Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылғы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХLІІІ сессиясы болып өтті

Сессияға 41 депутаттың 28-і қатысып, бұл 68,3 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі.

Сессияда мына мәселелер қаралды:

1. «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

3. Депутат Ж.А.Жұмаханов туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясының төрағасы туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.