Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылғы 14 желтоқсанда шығыс қазақстан облыстық мәслихатының кезекті ХLIV сессиясы болып өтті

Сессияға 40 депутаттың 30-ы қатысып, бұл 75 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Б.Сматлаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Сессияда мына мәселелер қаралды:

1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Сәуле Тұмашқызы Ұлақова -  Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының басшысы.

2. Шығыс Қазақстан облысындағы ветеринариялық қауіпсіздіктің жай-күйі мен даму перспективалары туралы.

Рамиль Ниғметжанұлы Сағандықов - Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы.

3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Аягөз ауданында іске асыру барысы туралы.

Сейілбек Әбүйірұлы Ысқақов -  Аягөз ауданының әкімі.

4. Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков – тұрақты комиссия төрағасы.

5. Әртүрлі мәселелер:

1) «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

2) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 5 қазандағы № 6/65-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 22 тамыздағы № 22/255-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі облыстық Кеңестің дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі № 12/127-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2/15-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

7) Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы;

8)  «Шығыс Қазақстан облысының  терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 13/156-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

9) «Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 26/296-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия алдында барлық тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіліп, онда депутаттар кезекті XLІV сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді қарады.