Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Жарма аудандық мәслихатының тарихы

1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдар құрылымына маңызды өзгерістер енгізген «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» Заң қабылдады. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихат, жергілікті атқарушы органдар әкімиат болып аталып, ұйымдастырушылық жағынан әрқайсысы дербес өкілеттіктер мен  құзыретке ие болды. 
1994 жылғы 7 наурызда егемен еліміздегі тұңғыш мәслихат сайлауы өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге келді. Баламалы түрде өткен алғашқы сайлау нәтижесінде халықтық билігінің негізгі формасы ретінде жергілікті өкілетті органдар өз қызметіне кірісті.

Жарма аудандық мәслихатының құрылуы.

Еліміз тәуелсіздік алған кезеңдерде саяси және  экономикалық зор табыстарға қол жеткізді. Мұнда жергілікті өкілді билік органының да тиісінше үлесі бар.                                                                                                                                
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан саяси-мемлекеттік құрылымның өзіндік үлгісін іздестіре бастады.   
1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен тәуелсіз, егемен мемлекет Ата Заңын қабылдады. Сол жылы ҚР Жоғары Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымдарына айтарлықтай өзгерістер енгізген «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» Заң қабылдады.  Жергілікті өкілетті органдар – мәслихат, жергілікті атқарушы органдар – әкімшілік болып аталды.

Мәслихаттар және әкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атауға біріктірілді. Ұйымдастырушылық жағынан жергілікті органдар «бір-бірінен бөлінген, әрқайсысының өкілеттілігі, мәселелер аясы мен өз құзыреті бар».
Қазақстан  Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды реттеу мақсатында 1994 жылы жергілікті мемлекеттік басқару саласында үлкен өзгерістер болып, облыстық, қалалық, аудандық  деңгейдегі еліміздің өкілетті органдары - мәслихаттар құрылды.
Республика аумағында 1994 жылдың 7 наурызында өткен мәслихат депутаттарының сайлау қорытындысы бойынша ұйымдастыру сессиялары өтіп,  1994 жылдың 24 наурызында  Жарма аудандық мәслихатының сайланған 17 депутаты  өз орталарынан көп жылдар ауданның спорт бөлімін басқарған  № 1 Георгиевка  сайлау округінен сайланған – Бәкірланов Қамбар Ғаббасұлын  аудандық мәслихат хатшылығына сайлады.
№ 7 Аршалы сайлау округінен сайланған, ұзақ жылдар білім беру саласын басқарған, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбаев Қадес Қабдоллаұлы  тексеру комиссиясының  төрағасы болып сайланды. 
Жарма аудандық мәслихатының Мәслихат жұмысын ұйымдастыру,  құқықтық, материалдық-техникалық базасын  құрып, өзге де жұмыстарды ұйымдастыру үшін, ұйымдастыру бөлімі  меңгерушісі болып Жақыпов Болат  Ілиясұлы тағайындалды.
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі  № 3474  Жарлығымен  Шар, Жарма аудандары таратылып, екі аудан біріктіріліп, іріленген Жарма ауданы болып қайта құрылды.
Осыған байланысты біріккен екі ауданның мәслихаттар депутаттары 1997 жылы 25 шілдеде  аудандық мәслихаттың ұйымдастыру сессиясын өткізді. Біріккен екі ауданның депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталмауына байланысты депутаттар саны 33 адамды құрады. Жаңадан құрылған Жарма аудандық  мәслихатының  хатшылығына  № 1 Шар қаласының сайлау округінен сайланған  Мұрынбаев  Кәкітай  Әубәкірұлы сайланды.
Тексеру комиссиясының төрағасы болып № 9 Қызылағаш сайлау округінің депутаты «Игілік банк» бөлімшесінің директоры  Юмашева Гүлшат Насырқызы сайланды.
Мәслихат жұмысын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушілігіне  Малгаждаров Саяси  Рысайұлы тағайындалды. 

1999 жылдағы 5 қарашасында екінші шақырылған Жарма аудандық мәслихатының ұйымдастыру сессиясында аудандық мәслихат хатшысы болып, көп жыл  Жарма ауданының ауыл шаруашылық саласында қызмет еткен, «Жарма» совхозының  директоры  болған № 1 Георгиевка сайлау округінің депутаты Мұсылманқұлов Амангелді Айтмұхамбетұлы сайланды.
Тексеру комиссиясы  төрағасына  № 3 Новореченск  сайлау округінің депутаты Шалтабанов Нұрлыбек Әбікенұлы сайланды.
2003 жылдағы 18 қазандағы үшінші шақырылған Жарма ауданының мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясында аудандық мәслихат хатшысы болып № 4 Қапанбұлақ сайлау округінен сайланған депутат  Мұсылманқұлов Амангелді Айтмұхамбетұлы, Тексеру комиссиясы төрағалығына  № 14 Ақжал сайлау округінің депутаты  Шалтабанов Нұрлыбек  Әбікенұлы қайта сайланды.
2005 жылдағы  31 наурызында  Шалтабанов Нұрлыбек Әбікенұлы мәслихат хатшысы болып сайланды. № 4 Қапанбұлақ сайлау округінен сайланған депутат Уәлиев Медғат Жақсылықұлы Жарма аудандық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды.

2006 жылдағы  23 тамызында Жарма аудандық мәслихатының хатшысы болып, көп жылдар  Жарма ауданында әр салада басшылық қызмет атқарған, ауданның «Құрметті азаматы»,  № 14 Ақжал сайлау округінен сайланған депутат Садықов Дәлелхан Шаханұлы сайланды. 

2007 жылдағы 2 қыркүйекте төртінші шақырылған Жарма аудандық мәслихатының  ұйымдастыру  сессиясында № 6 Жарма сайлау округінен  сайланған  депутат  Садықов Дәлелхан Шаханұлы мәслихат хатшысы болып сайланды. Тексеру комиссиясының төрағасы болып № 3 Георгиевка сайлау округінің депутаты  Өзбеков Асқар Нұраллаұлы сайланды. 
2012 жылдағы 12 қаңтарында бесінші  шақырылған Жарма аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясы өтіп,  мәслихат хатшысы болып Жарма ауданының білім беру саласында ұзақ жылдар қызмет еткен, білім бөлімінің басшысы болған № 3 Георгиевка сайлау округінен сайланған Есполов Нұрлыбек Оспанбекұлы сайланды.
2016 жылдағы  29  науырызында алтыншы  шақырылған Жарма аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында 14 депутат бірауыздан Жарма ауданының «НұрОтан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары  болып  ұзақ жылдары қызмет еткен,  № 7 Сұлусары сайлау округінен сайланған Сахметжанова Айгұл Жансапқызын мәслихат хатшылығына сайлады.