|
Азаматтық қоғам
"Феникс" даму және бейімделу орталығы
2004 жылы 12 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша әділет Басқармасында тіркелген.
Телефон/факс: 52-29-42,
электрондық адресі phenix@mail.kz
сайт: http://phenix.pushkinlibrary.kz
Орталықтың бастаушы-мүшелерінің құрамына қаланың және облыстың үкіметтік емес ұйымдарының, депутаттық корпустың өкілдері, Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің директорлары және педагогтар кірді. Сондай-ақ орталықта заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Ұйымның бастаушы тобының мүшелерінің кейбірі волонтер болып тұрақты жұмыс істейді, сондай-ақ адам сатушылардан жәбір көргендердің арасында да волонтерлар бар.
Орталықтың негізгі мақсаты: қоғамның әлеуметтік мәселелерімен күресу мақсатында алдын алу туралы кеңінен насихаттау саласындағы мемлекеттің саясатына жәрдемдесу (адам сату, нашақорлық, жанұядағы мәжбүрлеу, темекі тарту), азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Адам сату(траффик), нашақорлық, жанұядағы дөрекілік және басқа да әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған ақпараттық бағдарламаларға қатысу.
Адам сатудан және басқа да дөрекіліктерден жапа шеккен адамдардың бейімделуіне жағдай жасау. Еңбек нарығына бейімделуге әсер ететін бағдарламалар жасау және іске асыру.
Әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен баспасөз конференцияларын, қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, ақпараттық кампанияларды, семинарларды, тренингтарды ұйымдастыру және өткізу.
Ахметқалиева Нәзигүл Маташқызы – «Феникс» даму және бейімделу орталығының директоры.
Орталыққа «Феникс» атауының таңдалуы тегін емес. Ол ежелгі мифтердегі құс атымен ұштасады. Феникс – бүркіт тектес, алтынданған қызыл өңді, 500 жыл өмір сүретін құс. Өмірінің аяқталатынын сезгенде хош йісті шөптерден ұя жасап, өзін өзі өртейді. Бірақ өрттен жаңа құс ұшып шығады. Құстың көз жасының әсері керемет деседі. Феникс мәңгілік өмір мен қайта жасаудың символы.
«Феникс» орталығының қызметі адам сату(траффик), нашақорлық, жанұядағы дөрекілік және басқа да әлеуметтік мәселелерден сақтандыруға және шешуге бағытталған. Негізгі қызметтерінің бірі – 21 ғасыр құлдығы саналатын адамдарды саудалау қылмысынан жапа шеккендерге қайтадан бейімделуге көмек көрсету.
Қайта бейімделу дегеніміз – жоғалтқанды қайтару. Ең бастысы денсаулық, психологиялық жағдайы, жұмысы, туған-туысқандарымен қарым-қатынасы. Қайта бейімделуден өткен жандар жаңа өмір бастап, Феникс құсы тәрізді қайтадан өмірге келгендей болады.
Орталықтың бағдарламаларға бағытталған қызметі бірнеше бағыттар бойынша іске асырылады.
- Ақпараттық-сауаттандырушылық, гендерлік:
- Қоғамның адам саудалау, жанұядағы дөрекілік, нашақорлық және басқа да мәселелерімен күресу және алдын алу шараларын насихаттауға бағытталған бағдарламаларды даярлау және іске асыру, көмек телефоны.
- Гендерлік сауаттандыру.
- Құқық қорғаушылық:
- Заң бойынша ақпарат беру(телефон арқылы және жеке қабылдау арқылы азаматтық заң шығару мәселелері бойынша консультациялар беру).
- Адам саудалаумен байланысты қылмыстармен айналысатын ШҚО және Өскемен қаласының ішкі істер басқармаларымен бірлесе жұмыс жасау.
- Жапа шеккен жақтың қызығушылықтарын қорғау(процеске адвокаттар тарту).
- Сотқа өтініштер құрастыру.
- Әлеуметтік бағыт:
- Адамды мәжбүрлеу, дәлірек айтсақ адам саудалау(траффик) қылмысының құрбаны болған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне көмек беру.
- Сауданың құрбаны болған адамдарға уақытша тұрақ табуға жәрдемдесу. Оларға моральдық-психологиялық жағынан көмек беру: психологтың жеке консультациялары, өзін бағалауға қолдау көрсету, медициналық көмек алуға жағдай тудыру.
- Адам саудалау қылмысының құрбандары болған әйелдер мен қыздарды еңбек нарығына бейімделу сұрақтары бойынша оқыту.
Біздің серіктестеріміз:
- ШҚО Әкімі жанындағы әйелдер және жанұялар ісі бойынша облыстық комиссия.
- Қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және ШҚ облысы әкімдігінің ішкі саясат Департаменті.
- ШҚО және Өскемен қаласының ішкі істер басқармаларының әйелдерді қорғау бөлімшелері.
- Облыстық прокуратура.
- ШҚО әділет Департаменті.
- Өскемен қаласының білім беру мекемелері және басқармалары.
- ШҚО білім беру Департаменті.
- Өскемен қаласының Дағдарыс орталығы.
- Қаланың үкіметтік емес ұйымдары.
- ШҚО аудандарының Әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары.
- Қалалық, аудандық және облыстық БАҚ.
- Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек басқармасы.
- ШҚМТУ, ШҚМУ, ҚАЕУ Дебат клубтарының мүшелері.
- ШҚО денсаулық сақтау Басқармасы.
- А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана.
- «ШҚТА», «ШҚТА+», «Қалкен-ТА», «Телетек» телеканалдары.
- Өскемен қаласының жергілікті өзін өзі басқару комитеттері.
- «Қазпошта» ААҚ ШҚ филиалы және қаланың барлық пошта бөлімдері.
|