Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің 2020 жылғы қызметі туралы ақпарат

2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесімен 85 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді: соның ішінде:

-       ШҚО Қоғамдық кеңесінің 9 жиналысы, оның 8-і қоғамдық тыңдаулар форматында;

-       Сарапшы жұмыс топтарының 45 жиналысы;

-       Облыстың қалалары мен аудандарындағы 6 көшпелі жиналысы;

-       денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі бойынша 8 рейд;

-       «Шемонаиха ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК №2 дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының жағдайын бақылау, «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде арнайы әлеуметтік қызмет алушыларға жасалған жағдаймен, орталықтың материалдық-техникалық қамтылуымен, кадрлық әлеуетімен танысу, Есенберлин көшесіндегі құрылысы аяқталмаған нысандарды бақылау, Бородулиха ауданындағы Большое көліндегі үйректердің жаппай қырылуы мәселесі бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы, қоқыстар мен қалдықтарды кәдеге жаратудың жаңа технологиялары бойынша қоқыс сұрыптау таспасының іске қосылуына қатысу мақсатымен және т.б. азаматтардың жүгінулері бойынша 17 қоғамдық бақылау.

Тұрғындар тарапынан демалыс орындарында санитарлық талаптарды сақтамау жөніндегі шағымдардың көптеп түсуіне байланысты экология бойынша сарапшы жұмыс тобымен Ұлан ауданындағы демалыс орындарында санитарлық-эклогиялық жағдайды бақылау рейдтері өткізілді. Топ мүшелері Дұбығалы к. демалуға арналған жағалауын және демалыс базаларын аралап, рейд барысында көлдің солтүстік-батыс жағалауында көптеген рұқсатсыз қоқыс орындары анықталды. Жергілікті атқару органдарына ұсыныстар жіберілді.

Бұрын сотталғандарды оңалту және қажеттілігі ерекше азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сарапшы топтары Өскемен қ., Алтай ауданы әкімдігінің Ауыр жағдайда қалған тұлғаларды бейәлеуметтендіру орталығына барып қайтты. Рейдтер барысында анықталған ескертулерді жою бойынша ұсыныстар жасалды.

Кіші бизнесті дамыту бойынша сарапшы жұмыс тобы Глубокое ауданындағы кәсіпкерлік ортаның жағдайын бақылау мақсатымен рейд өткізді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша келесі ұсыныстар жіберліді:

1.  Глубокое ауданының кәсіпкерлік бөліміне базар аумағында сауда орындарын ұсыну арқылы көшедегі ретсіз сауданы жою;

2.  Глубокое ауданының Кәсіпкерлер палатасына Кәсіпкерлік бөліммен бірлесіп тұрақты түрде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін олардың мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолдана отырып, кәсіпкерлік ортаға өтуі мақсатымен оқыту семинарларын өткізу;

3.  «Даму» қорының филиалына екінші деңгейдегі банктермен бірлесе отырып, Глубокое ауданындағы кәсіпкерлік ортаның кәсіби белсенділігін зерттеу;

4.  Ауданның ішкі саясат бөліміне БАҚ құралдарында Қазақстандағы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу.

2020 жылы келесі бағыттар бойынша 206 норматитвтік құқықтық актілердің жобалары қаралды:

-            облыс маслихатының 19 шешімі;

-            облыс әкімдігінің 187 қаулысы;

ü  бюджетке өзгерістер енгізу және бюджеттің орындалуы бойынша – 7;

ü  ауыл шаруашылығы саласында – 10;

ü  білім беру саласында – 3;

ü  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша - 1;

ü  су қорғау аймақтарын және су қорғау алқаптарын белгілеу бойынша– 131;

ü  басқа бағыттарда  – 54.

Мемлекеттік органның 5 басшысының облыстық бюджеттің орындалуы, Шығыс Қазақстан облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық бақылау қорытындысы, Полиция департаментінің қызметі, қамаудағы азаматтардың құқықтарын сақтау, учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелері,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізілген мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық бақылау қорытындысында баяндалған ұсыныстарды орындау жөніндегі есептері қаралды.

Облыстық Қоғамдық кеңестің «Қоғамдық қабылдауына» кеңес алу мен мәселелі сұрақтарды шешу бойынша 332 адам жүгінді, оның ішінде 279 арыз оң шешімін тапты, 53 мемлекеттік органдарға жіберілді.

Қоғамдық кеңестің Facebook, Instgram желілерінде сарапшы топтардың қызметі, азаматтарды қоғамдық қабылдау, рейдтер нәтижелері жөнінде 160 жарияланымдар орналастырылды. Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат мемлекеттік органдардың сайттарында жарияланады.

2020 жылы Қоғамдық кеңестің қызметі жөнінде БАҚ-да 209 материал жарияланды, оның ішінде:

ü  республикалық электронды БАҚ – 8 сюжет;

ü  республикалық баспа БАҚ – 17 мақала;

ü  жергілікті баспа БАҚ – 100 мақала;

ü  аудандық БАҚ – 84 мақала.

2020 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы» есебі тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мүшелері коронавирустық пандемияға байланысты орын алған жағдайда Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың алдын алуды түсіндіру жұмысына қатысты. Төтенше жағдай режимі кезеңінде Қоғамдық кеңес жанындағы сарапшы жұмыс топтарының жетекшілерімен әлеуметтік желілерде 8 тікелей эфир өткізілді.

Сарапшы жұмыс топтары Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп қоғамдық көліктерде,  дүкендерде, сауда орындарында, базарларда және басқа да объектілерде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатымен рейдтер өткізді.

2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі:

-   Қоғамдық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерін, азаматтардың, тиісті салалардың сарапшыларын тарта отырып коммуникативті іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс (конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар);

-   «Шұғыл жерінің» жұмысын – халықтан келіп түскен сұрақтарды, ұсыныстарды, өтініштерді жинау, жалпылау, оларды тиісті органдар мен аумақтық Кеңестерге бөліп таратуы бойынша «Қоғамдық кеңестің қабылдау бөлмесінің» жұмысын жалғастыруы, облыстың ауыл, қала тұрғындарын «шұғыл желі» байланысы туралы, өтініш білдіру мүмкіндіктері туралы барынша кеңінен және атаулы хабардар болуын қамтамасыз етуі тиіс;

-   ШҚО қалалары мен аудандарындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп іс-шаралар өткізу, қоғамдық кеңес мүшелерін оқытуы тиіс.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының 
Қоғамдық кеңесінің төрағасы В.Головатюк