|
Азаматтық қоғам
"Кругозор" Жастар Орталығы
ШҚО Халықтар достығы Үйіндегі Орыс мәдени орталығы ҚБ ШҚО бөлімшесінің «Кругозор» жастардың мәдениет және туризм орталығы.
Ұйымның мекен-жайы:
Индекс 492 000. Өскемен қаласы
Облысы: Шығыс Қазақстан
Көшесі: Ушанов 63 үй, 7-бөлме
Телефон: (83232) 24-31-95
Факс: (83232) 26-21-55 («Кругозор» ұйымына)
Ұйым басшылығы. ҚБ директоры Нетунаева Татьяна Георгиевна
Ұйым қызметінің басты бағыттары:
Балалар мен жастарды интеллектуалдық демалыс, туризм бағдарламасын жасау, ұйымдастыру және жүзеге асыру арқылы адамгершілік және экологиялық тәрбие беру.
«Кругозор» ЖО қызметі туралы ақпарат.
«Кругозор» ЖО бағдарламалары мен жобалары білім беру, туризм, экология, құтқару, шығармашылық ұжым басшылары, студент жастар органдары мамандарының көмегімен және қатысуымен жүзеге асырылады, атап айтсақ:
- Тұрақты жұмыс істеуші құрам – 5 адам;
- «Бумеранг» ауызша студенттік журнал редакциясы – 8 адам;
- Оқу жылы бойында «Вега» студенттік педагогикалық жасақ қызметі мен оқу процесінде – 20 адам;
- «Кругозор» экологиялық лагерінде жетекші және маман ретінде – 16 адам;
- «Өлкеңді сүй де, біл» оқушыларды экологиялық тәрбиелеудің Облыстық бағдарламасының Координациялық кеңесінде - 12 адам;
- Облыстық «Жас экологтар жиыны» және «Экоэрудит» байқауы ойынында – 15 адам;
- «Брейн-ринг» студенттік экологиялық ойынын жүргізу жөніндегі Координациялық кеңесте – 15 адам;
Жыл сайынғы экологиялық ацияны жүргізу жөніндегі Координациялық кеңесте – 15 адам.
«Кругозор» ЖО жүзеге асырған бағдарламалары мен жобалары:
- Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін «Жер біздің ортақ үйіміз», көрермендер, жанкүйерлер, КМ мен колледжлердің 10 командасына «Брейн-ринг» 2005 қалалық экологиялық студенттік ойыны үшін «Таза табиғи орта – біздің қолымызда» атты ақпараттық-насихаттамалық экологиялық көрме өтіп, оған 550 адам қатысты.
- Жаңа Бұқтырма кенті мұғалімдері, оқытушылары және тұрғындар өкілдері үшін ұйым оқытушылық семинар практикумын және кенттің екі мектебі үшін экологиялық көрме өткізді. Семинарға 35 адам қатысса, көрмемен 1200 адам танысты.
- Мектеп оқушылары үшін «Өлкеңді сүй де, біл» және КМ және колледжлер үшін «Менің өлем менің Отаным» экологиялық байқаулары өткізіліп, байқауда орта сынып оқушыларына экологиялық төлқұжат, төменгі сынып оқушыларына суреттер, плакатар және фотожұмыстар сынағы ұйымдастырылды. Алғашқы сұрыптаудан ейін байқауға 169 жұмыс қатысты.
- Облыстық «Жас экологтар жиынына» қатысушылар үшін танымды бағдарлама «Экоэрудит – 2005» байқауы өткізілді. Слетке Өскемен қаласы мен облыстың 19 командасы қатысты. Олар Өскемен қаласы көшелерімен экологиялық жастар шеруіне және Қоршаған ортаны қорғаудың дүние жүзілік Күніне орай ӨМЗ МҮ мерекелік бағдарлама ұйымдастарылды.
- Өскемен және Семей қалалары командаларының студенттік экологиялық Пікірталас сайысы өткізіліп, ол облыстық телеарна арқылы көрсетілді.
- Алғаш рет облыстық «ШҚО-ы жастардың экологиялық қозғалыстары көшбасшыларының Форумы» болып, оның жұмысына КМ, колледждер, қаланың ЖОО студент жастары және облыс кенттерінің жастары ат салысты.
- Экологиялық идеялар мен жобалар байқауының қорытындылары жүргізіледі.
- Алғш рет журналистер арасында экологиялық тақырыптағы ең үздік Мақала байқауы өткізілді.
- Жамбыл атындағы саябақта және ШҚО ХДҮ Балаларды қорғаудың халықаралық Күніне және «Қоршаған ортаны қорғаудың дүние жүзілік Күнін» атап өтуде алғаш рет қаланың балалар бақшалары мен балалар үйі командаларының қатысуымен «Экознайка» танымдық эстафеталық ойын байқауы өткізілді.
- «Көгілдір бұғаз» демалыс үйі базасында «Кругозор» экологиялық лагері балаларымен жұмыс үшін «ВЕГА» студенттердің жастар педагогикалық жасақтарын оқыту бағдарламалары жасалынып, жүргізілді. Бұқтырма су қоймасы жағалауында облыстың әр аймағынан 150 оқушы 11 күннен дем алды. Оқушылар туған жерлерінің әсем табиғатымен, туындап жатқан мәселелерімен танысып экологиялық білімдерін жетілдіре түсті. Экологиялық десантқа қатысып, жасанды көл маңын, шағын қайың орманын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын өткізді. Сондай-ақ, демалыс орнында ҚР халықтарының мәдени белгілері пайдаланылған, атап айтсақ тілдерінен, салт-дәстүрлерінен, ойындарынан алынған ұлтаралық арақатынасқа бағытталған бағдарламалар жүргізілді.
- Оқу жылы аралығында «Бумеранг» студенттік ауызша журнал ШҚО ХДҮ акт залында 800 көрерменді жинады.
- «Қайырымдылық аптасы» шеңберінде Белаусовка кенітінде арнайы мектеп балалары үшін ағаш отырғызу жөніндегі және блиц-сауал экологиялық акциясы өткізілді.
- Орыс мәдениет орталығының жастары мен «Кругозор» ЖО «Жасыл бақ Таза қала» акциясын өткізді. Оның барысында С.М. Киров атындағы саябақта 30 ағаш отырғызылып, Өскемен қаласының мектеп және студент жастарға танымдық байқаулар мен викториналар, сондай-ақ мектеп және студент жастардың қатысуымен ШҚО ЖДҮ аумағында «Қоқыспен күрес» насихаттамалық-экологиялық шарасы ұйымдастырылды.
- Оқушылар үшін «Радуга» ай сайынғы ауызша ақпараттық-музыкалық Журнал құрылып, онда 400-ден аса оқушы болған.
- «Көгілдір бұғаз» демалыс үйіне оқушыларды апарып сауықтандыру шарасы ұйымдастырылды.
- Мемлекеттік заң және атқару билігі органдарының, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «ШҚО қаладан тысқары демалыс орындарында балалар денсаулығын жыл сайынғы профилактика, сауықтандыру және тәрбиелеу жолымен қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің барысы БАҚ қолдауымен өтті.
Жүзеге асырылған бағдарламалар мына мемлекеттік органдардың қолдауымен және тікелей қатынасуымен өткізілді, атап айтсақ: ШҚО әкімдігі, Қоршаған ортаны қорғаудың ШҚО аумақтық басқармасы, «ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану Департаменті», «ШҚО білім беру Департаменті», Қалалық әкімдік, қалалық білім беру басқармасы, ШҚО халықтар Ассамблеясы, ШҚО халықтар Достығы Үйлері, ШҚО БАҚ. |