|
Азаматтық қоғам
"FAITH - жастардық нашақорлыққа қарсы қайырымдылық орталығы" қоғамдық бірлестігі
 Қоғамдық бірлестік президенті: Стандур Сергей Григорьевич
Ұйым мақсаты: Шығыс Қазақстан облысындағы жастар, жасөспірімдер және балалар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауды дамыту. Қазақстан Республикасында қоғамды сауықтыру және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді нашақорлықтан, ВИЧ-инфекциядан, жыныстық жолдармен берілетін аурулардан сақтандыру арқылы шешу.
Ұйымның мақсатты топтары: Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарының педагогикалық ұжымдары мен оқушылары, Өскемен қаласындағы ОВ 156/22 кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған колонияларда жазаларын өтеп жатқан жасөспірімдер және облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері.
Ұйымның басты мақсаттары: аймақтағы алғашқы мамандандырылған нашақорлыққа қарсы Орталық құру.
Ұйымның қысқаша тарихы және жетістіктері.
Біздің ұйымның атқарған шараларының ішінде келесілерін атап көрсетуге болады: салауатты өмір салты Фестивалінің өткізді, салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты суреттердің ашық байқауын, жастар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметкерлеріне, ұстаздары мен кітапхана қызметкерлеріне арналған әр түрлі семинарлар мен тренингтарды ұйымдастыруды және өткізілуді. Орталық әртүрлі буклеттер жасап таратуды (Есірткісіз өмір ғажап», «Сен және СПИД», «Сен және СПИД жұқтырушы», «Егер сіздің нәрестеңіз болса, онда сіздің білгеніңіз дұрыс», «Жасөспірім нашақорлық туралы» және т.б.), мектеп оқушыларының белсенділігі туралы талдау жүргізуді және «Бөгде көзқарас» кітапшасы шығаруды жүзеге асырды.
2005 жылға арналған «Өмірді таңда – бұл дұрыс шешім» атты үлкен күнтізбелік плакат және қалта күнтізбелері дайындалды. Аталған шаралар жеке, сол секілді жеңіп алынған байқаулар мен жобаларды жүзеге асыру кезінде де жасалынып, жүргізілді.
Жобалар ішіндегі біршама сәтті және маңыздылары мыналар: «Кездесуге бір қадам», «Біз біргеміз», «Болашаққа сенім» жобалары. Бұл қала және обылыс әкімдіктерінің, ҮЕҰ байқауларында, тендрларында жеңіске жеткен жобалар.
Ұйым жұмысының келесі маңызды қызмет бағыттарының бірі қаланың кәмелетке толмағандар колониясында жазасын өтеушілермен және балалары нашақорлық легіне іліккен аналармен жұмыс жасау. Бұл бағытта «Ана жүрегі» ҚҚ бірлесе жұмыс істеу өз нәтижесін беруде. Сонымен қатар "FAITH" қоры жалпы Шығыс аймағының өкілі блып табылады.
"FAITH" (ФЭЙТ-СЕНІМ) нашақорлыққа қарсы Жастардың Қайырымдылық Орталығы қоғамдық бірлестігінің президенті Сергей Григорьевич Стандур ШҚО және Өскемен қаласы әкімдері жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік жөніндегі Кеңестің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар атынан Өскемен қалалық Жастар Парламентінің спиккері болып сайланды.
Мекен жайы:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
Гагарин бульвары, 24, (П.Бажов атындағы кітапхана)
тел.(вахта) 8 (3232) 52-02-33,
ұялы байланыс: 8 333 23 80 586.
E.mail: centrfaith@freemail.ru
сайт: WWW.faith.freenet.kz
|