Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке шын мәнінде еліміздің бостандығы мен құдіреттілігінің нышаны болып саналады. Бұл күн біздің елімізді, оның тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін қастерлейтін барлық адамдардың басын қосады.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз тәуелсіздік жылдары толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасында мүмкін болды.

Елдік пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, әр отбасыға тыныштық пен бейбітшілік тілейміз.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты