Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 жылдың 22 қаңтарында аягөз аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясы өтті

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.

2. Аягөз аудандық жер комиссиясының дербес құрамына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы.

3. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 02 шілдедегі №49/414-VI «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Аягөз ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

5. Аягөз аудандық мәслихатының келесі үшінші сессиясының төрағасы туралы.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.