Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Абай аудандық мәслихатының тарихы

Мәслихат өкілетті орган

Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихы мен шежіресі, қол жеткен биігі – еркіндік аңсаған ұлы халық пен Елбасының ерен еңбегінің жемісі, зор жеңісі. Сындарлы жылдарда  ғасырға бергісіз ғаламат белестерді бағындырдық. Дамудың даңғыл жолына түскен қуатты мемлекетіміз мұнымен тоқтамайды. Алда – асқаралы асулар мен айқын мақсаттар күтіп тұр.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы осы ұлы мұрат жолында баянды болашаққа бағыт сілтеген бағдаршам десек, артық айтқандық емес.

Осы Жолдау арқылы тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақ елі өзінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап алды. Бәсекелестікке қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз бұл межені бағындырып, енді әлемдегі ең дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуға ба­ғыт түзеді. Әрине, бұл жерде тәуелсіздік алған жылдардан бері жұмыстарында үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, жаңа сипат алып келе жатқан жер­гілікті өкілетті органдардың да қо­сып отырған үлесінің зор екендігі баршаға аян. Тәуелсіздікпен бірге толысып, билік буынымен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан мәслихаттарға биыл 23 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болуы мүмкін. Бірақ, өткен күндердің өлшемімен қарағанда, осы уақыт аралығында халық игілігі үшін қаншама қыруар тірлік атқарылғанын аңғару қиын емес. 

Біздің тәуелсіз еліміздегі алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге енді. Өзінің қалыптасқан жылдары ішінде өкілеттіліктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусы – қоғамды одан әрі демократияландыруға, ха­лық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі ха­лық­тың әл-ауқатын, тұрмыс жағ­дайын жақсартуға бағытталған эко­номикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында атқа­рылып жатқан жұмыстарда өз белсенділіктерін танытуда.    

Төл тарихымыздың еншісіне алтын әріптермен жазылған сол бір 1994 жылдың 24 наурызында Абай аудандық мәслихат-депутаттар жиналысының бірінші сессиясы өткен болатын. Бұл сайлаудың бас­ты ерекшелігі – депутаттыққа өз кандидаттарын түрлі партиялар, қоғам­дық құрылымдармен бірге жеке адамдардың өзін өзі ұсынуы болды. Демократияның шынайы көрінісі еді бұл. Аудандық мәслихат-депутаттар жиналысының хатшысы болып, ұзақ жылдар партия-кеңес орган­дарында, кейіннен аудандық дең­гейде қызметтер атқарған, №4 Жидебай округінен сайланған депутат  Құмарғазы Балтабеков сайланды. Ол жылдары аппаратта бір іс-басқарушы деген штат қана болатын. Ол қызметті бүгінгі күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшыс Әсет Мырзақасым атқарған.

Аудандық мәслихаттың бірінші шақырылымында төмендегі депутаттар сайлады.
Қуанышбаев Ғалым –  №1 Арман окургінен, Берлешов  Құсман -  №2 Қарауыл округінен, Тілеубаев Байбұлан -  №3 Олжабай округінен, Балтабеков Құмарғазы - №4 Жидебай округінен, Жылқыайдаров Шәріпқазы - №5 Қызылтас округінен, кейіннен Әзімбаев Дәурен, Әзімбаев Нұрғазы - №6 Қарлығаш округінен, Аубакиров Марат - №7 Жүрекадыр округінен,  Кемерханов  Қанат - №8  Жаңа арна округінен, Шәріпханов Ермек - №9 Архат округінен, Лаубаев Еренғайып - №10 Орда округінен, Желдібаев Ақтайлақ  - №11 Қасқабұлақ округінен,  Жұмақсанов Марат - №12 Ши округінен,   Төлеубаев Хасен - №13 Тоған округінен, Әділханов Орынбек - №14 Медеу округінен, Оспанов Оралхан - № 15 Шаған округінен сайланған депутат.

Абай аудандық мәслихатының екінші сайланған бірінші сессиясы 28 қазан 1999 жылы болып, төмендегі депутаттар сайланды.
Қуаныш Жарқын – №1 Қарауыл окургінен кейіннен Битенов Тасболат, Бермағанбетов Мендеке Вайханұлы -  №2 Аға сұлтан округінен кейіннен Әлиев Болат Қайроллаұлы, Сармурзин Жайлаубек -  №3 Ақылбай округінен, Стамбеков Тоқтарқажы - №4 Кеңгірбай би округінен, Балтабеков Құмарғазы - №5 Көкбай округінен, Нұғымаров Қарықбол - №6 Құндызды округінен, кейіннен Сыдықов Қабдолла, Қонысбаев Дос - №7 Архат округінен,    Телібаев Серікбай - №8  Қасқабұлақ округінен, Есенғарин Нұрсамат - №9 Саржал округінен, Ғабдуллина Айжан - №10 Тоқтамыс округінен, Аманғазин Төлеубек - №11 Медеу округінен сайланған депутат.  

№ 11 Медеу округінің депутаты, осы қызметке дейін партия органдарында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі, аппарат басшысы қызметтерін атқарған II-III-IV-V шақырылымдарының депутаты және мәслихат хатшысы болып сайланып Аманғазы Төлеубек Аманғазыұлы ел сенімін ақтап, жұмыс атқарды.
Абай аудандық мәслихатының үшінші сайланған бірінші сессиясы 8 қазан 2003 жылы болды.  Аудандық мәслихаттың үшінші шақырылымына сайланған депутаттар ауданның көркейіп-көріктену үлес қоса білді.

Битенов Тасболат – №1 Қарауыл окургінен, Мамырбаева Қанымгүл -  №2 Аға сұлтан округінен, Сармурзин Жайлаубек -  №3 Ақылбай округінен, Нұрсұлтанұлы Мақсат - №4 Кеңгірбай би округінен, Әубәкіров Мағазбек - №5 Көкбай округінен, Оразбаев Рымғали - №6 Құндызды округінен, Кемербаев Амантай - №7 Архат округінен, Желдібаев Ақтайлақ - №8  Қасқабұлақ округінен, Қалиев Қуат - №9 Саржал округінен, Кәрібаев Болат - №10 Тоқтамыс округінен, Аманғазин Төлеубек - №11 Медеу округінен сайланған депутат.  

Абай аудандық мәслихатының төртінші сайланған бірінші сессиясы 29 тамыз 2007 жылы болды. Аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымына сайланған депутаттардың тізімі:
1.Қуанышбай Ғалым – №1 Қарауыл окургінен, Қожақова Майра - №2 Аға сұлтан округінен, Белібаев Ардақ - №3 Ақылбай округінен, Нұрсұлтанұлы Мақсат - №4 Кеңгірбай би округінен, Әубәкіров Мағазбек - №5  Көкбай округінен, Мағауин Махмут - №6 Құндызды округінен, Тілеубай Байбұлан - №7 Архат округінен, Мұқатаев Амантай - №8  Қасқабұлақ округінен,  Жарылғасин Дәулет - №9 Саржал округінен, Кәрібаев Болат - №10 Тоқтамыс округінен, Аманғазин Төлеубек - №11 Қарауыл-Медеу округінен сайланған депутат.  

Абай аудандық мәслихатының бесінші сайланған бірінші сессиясы 18 қаңтар 2012 жылы болды.  
1.Қуанышбай Ғалым  – № 1 Қарауыл окургінен, Балтақаева Алмагүл - № 2 Аға сұлтан округінен, Белібаев Ардақ - № 3 Ақылбай округінен, Мұқатай Самал - № 4 Кеңгірбай би округінен, Нұралы Асқарбек - № 5 Көкбай округінен, Нұғымаров Қарықбол - № 6 Құндызды округінен, Тілеубай Байбұлан - № 7 Архат округінен,  Мұқатаев Асқар - № 8  Қасқабұлақ округінен, Әкімбаев Сәлім - № 9 Саржал округінен, Кәрібаев Болат - № 10 Тоқтамыс округінен, кейіннен Мұхтаров Дәулет, Аманғазы Төлеубек - № 11 Қарауыл-Медеу округінен сайланған депутат. 

Абай аудандық мәслихатының алтыншы сайланған бірінші сессиясы 28 наурыз 2016 жылы болды. Бүгінде алтыншы шақырылған аудандық мәслихат өз өкілеттігі шең­берінде өңірдегі өркенді істердің одан әрі өрістеуіне лайықты үлесін қосып келеді.  

1.Молдаханова Рыс  – № 1 Қарауыл окургінен, Балтақаева Алмагүл - № 2 Аға сұлтан округінен, Белібаев Ардақ - № 3 Ақылбай округінен, Мұқатай Самал - № 4 Кеңгірбай би округінен,Көкебаев Айдар - № 5 Көкбай округінен, Нұғымаров Қарықбол - № 6 Құндызды округінен, Елубаев Асқар - № 7 Архат округінен,  Мұқатаев Асқар - № 8  Қасқабұлақ округінен, Оразбаев Бақытжан - № 9 Саржал округінен, Мұхтаров Дәулет - № 10 Тоқтамыс округінен,  Лдибаев Ерлан - № 11 Қарауыл-Медеу округінен сайланған депутат.
VI шақырылымда мәслихат хатшысы болып  № 11Қарауыл- Медеу округінің депутаты Лдибаев Ерлан сайланды. Ерлан Арнаұлы бұған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Абай ауданының ауылшаруашылығы саласына өзінің зор үлесін қосқан азамат.

1994 жылдан осы уақытқа дейін мәслихат 176 сессия өт­кізіп, онда ауданымыздың дамуына байланысты 11142 мәселені зерделеп, тиісті шешімдер шығарды.

Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында бір кездегі шикізат өндіретін ел, бұл күнде дүние жүзіне танылып, еңселі, мәртебесі биік, қазыналы, беделі жоғары өскен мемлекет дәрежесінде танылып отыр.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыруды қазіргі кезеңде жалпы стратегиямен, мемлекет басқару жүйлерін жетілдірумен бір арнада тоғыстыру қажет. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктердің есебін, жергілікті ресурстарды бағалауды, басқарудың жаңа әдістері мен тәсілдерін, кең көлемдегі демократиялық қатынастардың дамуын, өзін-өзі басқарудың қоғамдық байланыстары мен мәдениетін талап етеді.      

2009 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы” Заңына қол қойды. Осы Заңға сәйкес “жергілікті   өзін-өзі   басқару  жергілікті  қоғамдастық  мүшелерімен  тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арықылы жүзеге асырылады”. Азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруы нысаны ретінде, тәжрибе ретінде, бірнеше округта мәслихат депутаттарымен белсенді сайлаушылар кеңесі ұйымдастырылған болатын. Кеңестердің қызметі жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша сайлаушылардың ниетімен мүмкіндіктерін көрсетті.

Саяси  жүйені жетілдіру үшін Қазақстан  Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда ол өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқаруды жетілдіре түсуді көздеді. Ал жергілікті өзін-өзі басқарудың мәслихаттар екені белгілі. Олар жергілікті өкілетті орган мәртебесін сақтай отырып, атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттің сондай-ақ жергілікті қауымдастықтың мүддесі үшін жекелеген мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырады.

Бүгінде мәслихаттарға облыстың, ауданның, қаланың ғана емес, республиканың тағдыры байланысты болып отырған мәселелерді шешу өкілеттігі жүктелген. Мәслихат депутаттары бюджетті қалыптастырып, Сенат депутаттарын сайлайды. Сонымен бірге олар өз қызметі арқылы сайлаушылардың көкейкесті мәселелерін шешеді.

Қазір таңда мәслихаттардың ролі артып келеді, демек депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға деген жауапкершілігі күшейе түсуге тиіс. Міне, сондықтан да қызметтің тиімді тың тәсілдерін іздестіріп, іске қосу олардың жұмысындағы маңызды бағытқа айналды.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ 1999 жылы ауданның бюджет көлемі 320503 теңге болып  бекітілген еді. Ал 2017 жылдың бюджеті – 33498573,4 теңге дәрежесіне жетті. Бұл ауданымыздың экономикасы, әл-ауқатының жан-жақты өскендігіне дәлел.

Депутаттарымыз әр округте халық арасында біте қайнасып, жұмыстарын жүргізіп келеді. Депутаттар алдындағы үлкен міндет  - ел халқының мүддесін орындап, бірлік пен тыныштықты сақтап, аудан мәртебесін көтеру.

Аудандық мәслихаттың депутаттары А.Белібаев пен С.Әкімбаевтар кәсіпкерлікпен шұғылданып, халыққа қызмет көрсетіп жүрсе, А.Балтақаева, Ғ.Қуанышбай, Б.Тілеубай сияқты депутаттар денсаулық, білім беру саласында әлеуметтік міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Депутаттар Қ.Нұғымаров, С.Мұқатай, А.Нұралы, Д.Мұхтаров, А.Мұқатаевтар ауданның негізгі өндіріс саласы – мал өсірумен, оның сапасын жақсартып, тұқымын асылдандыру ісімен айналысып отыр.

Халықтың еркін білдіретін мәслихаттың өкілеттігін арттыру – елімізде демократияның одан әрі дамуының кепілі болатыны сөзсіз. Сондықтан, депутаттар белсенділігі бұрынғыдан да арта беруі үшін ұйымдастыру жұмыстарын жандандыра беру басты мақсат болып отыр.

Мәслихаттар халықтың қа­ла­уын білдіретін жергілікті мем­лекеттік басқару және өзін өзі басқарудың маңызды бөлігі. Алғашқы қалыптасқан жылдарына қарағанда, соңғы заң­намалық өзгерістерге сай рөлі бір­шама күшейтілген мәслихаттарды  ел игілігі үшін атқарылар мәнді де мазмұнды жұмыстар күтуде. Мем­лекет басшысы атап өткендей, «Қазіргі буынның маңдайына тә­уелсіздіктің туын тігу бақыты мен оны нығайтып, баянды ету міндеті қатар жазылды».

Бұл міндеттерді абыроймен атқару – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Билік тармақтарының алдында тұрған ең басты мақсат –  мемлекетімізді одан әрі нығайту, Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету. Ендеше, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болып, тәуелсіз еліміздің абыройы асқақтай берсін.