Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылғы 3 желтоқсанда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы өткізілді

Сессия жұмысына онлайн тәртібінде 10 депутат, Глубокое ауданының әкімі Тамара Анатольевна Рахимжанова, аудан әкімінің орынбасарлары Сейтканов Раджан Кайрканулы, Кимасов Сергей Борисович, Старенкова Елена Васильевна, сессияда қаралатын мәселелер бойынша басшылық ететін бөлім және басқармалардың басшылары қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/2-VI «2020 - 2022 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы.

4. Глубокое аудандық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясының төрағасы туралы.

Глубокое ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасын нақтылау туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е. Н. Литвиненко баяндады.

Кіріс бөлігі бойынша салықтардың нақты түсуіне байланысты түзету жүргізілді, жалпы алғанда аудандық бюджетті нақтылау үшін төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеу үшін аудандық бюджет қаражатын алып қою кіріс бөлігін асыра орындау және бюджеттің шығыс бөлігін 239 485 мың теңге көлемінде қысқарту есебінен жүргізілді.

Республикалық бюджет қаражатынантрансферттер ұлғайтылды: қоғамдық жұмыстарға – 6,1 млн.теңгеге, педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге-49 млн. 132 мың теңгеге ұлғайтылды, жалақыны ішінара субсидиялауға - 422 мың теңгеге, тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді өтеуге-13 мың теңгеге азайтылды.

Ауданның сумен жабдықтау желілерін қайта құру және құрылыс объектілерінің конкурстық рәсімдерін бастау үшін облыстық бюджет қаражатынан 500 мың теңгеге ұлғайтылды. Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек көрсету үшін 10 мың теңгеге, Глубокое кентінде мәдениет үйінің құрылысы бойынша 42,5 млн.теңгеге, Алтайский кентінде тазарту құрылыстары мен кәріздерін қайта жаңартудан 62,4 млн. теңгеге, Малоубинка ауылында су тарту желілері мен су тарту құрылыстарын салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша 4,1 млн. теңгеге азайтылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маргарита Николаевна Пономарева әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Н. Литвиненко ауданның ауылдық жерлеріндегі азаматтық қызметшілерге, атап айтқанда әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғары лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленгені туралы айтып берді.

Депутаттар талқылап болған соң шешімдер бірауыздан қабылданды.