|
Азаматтық қоғам
«ЗУБР» қорының авторлық ұжымымен дайындалған жаңа
Еңбек нарығындағы құқықтық қорғанушылық бүгін –лайықты қарттық ертең
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ! ТОҚТА!ы
Ойы ұшқырлар мен алғырларға конкурс!
Азаматтардың аумақтарды басқаруға қатысу құқықтарын іске асырудың үздік тәжірибелер жинағы
«Зубр» Консалтинг-Орталығы
Сіздерді эксперименттік лаборатория жұмысына қатысуға шақырамыз
«Зубр» әлеуметтік корпоративтік қоры – коммерциядан, үкіметтен тыс ұйым; Ұйымды 2001 жылы 26 желтоқсанда «Зубр» Консалтинг-Орталығы» құрған. Осы уақытқа дейін Қазақстанның үкіметтен тыс секторында үш жылдан артық қызмет істеген. Қордың тіркелу мезетіне «Зубр» тобы 15 жобаны жүзеге асырған еді. Бұл жобалар коммерциядан тыс ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдарды, әлеуметтік серіктестікті дамытуға, қоғамның барлық секторларының өкілдерін оқыту бағдарламаларын жүргізуге бағытталған. Қордың құрылуы «Зубр» Консалтинг – Орталығының қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік берді, сонымен бірге жұмыс сапасы, кәсіби шеберлік, серіктестік қарым-қатынастар сақталып қалды.
«Зубр» әлеуметтік-корпоративтік қорының мақсаты – Шығыс Қазақстан облысы үшін әлеуметтік маңыздылығы зор бастамалар мен коммерциядан тыс жобаларды дамытуға; қамқорлық, кеңестік, білім, ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асыра отырып халықтың белсенділігін көтеруге ықпалдық жасау.
Қызметінің негізгі бағыттары:
1. Ресурс орталығы, азаматтық қоғамды қолдау орталықтарының қызметі және аймақ ұйымдары арасындағы желілік байланыс құру арқылы коммерциядан тыс ұйымдарды дамыту және қолдау
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және аймақ қауымдастығы топтарын қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге қатыстыру;
3. Мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдары және үкіметтен тыс ұйымдар арасында әлеуметтік серіктестік шарттарын қалыптастыру;
4. Қамқорлық қызметін өркениетті түрде дамыту; ол үшін, аймақтағы қамқорлық қызметіне зерттеулер жүргізу, бизнестегі қамқорлық қызметі тенденцияларын талдау, инвестициялық саясат, қамқорлық және гранттық қор қызметтерін ақпараттық қолдау бағдарламаларын құру.
5. Байқау негізінде аймақ үшін әлеуметтік маңыздылығы зор коммерциядан тыс жобаларға мақсатты (гранттық) қаржылық көмек ұсыну.
Мониторинг және әлеуметтік жобаларды бағалау.
2003 жылы 26-28 наурызда «Зубр» әлеуметтік корпоративтік қор Өскемен қаласында үкіметтен тыс ұйым өкілдері мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік құрылым өкілдері үшін алғаш рет Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен. «Мониторинг и оценка социальных проектов» деп аталатын семинар-тренинг өткізді.
Бұл семинарды өткізу идеясы жайдан-жай туындаған жоқ. «Зубр» әлеуметтік корпоративтік қоры жыл сайын Жазғы мектеп өткізуді дәстүрге айналдырған. Оған Қазақстанның түрлі қалаларынан келген коммерциядан тыс ұйым өкілдері (аула клубтары, мектептер, қолдау орталықтары) қатысты. Жазғы мектеп өткізу нәтижесінде 2001 және 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған, Сорос-Қазақстан қорымен қолданған 17 жоба құрылды. Сондықтан да бұл семинарда Жазғы мектеп қатысушыларына ең алдымен өз жобаларын бағалау ұсынылды.
Соңғы жылдары біз Республика, қала деңгейінде түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тартудың маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде жиі естиміз. Ол қоғамға не береді, қандай жаңа өзгерістер болады, әлеуметтік жобалардың біздің өмірімізге тигізетін әсері мен құндылығын қалай білуге болады? - бұл сұрақтар инвесторлар үшін де, жобаны жүзеге асырушылар үшін де жауапсыз қалуда. Міне, осындай мәселелер семинар мазмұнының негізі болды. Болашақта әлеуметтік сала өкілдерін оқытып –үйрету жолымен мониторинг жүйесін және әлеуметтік жобаны бағалау базасын құру және енгізу мақсат етіп қойылды. Семинарға қатысушылар мониторинг өткізу және жобалық қызметті бағалай білуді үйренді, баға берудің, бағалай білудің қажеттілігін ұғынды. Семинар тренинг - біз нақтылы немен айналысамыз, таңдаған жолымыз дұрыс па, тиімді нәтижеге қол жеткіздік пе деген ойларға жетелейтін бірінші қадам.
|