Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Тарбағатай аудандық мәслихатының тарихы

Тарбағатай аудандық мәслихаты:  қалыптасу, Өсу, өркендеу жылдары

Тәуелсіздігімізбен бірге толысып, билік буынымен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан Тарбағатай ауданының мәслихатына биыл 23 жыл толып отыр. Осыдан 2014 жылы Республика бойынша мәслихаттардың  20 жылдығы аталып өтті. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болуы мүмкін. Бірақ өткен күндердің өлшемімен қарағанда, осы уақыт аралығында халық игілігі үшін қаншама қыруар тірлік атқарылғандығын аңғару қиын емес. Өзі  қалыптасқан  23 жыл ішінде өкілеттіліктері мен біліктіліктері артқан аудандық мәслихаттағы депутаттар корпусы-қоғамды одан әрі демократияландыруға,  халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарда өз белсенділіктерін танытуда.

Алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы наурыз айында өткізілді. Төл тарихымыздың еншісіне алтын әріптермен жазылған сол бір 1994 жылдың   30 наурызында   Тарбағатай аудандық мәслихаты - депутаттар жиналысының бірінші сессиясы өтіп, оның құрылымы мен ұйымдық негіздері қаланды.

Мәслихатқа сайланған  депутаттар арасынан аудандық  мәслихат – Депутаттар жиналысының  хатшысы болып  Ақсуат ауданы бойынша Кенжин Тоқтарбек, Тарбағатай ауданы бойынша Мұхаметжанов Манарбек сайланды.

Бірінші шақырылған аудандық мәслихат – депутаттар жиналысы  атқарушы органмен бірлесе отырып, ауданның әлеуметтік және даму бағдарламаларының орындалуын, Қазақстан Республикасы Конституциясының   заңдарын, Жоғарғы Кеңес қаулыларын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинетінің құжаттарының, мәслихаттар– депутаттар жиналыстары мен әкімдердің өз құзіреті шегінде қабылдаған шешімдерінің орындалуын, жергілікті өкімет орындары арасындағы байланысты, халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз етті. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында өз өкілеттігін жүзеге асырған аудандық мәслихат – депутаттар жиналысы  экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіріп, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындауға елеулі үлес қосты.  1997 жылғы «Қазақстан – 2030» Стратегиясында және 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда белгіленген басты мақсаттар мен міндеттердің қисынды түрде жүзеге  асуына ықпал етті. Жаңаша даму жолына түскен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізін қаласты. Ең бастысы өз сайлаушылары арқылы халықтың Қазақстанның болашағына  деген  сенімін арттырды.

«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы»  Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес  аудандық мәслихаттың  бірінші шақырылымы 1999 жылдың  қазан айында  өз өкілеттігін тоқтатты.

Бірінші шақырылған Ақсуат аудандық мәслихатының депутаттары:
(1994 – 1999 жылдар)

Алтыбаев Қайырғазы

Бекенов Амантай

Нұрсапин Сайлау   

Жұматов Серік

Иманбеков Бақтығали

Омаров Серік

Байқадамов Абдрахман     

Сағынаев Бағдат

Кенжин Тоқтарбек

Саметов Амантай

Каженов Нұрлан    

Олжаева Күләнда

Масалимов Асқарбек 

Қабдуллин Мейрамғазы

Тергемесов Мақсұтқали

Бірінші шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары:
(1994 – 1999 жылдар)

Жұманов Марат

Рыспаев Уалиолда

Какенов Абаш

Бұланбаев дүйсен

Жанпейісов Еркінбек 

Жақаев Сәумен

Мұхамеджанов Манарбек  

Қалимажанов Төлеген

Нұрсадықов Советбек

Сейтқазин Армия

Дүйсенбаев Дәулетхан    

Қыдырбаев Төкенай

Шайханов Құнафия   

Атымбаева Зәуре

Уалиев Амангелді  

Кенбаев Қымбатбек

Нағыманов Зарлыхан

Тиісті заңдылықтарға сәйкес  1999 жылдың қазан айында аудандық мәслихаттың екінші шақырылымы өз жұмысын бастады. Аудандық мәслихаттың  І сессиясында ұйымдастыру мәселелері қаралып,  аудандық мәслихатқа сайланған 14 депутаттың қолдауымен аудандық мәслихаттың хатшысы болып  депутат Кенжин Тоқтарбек, тексеру комиссиясының  төрағасы болып депутат Рахымбаева Бақыт сайланды.

Екінші шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары:
(1999 – 2003 жылдар)

Жиенбаев Тұрысбек    

Рахымбаева Бақыт

Ислямов Бақытбек

Қажиекперова Рахат

Құсайынов Әскербек     

Кеңесов Төлеубек

Марданов Слямбек    

Тілебалғанов Құмаш

Кенжин Тоқтарбек  

Жұматов Серік

Нұрсапин Сайлау    

Қойбағаров Нұртас

Аязбаев Мәуліт       

Смагулов Талап

Аудандық мәслихаттың екінші шақырылым депутаттары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 4 жыл мерзімге сайланып, өз өкілеттіктерін 2003 жылғы қазан айында аяқтады.

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекетті басқару туралы» № 148-II заңы қабылданды. Аталмыш заң өкілді орган- мәслихаттың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, депутаттардың құқықтық жағдайын айқын белгілеп берді. Бұл Заң бойынша өкілді орган – мәслихат депутаты мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін, аудан халқы сайлайтын, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Заң талабына сәйкес өкілді органның да, оның депутаттарының да өкілеттілік шеңбері кеңейді. Халық қалаулары сайлаушылардың талап-тілегін, ұсыныс-пікірлерін басшылыққа ала отырып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына өз үлесін қосты.

Аудандық мәслихаттың үшінші шақырылым депутаттары  өз өкілеттіктерін  2003 жылдың қазанынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін жүзеге асырды.

Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында Тарбағатай аудандық мәслихат хатшысы болып Мағжаев Марат Халелұлы сайланды.

Уақыт алға жылжыған сайын өкілді орган – аудандық мәслихат қызметінде жаңаша серпін, бетбұрыстар пайда болды.  Заң талабына сәйкес тұрақты комиссиялардың жұмысы  жаңаша бағыт алып, сессияларда қаралатын мәселелердің ауқымы кеңейді. Аудандық мәслихат және оның депутаттарының жұмысы жаңаша сипатқа ие болды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2005 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық мәслихат аппараты құрылды. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарының жұмысын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық  қамтамасыз етуді жүзеге асырып, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

Аудандық мәслихаттың үшінші шақырылымында  «Экономика, қаржы, бюджет, сауда және бизнес» жөніндегі тұрақты комиссиясы  жұмыс істеп, аудан бюджетін бекітіп қана қоймай жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылардың мекемелер мен бөлімдерде жұмсалуына бақылау жасады. Бюджет әкімшілерінен түскен сұраныстар  комиссия отырыстарында талқыланып, қорытындысы сессия қарауына ұсынылып отырды. Соның нәтижесінде аудан бюджетінің қаржысы үнеммен, мақсатты жұмсалды.

«Әлеуметтік  және мәдени мәселелер» жөніндегі тұрақты комиссиясы аудан көлеміндегі халыққа медициналық, мәдени, әлеуметтік қызмет көрсету салалары басшыларының есебін тыңдауды дәстүрге енгізді. Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы жұмысты жандандыруға, олардың арасындағы құқық бұзушылықты азайтуға елеулі үлес қосты. Балалардың мектептен тыс уақытын тиімді пайдалануын депутаттар назарында ұстады. Нәтижесінде осы жылдар ішінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздік, келеңсіздік көріністері  елеулі түрде азайды. Комиссия ықпалымен білім саласы қызметкерлеріне төленетін қосымша ақылар тиісті Заңдылыққа сәйкес төленуге қол жеткізілді.

«Өндіріс салалары, ауылшаруашылығы, экология, табиғат ресурстарын пайдалану» жөніндегі тұрақты комиссия   өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы Заң талаптарының ауылшаруашылығы, өндіріс салаларында сақталуына ерекше мән беріп, халық қалаулыларының назарын қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру, аудан халқына коммуналдық қызмет көрсету мәселелеріне аудара білді. Тұрақты комиссияда қаралған мәселелер бойынша қабылданған қаулылардың орындалуы комиссия назарында болды. Аса маңызды деген мәселелер сессияның күн тәртібіне  ұсынылды.

Үшінші шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары:
(2003 – 2007 жылдар)

Мағжаев Марат  

Нәбиев Қайрат

Омарбеков Сержан

Жуанышев Ахметқан

Қабдешов Әбілқас

Қабыкенов Ермек

Ахметов Бейсенбай    

Кенжин Тоқтарбек

Байсейтов Мейрамбек

Итбаев Дәулет

Сейітқазин Кәдіржан 

Аязбаев Мәуліт

Қинаятов Советбек    

Омарбеков Алдаберген

Аудандық мәслихаттың  үшінші  шақырылымы 2007 жылдың тамыз айында өз өкілеттігін тоқтатты.

Аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымы өз қызметін 2007 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың қаңтарына дейін жүзеге асырды. Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында Тарбағатай аудандық мәслихаттың хатшысы болып Мағжаев Марат Халелұлы сайланды.

Төртінші  шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары:
(2007 – 2012 жылдар)

Мағжаев Марат  

Набиев Қайрат

Омарбеков Сержан

Нұрханов Советхан

Рахымбаев Манарбек

Бұзаубаев Жандарбек

Ахметов Бейсенбай

Ақылжанов Нариман

Жұмаханов Ерғали

Итбаев Дәулет

Сапоров Қалиқан   

Аязбаев Мәуліт

Шыныбаев Кенжебек 

Молдаханов Бауыржан

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін кеңейтуді қарастыру қажет. Бұл мемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ролін арттыру жолындағы маңызды қадам болады» деген болатын.

Міне, Елбасының сол Жолдауда берген тапсырмалары 2009 жылғы  9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрініс тауып, жергілікті мәслихаттарға қосымша және өзін-өзі басқару органдарына  біраз құқықтар мен міндеттер берді.  Сол жыл  халық қалаулыларына ерекше сенім арқалатқан жыл болды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілді. Жаңа редакциядағы ҚР Конституциясының 89-бабында 2007 жылғы 21 мамырдағы өзгерістерімен бірге, мәслихаттардың ролінің айтарлықтай артуы қарастырылған, олар пәрменді жергілікті өзін-өзі басқарудың атынан шығатын болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті мәслихаттың келісімімен әкімдер тағайындалады.
Мәслихаттар 5 жылға сайлана бастады.

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 21 қаңтардағы №18 Жарлығына сәйкес сол жылдан бастап  жылына екі рет аудан әкімдері аудандық мәслихат депуттары алдында есеп берді.

Аудандық мәслихаттың жанында «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жұмыс атқаруда. «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция мүшелері республика, облыс көлемінде болып жатқан саяси оқиғаларға үн қосып, аудан көлемінде өтетін іс шараларға белсене араласып келеді.

 

Бесінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттары өз қызметтерін 2012 жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асыруда. Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында Тарбағатай аудандық мәслихаттың хатшысы болып Мағжаев Марат Халелұлы сайланды.

Бесінші  шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары:
(2012 –  2016 жылдар)

Мағжаев Марат 

Қариғажин Абдрахман

Қанағатов Марат

Тырнақбаев Мәкен

Омарбеков Сержан  

Бұзаубаев Жандарбек

Қалымбеков Манарбек      

Ахметов Мейранғали

Жұмаханов Ерғали

Бейбіт Талант

Қойбағаров Болат

Байдіндаев Тілеуберген

Боранжанов Болат 

Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығына сәйкес,  аудандық мәслихат депутаттары тұңғыш рет 2013 жылы ауылдық округ әкімдерін сайлауын өткізді.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымы өз қызметін 2016 жылдың сәуірінен бастап жүзеге асырып келеді. Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында Тарбағатай аудандық мәслихаттың хатшысы болып Жақаев Сәумен Әшіржанұлы сайланды.
Осы жылдары ауданымызда көптеген жарқын жобалар жүзеге асты. Көптеген әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Елді мекендерге ауызсу тартылып, жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылды. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Осындай оңды істердің бәрінде мәслихат депутаттарының өзіндік қолтаңбасы жатыр.
«Мектепке жол» акциясында, қарттар күніне орай қайырымдылық іс шараларына депутаттар жеке қаражаттарынан  өз үлестерін қосуда.
Алтыншы шақырылған аудандық мәслихатының депутаттары сайлаушылармен байланысы нығайып, белгіленген кестеге сәйкес депутаттар қабылдаулары ұйымдастырылып, ұсыныс-пікірлері ескеріліп, құзырлы мекемелерге депутаттық сауал ретінде жолданып тиісті шешімдерін табуда.

Алтыншы  шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары:
(2016 жылдардан атқаруда)

Нұрпейісов Болат    

Кунафиянов Бақытжан

Омарбеков Сержан   

Жақаев Сәумен

Қалимажан Төлеген    

Тоқтаубаев Мұрат

Абдрахманов Нұрлыбек   

Бекмұратова Тоты

Мұхамадиева Жанна  

Нұрбекова Назым

Шыныбаев Кенжебек  

Құттыбаев Ержан

Байдіндаев Тілеуберген

Жансұлтанов Мейрамбек

Аудандық мәслихаттың сессияларында ауданды өркендетудің жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудан бюджеті мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды  бекітіп,  орындалуын назарға алып, өз құзіреті шегінде өзге де өкілеттіктерді абыроймен жүзеге асыруда.
Заман талабына белсенді түрде үн қосып, ел-жұртымыздың өсіп-өркендеуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігінің, экономикалық әлеуетінің  артуына елеулі үлес қосып келе жатқан аудандық мәслихат пен оның депутаттарының  қызметіне халық    ризашылығын білдіруде.

VI – шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары

Нүрпейісов Болат Жұмабекұлы - №1 Жаңаауыл сайлау округі
Құнафиянов Бақытжан Қалымұлы - №2 Абай сайлау округ
Омарбеков Сержан Көкенұлы - №3 Ақжар сайлау округі
Жақаев Сәумен Әшіржанұлы - №4 Жетіарал сайлау округі
Қалимажан Төлеген Әбілғазыұлы - №5 Қарасу сайлау округі
Тоқтаубаев Мұрат Мұқатұлы - №6 Қабанбай сайлау округі
Абдрахманов Нұрлыбек Құрманбайұлы - №7 Тұғыл сайлау округі
Бекмұратова Тоты Бақытбекқызы - №8 Ойшілік сайлау округі
Мұхамадиева Жанна Кәдірқызы - №9 Құмкөл сайлау округі  
 Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы - №10 Ақсуат сайлау округі
Шыныбаев Кенжебек Көкенұлы - №11 Орталық сайлау округі
Құттыбаев Ержан Кәрібайұлы - №12 Екпін сайлау округі
 Байдіндаев Тлеуберген Нұрмұханбетұлы №13 Көкжыра сайлау округі
 Жансұлтанов Мейрамбек Қабдоллаұлы - №14 Қызыл Кесік сайлау округі