|
|
|
|
Шатырды жөндеу жұмыстары
Өскемендіктер үйлерінің сыртқы келбетіне аса мән беріп отыр. Биыл тек аула ғана емес, сонымен қатар 50 үйдің шатыры күрделі жөндеуден өтеді. Тұрғындар шығынның жарты бағасын ғана төлесе, қалған соманы арнайы демеушілік қоры мойнына алған.
Мына екі қабатты үйдің тұрғындарына әдеттегі жауын-шашын апатты жағдай болып келе жатқанына 40 жылдан асты. Әр пәтер, ауа-райы өзгере қалса, ыдыстарын дайындап келген. Жөндеу жұмыстарынан кейінгі сылақ та, түсқағаз да бір айға шыдамаған. Ал, шатыр жөнделгелі бері, бұл күндер артта қалды дейді тұрғындар.
Надежда Шмыгалева, тұрғын:
- Біз тұрғындардан 512 мың теңге жинадық. Ал, шатырдың құны 960 мың теңге. Қалған қаржыны қала төледі.
Көп қабатты үйлердің шатыры пәтер иелері кооперативі ведомствосына кіреді. Жөндеу жұмыстары бойынша, көп шығынды қажет ететін де - үйдің жоғарғы бөлігі. Орта есеппен алғанда шатырды ауыстыру үшін 1 млн-нан 3-млн-ға дейін қаржы керек. Өскемендіктерге жергілікті демеушілер қоры қол ұшын берген. Ірі кәсіпорындар қорға ақша құйып, керекті соманын жартысын жинаған тұрғындарға көмектесті. Әзірге, осындай 18 шатыр жөнделді. Дегенмен, бүгінгі күні мұндай жөндеу Өскеменнің 1000 үйіне қажет. Билік бұл игі шараны әрі қарай созып, тұрғындардың керекті соманы жинап алуына мүмкіндік беруде. Ең бастысы, онжылдықтар бойы бас ауыртып келген мәселенің шешімі табыла бастады. Билік басындағылар, енді республикалық бюджеттен несие сұрап отыр.
Ислам Әбішев, Өскемен қаласының әкімі:
- Біз сол несие алу арқылы бұл мәселені толық шешуге болады деп ойлаймын. Сонда 1 млр алатын болсақ, 3-4 жыл көлемінде біз толық осы үйлердің шатырларын жөндеп шығу мүмкіншілігіміз бар. 4612склейка и үйдің иелері, оны бірден емес, оны бір жылдың көлемінде төлеп құтылатын болса, яғни сол үйдің шатырының жағдайына байланысты ол 20 мыңнан 40 мың, 50-мың көлемінде. Егер оны біз мысалы үшін 12-айға бөлетін болсақ, онда бұл кісілердің оны төлеп шығуға мүмкіншілігі болады.
Егер ақша түсетін болса, онда шатырды жөндеу жұмыстарына орта есеппен алғанда әр пәтер бір мезетте 8-10 мың теңге төлеуі керек. Қалған соманы жыл бойы төлей алады. Несиені уақытында төлегендерге билік басындағылар ауланы тегін көріктендіріп береміз деп отыр.
Дмитрий Крюкович, Дмитрий Пыхтин, «Хабар»
|
|
|