Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылы 28 қазанда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясы өткізілді

Сессия жұмысына 11 депутат қатысты, 1 депутат онлайн режимінде. Сессияға қатысқандар: Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Сейтқанов Раджан Қайрқанұлы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Литвиненко Евгения Николаевна, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жампеисов Рауан Асылханович.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1) Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/2-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Глубокое ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырып және өткізу тәртібін белгілеу туралы;

3) Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/7-V «2016-2020 жылдарға арналған Глубокое ауданының аумақтық дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 29/2-VІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешімі;

5) Глубокое аудандық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясының төрағасы туралы.

Экономика бөлімінің басшысы Е.Н. Литвиненко аудандық бюджет қаражатының қалай қайта бөлінгенін баяндады. Олар қаржыландыруға мұқтаж бірінші кезектегі мақсаттарға бағытталған. Бұл ауданның елді мекендерін қысқы тазалау; санитарлық тазалау, рұқсат етілмеген үйінділерін жою бойынша жұмыстар жүргізу; мектептер мен балабақшалардағы педагогтарға еңбекақы төлеу, аудандық ұйымдар бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (тарифтердің өсуіне байланысты).

Е. Н.Литвиненко атап өткендей, аудан бюджетінде облыстық бюджеттен 1335075,5 мың теңге сомасында трансферттер, республикалық бюджеттен 3327979,8 мың теңге сомасында трансферттер ескерілген (ағымдағы нысаналы трансферттер – 1730275,8 мың теңге, дамуға-1322560 мың теңге).

«Глубокое ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтау туралы» ереже бекітілді.

Глубокое ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына түзету енгізілді.

Сондай-ақ, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

Депутаттар талқылап болған соң шешімдер бірауыздан қабылданды.