Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 жылғы 25 қаңтар күні сағат 17-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс III сессиясы өтті

Сессияда негізгі сұрақ қаралды Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі лауазымына Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаевты тағайындауға келісім беру бойынша облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов депутаттарға ұсыныс жасады.

Сұрақ шешімінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс сессияға 11 депутат қатыстып, ол 91 пайызды құрады.

Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. К. Ахметов, аудан прокуроры Е. Бұланбаев, аудандық сот төрағасы А.Әли, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н. Көпжасаров, аудан әкімінің орынбасарлары Л. Кенжетаева, Н. Абдыкаримов, аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Мамарбаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері К. Оскенбаев қатысты.