|
Азаматтық қоғам
"Ауыл жастарының денсаулығы" қоғамдық қоры
Адресі: ШҚО, Ұлан ауданы, Горняк ауылы
492000, Өскемен қ.,Мызы көшесі, 1 үй
телефон: (83232) 26-04-50, 57-86-04,
т/факс: 24-02-72 с. 8 333 235 88 01
E-mail: speclpp@ukg.kz
Тіркеу нөмірі ҮЕҰ № 14858-1917-ТОО
«ШҚО ауыл жастарының денсаулығы» қоғамдық қоры пікірлес топпен құрылып, 2002 жылы 11 қарашада ШҚО әділет басқармасында тіркелген.
Қордың міндеті – ауыл жастары мен студенттердің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұзақ уақыт маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауыратын жандарды емдеу процесіне жағдай жасаумен байланысты мәселелерді шешуге қоғамға көмектесу.
Қор жұмысын бірнеше бағытта жүргізеді:
1. Есірткіге тәуелді жандарға әлеуметтік және еңбекпен қамту жөнінде көмек берудің арнайы бағдарламалары бойынша жұмыстар (емделуге, қызметке орналасуға жәрдемдесу).
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау(телеарналар, радио, газеттер).
3. Халықаралық және аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, декадаларға қатысу.
4. Облыс ауылдарының жастарымен жұмыс(санитарлық-ағартушылық жұмыстар, ауыл жастарының бос уақыттарын ұйымдастыруға консультативтік көмектер).
«Горняк» ауылында оралмандар ісі жөніндегі Басқарманың, облыстық денсаулық сақтау Департаментінің және облыстық Мәдениет Басқармасының қолдауымен оралмандардың балаларына арналған жаңа жыл кеші ұйымдастырылды.
2003 жылы 15 ақпанда Ұлан ауданында «Аудандағы денсаулық күнін» өткізуге белсене ат салысты.
№34 мектепте нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы және СПИД, ВИЧ инфекциядан сақтандыру мақсатында жыныстық қарым-қатынас туралы лекциялар циклін ұйымдастырды.
2004-2005 жылдары облыстық ішкі саясат Департаментінің әлеуметтік жұмыстар бойынша гранттарын екі рет жеңіп алып, Тарбағатай және Ұлан аудандарында жұмыс жүргізді.
Жастарды құқықтық сауаттандыру, құқықтық тәртіптерін нығайту мәселелері бойынша ақпараттық, психологиялық көмектер беру мақсатында арнайы буклеттер шығарылып, бейне, фотоқұжаттар жасалды. Құрамына дәрігер-наркологтар, психологтар кіретін, жер жерлерді аралап әлеуметтік ақпараттық-консультациялық көмектер көрсетуге арналған топ жұмыс істейді.
«Келесі буын есірткіге қарсы» деген тақырыпта Молодежное кентінде, Ақсуат, Ақжар, Тұғыл ауылдарында белсенді жастардың семинарын өткізді.
Таврия елді мекенінде «Өлтірме!» деген бейнефильмнің көрсетілуімен «Аудан жастары мен жасөспірімдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері» атты тренинг ұйымдастырылды.
Васильевка ауылында қазақ тілінде алкоголь және есірткі тәрізді заттарды қабылдау әзәзіліне қалай қарсы тұру керектігі туралы тренинг жүргізілді.
Саратовка ауылында «Өлтірме!» деген бейнефильмнің көрсетілуімен «Аудан жастары мен жасөспірімдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері» атты тренинг ұйымдастырылды.
Жобаның іске асырылу барысы 30.10.2004 жылы «Дидар» газетінде жарыққа шықты. Сондай-ақ «Қалкен» телеарнасындағы сюжеттерге де арқау болды.
Ұйымның жетекшісі Жігітекова Майгүл
Ол 1957 жылы 3 мамырда Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында жұмысшылар жанұясында дүниеге келген.
1974-1980 жылдары Семей Медициналық Мемлекеттік институтының емдеу факультетінде емдеу дәрігері мамандығы бойынша білім алды. Институты аяқтағаннан кейін 1980 жылы фтизиатрия мамандығы бойынша сынақтан өтті.
1981-1990 жылдары Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында туберкулез емханасының бөлімше меңгерушісі, ауданның бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1990 жылы «Горняк» облыстық санаториясының бас дәрігерлігіне тағайындалды.
1995—2002 жылдар аралығында ВКОБЛОНКО Диспансерінің бас дәрігерінің орынбасары болып істеді.
08.08.2002 жылдан бастап Өскемен қаласының Мамандандырылған емдеу-сауықтыру кәсіпорнында дәрігер-нарколог, бөлім меңгерушісі болды, 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кәсіпорынның бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды, ал 2004 жылдың қаңтарынан осы күнге дейін бас дәрігер.
1983-1987 жылдарда Тарбағатай ауданының медицина қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің төрайымы болды.
1983-1988 жылдары медицина қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің мүшесі.
Қазақ тілінде «Денсаулық» теле-радио бағдарламаларын «ШҚТА», «ҚАЛКЕН-ТА», Облыстық радиода жүргізді.
Облыстық, аудандық газеттерде үнемі мақалалары жарияланып тұрады.
Пікірлестерімен бірлесе отырып «Ауыл жастарының денсаулығы» қоғамдық үкіметтік емес қорын құрды.
|