сақталмаған. Бұл мәселе депутаттардың жіті бақылауында. 

Төртінші және бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау әдеттегідей белсенді түрде өтті. Төртінші және бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып Бітімбаев Мұқаметқали Қойжанұлы сайланды.

Бесінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттары өз лауазымдарында жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың 20-жылдығын қарсы алуда. Осы уақытта мәслихат жұмысының үйлесімді және негізделген жоба қалыптасты. Ол жүйенің ең басты құндылығы – депутаттардың өз сайлаушыларымен үнемі байланысы. Депутаттар өз сайлау округтеріне жүйелі түрде барып, әр өтінішке зер салып қарап, сайлаушылар алдында есеп береді.
Мәслихат қызметінің негізін  оның тұрақты комиссиялары құрайды.

Бесінші шақырылған аудандық мәслихатта үш тұрақты комиссия жұмыс істейді:
1. Бюджет, әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму, салық, ауыл шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия. Комиссия төрағасы депутат Қ.Тлеуов.
2. Депутаттық өкілеттік және этикасы, заңдылық, білім беру, денсаулықты сақтау, жанұяны қорғау, жастар мен мүгедектер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.  Төрағасы – депутат Б.Мусабаев.     
3. Еңбек, сауданы дамыту, баға, өндіріс, кәсіпкерлік, коммуналдық-тұрмыстық қызметтер және байланыс жөніндегі тұрақты комиссия. Төрағасы – депутат Ә.Есенаманов.   
Комиссия құрамына кіретін депутаттар мәслихат сессиясына дайындық бойынша барлық жұмысты жүргізіп, күн тәртібіне енгізілетін мәселелерді зерттейді. Тұрақты комиссия жұмысының арқасында бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті және кезектен тыс 23 сессиясы өтті. Сессияларда ауданның тыныс-тіршілігінде маңызы зор мәселелер қаралады. Олардың ішінде «Аудан бюджетін бекіту», «Аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу», «Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту», «Санитарлық-эпидемиологиялық станциясының жұмысы және халықтың деснаулығын қорғау туралы», «Ауданда аусыл ауруының таралуын жою бойынша шаралар және эпизоотиялық қауіпсіздік туралы», «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы туралы», «Аудан аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысы туралы», «Аудан мектептерінің жер телімдерін тиімді пайдалануы туралы».

Бесінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттары аудан көлемінде қабылданған бағдарламаларын жүзеге асыру барысына зер салып бақылайды. Бірінші кезекте ерекше назар «Үржар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасына» бөлінеді. «Нұр Отан» партиясының депутаттық  фракциясы осы бағдарламаның орындалуына үнемі қоғамдық бақылау жүйесін құрды. Барлық шақырылымдағы аудандық мәслихаттың жұмысы ҚР Конституциясының 3 бабындағы «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.» деген сөздердің жарқын дәлелі болып табылады.

Мәслихат депутаттары халықтың үздік өкілдері, сайлаушылар оларға өз өкілеттіктерін табыстады және депутаттардың қабылдаған шешімдері өмірімізді жақсартып, ауқатты және бақытты болуына әсері мен көмегін тигізеді деп сенеді.

Жиырма жыл – көп уақыт болмаса да істелген шаруа аз емес, алда нәтижесі тиімді үлкен істер, жахандық міндеттер, барлық қазақстандықтардың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ең дамыған және өркениетті елдердің қатарына кіру міндеттері тұр.