Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылдың 23 қазанындағы Аягөз аудандық мәслихаттың кезектен тыс LIII сессиясы болып өтті

Сессия төрағасы, № 7 сайлау округінің депутаты А.Қасымжанов төмендегідей сессияның күн тәртібін ұсынды. Аягөз аудандық мәслихаттың 14 депутаттан 13 депутат қатысты.

Сессияда мына мәселелер қаралды:

Кезектен тыс елу үшінші сессияның күн тәртібі бекітілсін:

1. Алтыншы шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының кезектен тыс LІІI сессиясының күн тәртiбi туралы.

2. «Аягөз ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 42/291 – VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №34/225-VI «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №43/325-V шешіміне өзгеріс енгізу.

5. Аягөз ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

6. Аягөз ауданының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің құрамын бекіту туралы.

7. Аягөз ауданының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

8. Алтыншы шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының келесі LIV сессиясының төрағасы өкілеттігін ұзарту туралы.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.