Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Азаматтық қоғам

"XXІ ғасыр әйелі" қоғамдық бірлестігі

1999 жылдың 9 шілде күні негізі қаланған.

«XXІ ғасыр әйелі» қоғамдық бірлестігінің қызметі әлеуметтік және ұлттық шығу тегіне, жас шамасына қарамастан интеллектуалдық және шығармашылық еңбекпен айналысатын әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Әбілова Гүлзифа Құмарғазықызы - «XXІ ғасыр әйелі» қоғамдық бірлестігінің директоры, Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, өнертанушы.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан Мемлекеттік мәдениет пен өнерді қолдау Қорының сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері бойынша маманы болып жұмыс істейді.

1999 жылдың басында Алматының әйелдерінің ақпараттық орталығында «Әйелдер құқығы. Білім беру бағдарламасы» бағдарламасымен өткен республикалық семинардан кейін Өскеменнен қатысқан топ қала әйелдері үшін 5 семинар өткізді.

1999 жылдың маусым айында аймақтағы мәдениеттің даму мәселесін бірлесе шешу үшін «XXІ ғасыр әйелі» қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестіктің атауында «әйел» сөзі жекеше түрде, себебі әр Әйел – жеке Тұлға және біздің жұмысымыз әр әйелдің өмірін жақсартуға бағытталған. Журналистер, суретшілер, қолөнершілер, кітапханашылар, жазушылар, ақындар – бұл бірлестікті құрушылардың кәсіптері.

Бірлестіктің жұмыс істеген жылдары көптеген халық өнерінің жәрмеңкелері, шығармашылық кездесулер, жиындар, семинарлар өткізілді. Әйелдер республикалық «Қанатты әйел» көрмесіне, Алматыдағы халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесіне бірнеше рет қатысты. Өскемен қаласындағы мектептердің оқушыларына 2000 жылы ірі кәсіпорындардың жетекші мамандарымен және басшы-әйелдермен болған кездесулер жақсы әсерлер қалдырды. Олар қыздармен өз мамандықтарының қыр-сырлары туралы әңгімелесті. Бірінші күнді қыздар әйелдердің қызмет орындарында өткізіп, жұмыс бабымен танысуға мұрсат алды. Екінші күні Пушкин атындағы кітапхананың мәжіліс залында екі жақты диалог өткізіліп, пікірлермен алмасу өтті.

Жұмыссыз әйелдер – қолөнер шеберлерінің қатысуымен бірнеше өнер Жәрмеңкелері өткізілді. Бірлестіктің күшімен облыстық Пушкин атындағы кітапханада «Ұлпа» атты қазіргі заманғы өнер галлереясы құрылды. Онда ай сайын вернисаждар және шығармашылық кездесулер өткізіліп отырады.

Бірлестіктің маңызды деген шараларының тізімі:

  • Суретшілердің дербес көрмелері: Ольга Преддигердің, Альфия Мухамедьянованың, Тамара Ступакованың, Татьяна Орлованың.
  • Картиналардың қайырымдылық аукционы.
  • «XXІ ғасыр әйелі» үкіметтік емес ұйымын көрермендерге таныту мақсатында бірлестіктің басшылары облыстық телеарнада ток-шоу өткізді.
  • Облыстық «Рудный Алтай» газетінде ай сайын «Өз арамызда», «Жанұя», «Біз жұмыс іздеудеміз» беттері басылады. Бұл беттердің авторы бірлестіктің белсенді мүшесі, бас редактордың орынбасары Людмила Рябцовская.
  • Үкіметтік емес ұйымның мүшелерінің бастамасымен поштаны жұмыссыз әйелдерге тасыту мәселесі қозғалып, 14 әйел жұмысқа орналастырылды.
  • 1999 жылдың қаңтар айында ШҚ мүгедек балаларды қорғау Лигасы үшін жылы киімдерді жинау мақсатында «Жүректен жүрекке» акциясы өткізілді.
  • 1999 жылы 23 сәуірде Халықаралық кітап Күні қарсаңында Облыстық Пушкин атындағы кітапханада ШҚО балалар колониялары, интернаттары, балалар үйлері үшін кітап жинау акциясы ұйымдастырылды.
  • «Біздің 36 үй» ПИК басшысы Ирина Ромашованың басшылығымен әйелдер тобы бірнеше ай бойы өткен таластың нәтижесінде монополист коммуналдық кәсіпорындарға қызметтері үшін бағаны заңсыз көтергенін дәлелдеді. Тұрғындарға 160 мың теңге қаражат қайтарылды.
  • Пушкин атындағы кітапханада бірлестіктің мүшесі Пушкин атындағы кітапхананың директоры Хабиба Ақжігітованың бастамасымен республикалық семинарларда алынған әдебиеттерден тұратын «Әйелдер үшін әйелдер туралы материалдар» тақырыбында картотекалық блок ұйымдастырылды.
  • «Қазіргі жағдайларға қалай бейімделіп, өз мүмкіндіктерін қалай жүзеге асыруға болады» деген тақырыпта нақты кеңестер берген психолог Зияда Бугтугутованың тегін лекциялар курсы ұйымдастырылды.
  • Бүкіл қазақстандық Әйелдер Ақпараттық Жүйесімен бірлескен (Алматы қ., модератор Альфия Әбілева) «Интернет және әйел» атты 3 күндік семинары өткізілді.
  • Бейбітшілік Корпусымен, ШҚ кітапханашылар Ассоциациясымен және ағылшын тілі оқытушыларының Ассоциациясымен бірлесе отырып Өскемен қаласының, Семей қаласының, Риддер және Екібастұз қалаларының әйелдер үкіметтік емес ұйымдарының лидерлерімен 1 күндік семинар өткізілді.
  • Өскемендегі балалар көркемөнер мектебінің жанында Гүлзифа Әбілева «Ұлпа» ұлттық өнер студиясын ашты.
  • Мектеп бітіруші қыздардың Өскемен қаласының іскер әйелдерімен «Мен мамандық таңдаймын» атты кездесуі болды.
  • Біздің үкіметтік емес ұйымымыздың шеберлері Ирина және Наталья Меломановалар «Қанатты әйел» Халықаралық қолөнер туындылары көрмесіне қатысты.
  • Еліміздің орталығы – Астана қаласының туған күнінде мәдениет және өнерді қолдау Мемлекеттік Қорымен бірлесе отырып «Отаным туралы айтамын» атты көрме ұйымдастыру дәстүрге енген.
  • ШҚ ішкі саясат Департаментінің қолдауымен «ШҚО сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері» альбомдарын басып шығару жұмыстары басталды. Екі альбом басып шығарылып, «Өскемен қаласының суретшілері» атты үшінші альбом дайындалуда.
Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010