Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 жылғы 31 наурызда Көкпекті аудандық мәслихатының VII шақырылымының кезекті IV сессиясы өткізілді

Сессияға 11 депутаттан 10 депутат қатысты. 

Сессияда төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

1. 2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының аудан дамуы бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпараттары.

Жылқышев Қайрат Жұмағалиұлы - ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;

Тәжікова Маржан Ерлікқызы – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а.

2. 2020 жылға Көкпекті ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есеп.

3. Көкпекті ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы.

4. 2020 жылғы Көкпекті ауданының бюджетінің орындалуы туралы ШҚО тексеру комиссиясының жылдық есебін (қорытындысын) бекіту туралы

5. Әртүрлі.

1) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 55-2 «2021-2023 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;

3) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/2 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы;

4) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5 «Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/3 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6) Көкпекті ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

7) Кәмлетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия дербес құрамын бекіту туралы;

8) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/5 «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

9) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/7 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

10) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/4 «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

11) Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы;

12) Көкпекті аудандық мәслихатының бесінші сессиясының төрағасы туралы.

Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша шешім бірауыздан қабылданды.

Аудандық мәслихаттың кезекті IV сессиясы Aitube.kz арнасында орналастырылды.