Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Жеке құрам

Депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: облыстық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша істердің жағдайын тексеру және қорытындылар беру, комиссия құзыреті шегінде мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсыну; қоғамдық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; ШҚО әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімімен өзара әрекет ету, заңдылық және азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықта болу; комиссия құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының қажетті ақпараттарын тыңдау; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; облыстық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері бойынша облыстық сайлау комиссиясының ұсыныстарын қарау; облыстық мәслихат депутаттарының депутаттық этиканы бұзуы туралы материалдарды қарау.

Төрағасы: Тұрарбек Анарбекұлы Әзекенов – «Қазцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің директоры, металлургия бойынша атқарушы директоры;

Комиссия мүшелері:

Александр Михайлович Анчугин – «Қазцинкмаш» ЖШС директоры;
Альбина Харисовна Ахметова – «Роза ВВК» ЖШС директоры;
Аэлита Ахметсәлімқызы – «Айка» шаруа қожалығының басшысы;
Мамырбек Бақтығазыұлы Қарашев – «Юбилейный» ЖШС басшысы;
Нұрлан Есімханұлы Қасымханов – «Төретоғам» ЖШС директоры;
Айбек Серікболұлы Нұғымаров– «Көлік колледжі» КМҚК директоры;
Темірлан Алтынқанұлы Оралбаев – «Казполиграф» ЖШС бас директоры;
Иннеса Александровна Чернышёва – «Лев Гумилёв атындағы № 38 гимназия» КММ директоры.

Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: облыстық бюджетті қалыптастыруға, бекітуге және орындалуын бақылауға қатысу; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау, олардың орындалуы туралы есептерді бекіту. Комиссияның қорытындыларын шығару; бюджет қаражаттарын үнемдеу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды облыстық мәслихат сессиясына енгізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; бюджет, экономика, өңірлік даму проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің облыстық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру. 

Төрағасы: Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры

Комиссия мүшелері:

Әсемқан Серқанұлы Досқожанов - «СемАз» ЖШС бас директоры
Жұмабек Жаңбырбайұлы Ибраев - «Силикат» ЖШС бас директоры;
Қайрат Қабдешұлы Қожахметов – «Бота» ЖШС директоры;
Ербол Құмашұлы Көбентаев – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры;
Әсем Тілекқызы Мамутова - ӨК «ТМК» АҚ президенті;
Сергей Владимирович Огнёв - «Фаворит» ЖШС директоры;
Қанат Рысбекұлы Оспанов – «Защита» теміржол станциясының отын қоймасының бастығы;
Дмитрий ОлеговичСомов – «Востоквзрывпром» ЖШС директоры;
Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов – «Элхон» ЖШС директоры;

Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: комиссия құзыреті шегіндеоблыстық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша саладағы істердің жағдайын талдау және зерттеу, ақпаратты қорыту; тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды облыстық мәслихат сессиясына енгізу; облыстық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да құжаттарының жобаларын қарау, комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қорытындыларын дайындау; агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат  ресурстарын  ұтымды пайдалану мәселелері саласындағы саясатты жергілікті деңгейде қалыптастыруға қатысу, соның ішіндедөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар жұмысына және т.б. қатысу;агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды  пайдалану мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бөлігінде облыстың атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу;тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; комиссияның жүргізуіне жатқызылған проблемалар бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын  ұтымды  пайдалану мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; өзінің облыстық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру.

Төрағасы: Людмила Петровна Цыбенко – «Семена масличных» шаруа қожалығының басшысы

Комиссия мүшелері:

Фарид Құмашұлы Абитаев – «Астана-Бизнес» ЖШС директоры;
Михаил Николаевич Анашкин – «Имсталькон» Өскемен монтаж фирмасы» ЖШС директоры;
Серік Марксұлы Байғалиев – Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы;
Болат Мигражұлы Бекбердинов - «Елім-ай Көкпекті» ЖШС директоры;
Тимур Русланович Виситаев – «Виситаев Р.Д.» шаруа қожалығының басшысы;
Ерлан Әмірбекұлы Зайтенов - «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы;
Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов – «Шалабай» ЖШС бас директоры;
Мұхит Тұмабаев - «Агрофирма «Приречное» ЖШС директоры;

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: комиссия құзыреті шегіндеоблыстық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша әлеуметтік саладағы істердің жағдайын талдау және зерттеу, ақпаратты қорыту; тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды облыстық мәслихат сессиясына енгізу; облыстық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да құжаттарының жобаларын қарау, комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қорытындыларын дайындау; әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, білім беру, мектептен тыс және мектепке дейінгі тәрбие, тұрғындарды жұмыспен қамту, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері саласындағы саясатты жергілікті деңгейде қалыптастыруға қатысу, соның ішіндедөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар жұмысына және т.б. қатысу; әлеуметтік сала мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бөлігінде облыстың атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу;тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; әлеуметтік сала проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); әлеуметтік сала мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің облыстық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру.

Төрағасы: Марина Юрьевна Быкова – «Востокцветмет» ЖШС компаниясының қаржы директоры

Комиссия мүшелері:

Айнаш Әлібекқызы Әменова – Бесқарағай ауданының «Тіл үйрету орталығы» КММ директоры;
Маржан Бақыт – «Шығыс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі;
Елена Владимировна Беленцева – «КЭМОНТ» АҚ бас директоры;
Талғат Тілебалдыұлы Құрманғалиев – «Ақ Жол» ҚДП ШҚО филиалының төрағасы;
Қуат Қажымұқанұлы Рахымбердин – «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» ҰАҚ доценті;
Азат Толқынұлы Сарпеков – «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
Илья Анатольевич Смоляков – Қазақ зағиптар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры;
Шолпан Бағланқызы Шегедекова – «Қарағайлы» Семей медициналық-әлеуметтік мекемесінің медицина бөлімшесінің меңгерушісі.

 

 

Бет өзгертілді: 18-01-2021