|
Азаматтық қоғам
"Шығыс Қазақстанның мұсылман әйелдері" қоғамдық бірлестігі
Адрес: Өскемен қаласы, Ушанов көшесі,63 (Достық Үйі)
Телефон: 26-03-61
«Шығыс Қазақстанның мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігі «Әжелер алқасы» болып қайта құрылды. Бірлестіктің белсенді мүшелері ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында жастар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізеді, достықтың гуманистік идеяларын басты орында.
«Шығыс Қазақстанның мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің атқарған істері мол:
- Үнемі балалар, қарттар үйлеріне, колониялардағы жасөспірімдерге қайырымдылық көмектер беріп тұрады.
- «Құрбан айт», «Ораза айт», «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекелерін дайындап, өткізіп тұрады.
- №3 мектеп-гимназиясының қабырғасында репрессияға ұшыраған жерлестеріміздің құрметіне «ас» берді.
- Педагогтар мен дәрігерлердің ауқымды тобының қатысуымен қаланың оқушы және студент жастарына арналған ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатындағы шаралар циклі үнемі ұйымдастырылып отырады.
- Шығыс Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының облыстық Достық Үйінің жанындағы мәдени-ұлттық орталықтарымен бірлесе қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта жандандыру және насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
- Мұсылман әйелдерінің қоғамдық бірлестігінің «Асыл әже» фольклорлық ансамблі құрылып, бүгінгі таңда ол Достық Үйінде өткізіліп тұратын барлық шараларға қатысып тұрады.
- Шығыс Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясымен, Достық Үйімен бірлескен «Қазіргі әлеуметтік-саяси өмірдегі әйелдердің рөлі және орны» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Етекбаева Гүлбаран Сүлейменқызы - «Шығыс Қазақстанның мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Шығыс Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының мүшесі.
Етекбаева Гүлбаран 1991 жылы құрметті денсаулыққа шыққаннан кейін қала өміріне белсенді түрде араласа бастады. Жақсы ұйымдастырушы, жан дүниесі өте терең адам Гүлбаран Сүлейменқызы көмек керек болған әр адамды өз жылуынсыз қалдырмайды.
Етекбаева Гүлбаран ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, жастарды тәрбиелеу мәселелері жөнінде көптеген мақалалар бастырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шығып жүреді. Ол «Ақ ниет» жинағын баспаға дайындады. Жинақта мұсылман әйелдердің айтқан қазақ фольклорлық шығармаларын, жаңылтпаштар мен жұмбақтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын, жас ұрпақта патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған материалдар жинақталған.
Қалалық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесе отырып Гүлбаран апай ЖОО жұмыстарына «Жас толқын», «Жігіт сұлтаны», «Алтай аруы» конкурстарын енгізуге ат салысты.
Бірінші облыстық «Әйелдер жүзі» қоғамдық фестивалін «Статус» әйелдер федерациясымен, «XXI ғасыр әйелдері», «Бибі ана» қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты қоғамдағы әйелдердің рөлі мен статусын арттыру. Фестиваль аясында өткен «Еліміз бен балалардың болашағы біздің қолымызда» конференциясында Гүлбаран Етекбаева «Қоғамдастыққа маңызы бар мәселелерді шешудегі облыстағы әйелдер үкіметтік емес ұйымдарының қызметтері» тақырыбына баяндама жасады.
«Асар» партиясының мүшесі ретіндегі белсенді жұмысы үшін «Асар» партиясының төрайымы Дариға Назарбаевадан алғыс хат алды. Достықты, ұлтаралық келісімді нығайтуға, Қазақстан халықтарының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте «Шығыс Қазақстанның мұсылман әйелдері» республикалық бірлестігінің, Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының Әкімдерінің алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталды.
Гүлбаран апай Шығыс Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясымен, Достық Үйімен бірлесіп өткізген «Қазіргі әлеуметтік-саяси өмірдегі әйелдердің рөлі және орны» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының, «Қазақстандағы рухани келісімді нығайтудағы исламның рөлі», «Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет: бірлесе жұмыс істеудің тәжірибесі мен болашағы» облыстық конференцияларының белсенді қатысушысы.
2001 жылы Етекбаева Гүлбаран Сүлейменқызы қалалық «Шығыс Маржандары» конкурсының «Даналық пен мейірімділік» номинациясындағы жеңімпазы болды.
Қазақстан Республикасының 10 жылдығы мерейтойының қарсаңында Гүлбаран апай «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды.
Етекбаева Гүлбаран Сүлейменқызының өмірі – біздер үшін үлгі-өнеге алатын өмір.
Ол – бес бала мен сегіз немере тәрбиелеп отырған ана, дана ене.
|