Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Зайсан аудандық мәслихатының тарихы

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Отанымыздың 1993 жылғы Конституциясы қабылданғанда жаңа тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізгі аяққа тұруы басталды. Дәл сол жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдар құрылымына маңызды өзгерістер енгізген «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті билік және атқарушы органдар туралы» Заң қабылдады. Жергілікті өкілетті органдар - мәслихат, жергілікті атқарушы органдар әкімшілік болып аталды.

Мәслихаттар және әкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атауға біріктірілді.

1994 жылдың наурыз айында елімізде Қазақстанның саяси көзқарасындағы жаңа толқынды танытқан жергілікті өкілетті билік органдары - мәслихаттарға алғашқы сайлаулар басталды.

2001 жылдың қаңтар айында Парламент «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заң қабылдады. Бұл Заң мәслихаттар өкілеттілігін, құрылымын нақтылы айқындап берген Заң болды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің реформаторлық бағытының дұрыс екендігін мәслихаттар өз іс-әрекеттері арқылы көрсетіп отыр.

Бірінші шақырылған Зайсан аудандық Мәслихатының депутаттары болып, Б.Қ.Құдабаев, Б.С.Жапаров, Қ.Идрышев, Ө.И.Нұрасылов, З.М.Жатабаев, Т.Н.Тлегенов, Б.М.Искаков, З.А.Мухамедкариева, Д.И.Тожыбаев, Б.Т.Түстікбаев, Ә.Ә.Орынбаев, А.Қ.Мухамадиев, Қ.Рақадылов, Қ.З.Қасеинов, М.Қ.Аңдыбаев, Т.Ө.Жәйкенов, Р.Қ.Сансызбаев сайланды. Облыстық мәслихат депутаттары болып, С.М.Спамбетов, З.Қалибеков сайланды.

Бірінші шақырылған Зайсан аудандық Мәслихатының бірінші сессиясы 1994 жылы 30 наурызда өтті. Аудандық мәслихат хатшысы болып, депутат Сансызбаев Ризабек Қамашұлы сайланды. Бірінші шақырылым мәслихат депутаттары егеменді еліміздің жаңа дамып келе жатқан кезінде жұмыс істеді. Демократиялық үрдістердің басталуы, нарықтық экономикаға көшудің басталған кезі, үлкен  қиындықтарға толы болды. Осыған қарамастан бірінші шақырылым депутаттары өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқара білді.

1999 жылы сайланған екінші шақырылған Зайсан аудандық Мәслихатының депутаттары болып, Ө.И.Нұрасылов, Б.Н.Қашағанова, Т.М.Ожықанова, Б.Т.Айтбаев, Е.С.Базаров, У.Қ.Тұрдыбеков, Е.Қ.Еспенбетов, Д.Н.Ыдырышев, Е.Қ.Жакыпбеков, Қ.Идрышев, Б.Т.Түстікбаев, Б.Б.Нұғыманов, С.Мәкей, Т.Қ.Қырғышбаева, А.В.Дудник, Р.Қ.Сансызбаев  сайланды.

Облыстық мәслихат депутаттары болып А.Р.Коканова сайланды.

Аудандық мәслихат хатшысы болып, депутат Сансызбаев Ризабек Қамашұлы, тексеру комиссиясының төрағасы болып, депутат Ыдырышев Дәулет Нұрханұлы сайланды.

Екінші шақырылым депутаттары 1999-2003 жылдарда ауданымыздың экономикалық әлеуметтік дамуына үлкен үлестерін қосты. Көптеген игі істердің  ұйтқысы болып, береке-бірлікпен жұмыс істеді. Бұл жылдар ауданымыздың қайта дамуының бастау жылдары болды.

Үшінші шақырылған аудандық Мәслихат депутаттары болып, Б.Т.Айтбаев, Қ.М.Аңқабаев, Ж.Абдрахманов, Ғ.М.Нұрпейісов, Ш.Т.Анаева, М.А.Орманбетов, Г.У.Ахтанова, Б.С.Баймұханбетов, Р.Ә.Базарова, М.Қаламов, А.Қ.Сегізбаева, Б.Б.Балғабаев, Н.Қ.Бейсенов Р.Қ.Сансызбаев сайланды.

Облыстық мәслихат депутаты болып, депутат Б.К.Кошпанов сайланды.

Аудандық мәслихат хатшысы болып, депутат Сансызбаев Ризабек Қамашұлы қайта сайланды, ал тексеру комиссиясының төрағасы болып, депутат Қаламов Мұратбек сайланды. 2003-2007 жылдары үшінші шақырылым депутаттары халық сенімін арқалай отырып, үлкен жұмыстар атқарды. Өздерінің сайлау алды бағдарламаларын толығымен дерлік орындап, өздерінің қажырлы жұмыстарымен ауданымыздың барлық саласының дамуына айтарлықтай өз үлестерін қосты.

Төртінші шақырылған Зайсан ауданық Мәслихатының депутаттары болып, М.Ш.Бошақов, З.Д.Дүйсенбаева, Б.К.Кошпанов, А.Ө.Самарқанова, Ә.Ә.Орынбаев, Н.Қ.Бейсенов, Е.А.Келгенбаев, Қ.Б.Чайқынов, Ө.И.Нұрасылов, М.Кәрібаев, Қ.М.Аңқабаев, Т.Ж.Дүйсенбаев,  М.Ануаров, Е.С.Базаров сайланды. Облыстық мәслихат депутаты болып, депутат Б.И.Нурасылов сайланды.

Аудандық мәслихат хатшысы болып, депутат Бейсенов Нұрбек Қалибекұлы сайланды, ал тексеру комиссиясының төрайымына депутат Дүйсенбаева Зұмрат Дүйсенбайқызы сайланды. Төртінші шақырылым депуттатары да өздеріне жүктелген халық сенімін абыроймен атқарды. 2007-2011 жылдар ауданымыздың өрлеу жылдары болды. Көптеген әлеуметтік нысандар салынып, күрделі жөндеуден өтіп, кәсіпкерлік дамып, аудан экономикасы тұрақты даму жолына түсті.

Бесінші шақырылған Зайсан ауданық Мәслихатының депутаттары болып, Маман Ануаров, Қайырбек Аңқабаев, Гүлнар Ахтанова, Еркін Базаров, Манарбек Бошақов, Бақытбек Булакпаев, Алия Касымова, Ербол Келгенбаев, Қабиолда Сайранов, Жексенбай Тлеуберлин, Дәулет Тлеубердин, Арғынғазы Утебаев, Дәулет Ыдырышев сайланды. Облыстық мәслихат депутаты болып, депутат Болат Нурасылов сайланды. Шығып кеткен депутаттардың орнына қайтадан сайлаулар өткізіліп, депутаттыққа Ғалымбек Құнапия, Венера Әділбаева, Серік Пазылов сайланды.

Аудандық мәслихат хатшысы болып, депутат Ыдырышев Дәулет Нұрханұлы сайланды. Бесінші шақырылым депуттатары да өздеріне жүктелген халық сенімін абыроймен атқарды.
Қазіргі жұмыс істеп жатқан алтыншы шақырылған Зайсан аудандық Мәслихатына депутат Е.А.Айнабеков, В.А.Әділбаева, Б.Булакпаев, М.Ш.Бошаков, Ф.З.Мұхаметқалиев, Қ.Сайранов, Т.Б.Сарышев, Р.Ә.Тауасаров, Б.Д.Тлеужанов, Т.С.Тусупов, К.Б.Шалбарбаев, О.Б.Шәріпбеков, Д.Н.Ыдырышев сайланды. Облыстық мәслихат депутаты болып, депутат Б.И.Нұрасылов сайланды.

Зайсан аудандық Мәслихатының алтыншы шақырылымда сайланған депутаттары ауданның экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірінің дамуына тікелей араласып, жұмыстар  атқаруда.

Зайсан аудандық мәслихатында Мұратбек Қаламов 2007 жылдан Зайсан аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарып, мәслихаттың және оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз етуде мәслихат аппаратын ұйымдастырып келеді. Мәслихат аппараты қызметкерлері Сәуле Абдулданова, Айжан Зайнулдина, Мақсат Нұрахметов, Маржан Зайнулдина депутаттардың өздерінің өкілеттіліктерін  іске асыруға үлкен көмек жасап келеді.