|
Азаматтық қоғам
Өскемен қаласының ПИК Ассоциациясы
Сұрақ: Уәкілетті өкіл деген кім
Жауап: Ірі ПИК ті басқаруды жеңілдету үшін (құрамында 5 үйден артық ) Уәкілетті өкіл тағайындалады, ол жиналыста нақтылы бір үйдің пәтер иелерінің мүддесін қорғайды.
Уәкілетті өкілдің кандидатурасын нақтылы бір үйдің ПИК мүшелері бекітеді.
Уәкілетті өкілдің кандидатурасын ұсынып, сайлау үшін Жалпы жиналыс шақырылады.Уәкілетті өкіл өзі мүддесін қорғайтын үйде тұруы керек.
Уәкілетті өкілдің кандидатурасын бекіту және сайлау нәтижесінде пәтер иелерінің жиналысында протокол жасалып, қол қойылуы тиіс. Протоколға аты-жөні, тұрақты мекен-жайы, төлқұжат мәліметтері және қолы көрсетілуі тиіс. Кәмелетке толмағандардың мүдделерін олардың ата-аналары қорғайды (заңдық актілерге сәйкес ата-анасы, қамқоршылары). Уәкілетті өкіл өзін сайлаған пәтер иелерінің сенім хатынсыз жұмыс істейді.
Уәкілетті өкілдің ПИК Басқармасының жұмысына қатысуы және ПИК мүшелерінің атынан әрекет жасауы кез-келген жағдайда тоқтатылады, егер, уәкілетті өкіл тұратын үйдегі пәтер иелерінің
25 % і талап еткен жағдайда.
ПИК Басқармасы Уәкілетті өкілді Жалпы жиналыс және Басқарма жиналысында қаралатын мәселелелер туралы ерте бастан хабардар етеді. Жалпы жиналыста және Басқарма жиналысында қаралатын мәселелерді шешу үшін Уәкілетті өкіл нақтылы үйдің жалпы жиналысын өткізеді; шешім дауыс көп алған жағдайда қабылданады, қаралатын мәселелер жөнінде ПИК мүшелерінің ұсыныс-пікірлері жиналады. Жалпы жиналыс өткізу негізінде протокол жасалады, ол ПИК тің Жалпы жиналысында және ПИК Басқармасының жиналысында мәселелерді талқылауда пайдаланылады.
Егер ПИК құрамына подьезд саны көп ірі үйлер енсе, әр подьездің өкілдігі сайланады; ол жалпы үйлердің Уәкілетті өкілі атқаратын функцияларды атқарады. Бұндай жағдайда үйдің Уәкілетті өкілі сайланбайды, әр подьездегі өкілдер ПИК Басқармасымен және өзге де өкілдермен тікелей байланыста жұмыс істейді.
Подьездің Уәкілетті өкілдігін сайлау, үйдің Уәкілетті өкілдігін сайлау тәртібімен жүргізіледі.
Сұрақ: Үй жанындағы жер участогін қалай пайдаланған жөн.
Жауап: Үй жанындағы аула жалпы пайдалану участогі болып табылады. Үй ауласының санитарлық тазалығы техникалық ұсыныстар мен нормаларға сәйкес жүргізіледі. Бос аула алаңдарын шаруашылық, спорт, ойын және түрлі мақсаттар үшін жабдықтауға болады.
Аулада рұқсат етілмейді:
- Аулада және аула маңайында автомашина жууға;
- Кооперативтің жалпы жиналысының келісімінсіз құрлыс(гараж, сарай, дуал т.б.) салуға;
- Көгалдандыру органының рұқсатынсыз ағаштарды, тал-бұталарды кесуге немесе басқа жерге отырғызуға;
- Жалпы пайдаланудағы жер участогіне итпен қыдыруға; Итті арнайы бөлінген алаңда қыдыртқан жөн.
- Аула аумағын жалпы жиналыстың шешімінсіз өзге мақсатта пайдалануға;
Жалпы пайдаланылатын өзге жерлер
- жергілікті атқару органдарының шешімімен аула аумағы қоршауға алынуы
немесе тәртіп сақталуы үшін кезекшілік ұйымдастырылуы мүмкін;
- баспалдақ алаңдарын шеберхана, қойма т.б. айналдыруға;
- Баспалдақ алаңына тұрмыстық заттар тастауға, лифтке кірер жолды бекітуге;
- Подвал бөлмелерінде қосымша құрал-жабдықтарға арналған іргетас орнатуға, арнайы бекітілген жобасыз тақтай полды төмендету арқылы бөлменің төбесін көтеруге, жанар-жағар май қоймасын ашуға; шаруашылық және отын сарайларын орналастыру тек қана тұрғындар мен өрт сөндіру инспекциясының рұқсатымен жүзеге асырылады.
- Шатырға кіруге үй жағдайымен айналысатын жұмысшыларға ғана рұқсат беріледі;
- Шатыр бөлмелерін шеберханаға, кір жаятын жерге және қоймаға айналдыруға;
- Шатырдағы лифтіге арналған бөлмеде жасанды және табиғи жарық, желдеткіш болуы тиіс.
Жер участогі
Тұрғын үй обьектісінің бөлінбейтін бір бөлшегі бәріне ортақ жер участогі; (ғимарат күтімі, пайдалану, құрлыс т.б.)
Жерді ортақ пайдалану құқын тұрғын үй құрамындағы тұрғындар мен адамдар тұрмайтын үйлердегі жеке пайдаланушыға беруге рұқсат жоқ;
Жер участогі беріледі:
Тұрғын үй иелеріне тиесілі жер участогі (Қазақстан Республикасының азаматтарына) ақысыз үлестіріледі. Тұрғын үйдің өзге мүшелеріне, оның ішінде мемлекеттен тыс тұлғаларға және шетел азаматтарына , сол сияқты ҚР азаматтарына (жер үлесі таратылған кезде тұрғын үй иелері болып саналмайтын) жер участогі белгіленген төлем ақыға беріледі. Жер участогін мемлекеттік заңды тұлғаларға, жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқы бар, тұрғын-үй немесе тұрғын үйге жатпайтын үйлердің иелеріне үнемі пайдалануға ақысыз түрде ұсынылады.
Жер участогінің мөлшері
Тұрғын үй обьектіндегі жер участогінің мөлшерікөріктендіру элементтерін бірге алғанда құрлыс және тұрғын үй аумағын дамыту құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес белгіленеді. Тұрғын үй обьектіне қатысушыларға ұсынылған жер участогінің шекарасы көше жақтан қызыл сызықпен, ішкі жақтан - шектес жер участоктарының шекарасымен белгіленеді. Жер участогінің шекарасына көпшіліктің пайдалануын қамтамасыз ететін мүлік кешенінің құрамындағы обьектілер енеді. Жер участогінің шекарасы шектес жатқан жер иелерінің мүддесіне орай анықталады.
Обьектілер орналасқан жердің құқықтық жағдайы, көпшіліктің пайдалануындағы ( балалардың ойын алаңдары, шаруашылық –тұрмыстық алаңдар, көгалдар, демалу алаңдары, автотұрақ т.б.) , тұрғын үй обьектіне қатысушыларға (жерді пайдаланудың) жалпы үлес құқымен немесе заңда қарастырылған жалпы жер пайдалану түрімен белгіленеді.
Сұрақ: Тексеру комиссиясының құзырына қандай мәселелер кіреді
Жауап: ПИК тің Тексеру комиссиясы ПИК мүшелерінің (3 адамнан кем болмауы тиіс) жалпы жиналысында бір жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясының Төрағасы ПИК Басқармасының жиынына кеңесші дауыс құқымен қатысады. Тексеру комиссиясының қызметі Тексеру комиссиясының Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясының кооперативтің кез-келген участогінде қаржылық тексеру жүргізуге құқы бар. Жылдық тексеру қорытындысы ПИК мүшелерінің жалпы жиналысында бекітуге ұсынылады.
Басқарма мүшелері, ПИК тің штат қызметкерлері, ПИК Төрағасы тексеру комиссиясына ПИК қызметіне қатысты кез-келген құжатты ұсынуға міндетті.
Тексеру комиссиясы ПИК есебінен ақысын төлеп тексеруші шақыра алады. ПИК мүшелері 20 дан кем болған жағдайда, Тексеру комиссиясының орнына жалпы жиналыс арқылы тексерушіні сайлай алады.
Тексеру комиссиясының байламынсыз жалпы жиналыстың кооператив балансын тағайындауға құқы жоқ.
Уәкілеттік:
ПИК тің қаржылық-шаруашылық қызметін, бюджеттің орындалуын, мүшелік жарна жиналуын бақылайды;
ПИК Басқармасының жыл сайынғы есебіне және ПИК тің кіріс және шығын сметасына тұжырым жасайды.
Сұрақ: ПИК Басқармасы мен Төрағаның өкілдігіне не кіреді
Жауап: Басқарма құзырына кіреді:
- Мүшелік жарнаны уақытымен төлеуге бақылауды жүзеге асыру;
- Кооперативтің жылдық бюджетін, есебі мен сметасын құру, жалпы жиналыстың бекітуіне ұсыну;
- Тұрғын үй обьектін басқару немесе тұрғын үй обьектілерін басқаруға келісім-шарт жасау;
- Басқарма мен оның қызметкерлерін(слесарь, электрик т.б.) жұмыстан шығару, жалдау мәселелерін шешу;
- Басқарма мен оның қызметкерлерінің штаттық кестесін бекіту, ПИК тің атқару органы шығарған лауазымдық нұсқауларды бекіту;
- Кооператив атынан келісім-шарт жасау, келісім-шарт бойынша көрсетілетін қызмет түрлерін бақылау;
- ПИК мүшелерінің тізімін жүргізуге бақылау, іс қағаздарын жүргізу, бухгалтерлік есепке бақылау жүргізу;
- Жалпы жиналыс шешімін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- ПИК мүшелерінің келісімімен түрлі ұйымдарға кіру жөнінде шешім қабылдау;
- ПИК қызметіне байланысты мәселелерді талқылау және әзірлеу;
- Жалпы жиналысты шақыру және өткізу;
- Кооператив Жарғысына сәйкес басқа да міндеттерді орындау;
- Басқарма мүшелері өз міндеттерін қоғамдық жұмыс ретінде немесе ПИК мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен қойылған төлем ақыны ала отырып орындайды.
ПИК Басқармасы ПИК тің жетекші органы болып табылады, ПИК қызметіне басшылық жасайды; сол сияқты өзге де Жалпы жиналыстың құзырына кірмейтін және Жарғыға сәйкес Атқару органына – Басқару Төрағасына өткізілмеген жұмыстарды атқарады;.
Басқарма Төрағасы болып кім көп дауыс алса, сол сайланады. Бірақ көп жағдайда, Жалпы жиналыс Басқарма басшысын сайлау өкілдігін жаңадан сайланған ПИК Басқармасына жүктейді. Кез-келген мүше немесе Басқарма мүшесі кооперативтің кезекті және кезектен тыс жиналысында ПИК мүшелерінің көп дауыс алуымен орнынан босатылады және себебі көрсетіледі.
Егер ПИК оннан төмен мүшені біріктірсе, Басқарма міндеті кооператив басшысына жүктеледі. ПИК Басқармасының құзырындағы мәселелер жөнінде шешім қабылдау үшін, мерзімділігі Жарғыда белгіленген жиындар өткізіледі. ПИК Басқармасының жиыны айына бір рет өткізіледі, ал кезектен тыс жиыны – ПИК мүшелерінің 1/3 мүшесі немесе ПИК тің Тексеру комиссиясы талап еткен жағдайда өткізіледі. ПИК Басқармасының жиналысы Басқарма мүшелерінің жартысына жуығы қатысқан жағдайда өткізіледі. ПИК Басқармасының шешімі ашық дауыспен қабылданады.
Егер ПИК мүшелері Басқарманың, оның Басшысының, Төрағаның шешімімен келіспесе , онда олар жалпы жиналысқа шағым жасауға құқылы; өйткені жалпы жиналыс ПИК Басқармасының жоғарғы органы болып табылады және жиналыс шешімін ПИК басқармасы, Тексеру комиссиясы, ПИК Төрағасы орындауға міндетті.
ПИК Басқармасының Төрағасы
· ПИК ке жалпы басшылықты жүзеге асырады;
· ПИК Басқармасының жиындарын шақырады және басқарады, бірлескен шешімдер қабылдауға жетекшілік жасайды;
· ПИК атынан сенім-хатсыз қызмет істейді;
· ПИК Басқармасы мен ПИК Басшысының арасында байланысшы қызметін атқарады;
· Басқарманың мүддесіне қатысты мәселені Басшымен бірге талдайды;
· Басқарма жиынын әзірлейді, Басқарманың барлық мүшелеріне шешім қабылдау үшін ақпарат береді, жиналыс өткізетін жерді әзірлейді;
· ПИК Басқармасының жиынының күн тәртібіне кірмейтін мәселенің шешілуіне ықпалдық жасайды:
· Өз міндеттерін қоғамдық жұмыс ретінде немесе ПИК мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен белгіленген ақы түрде атқарады.
· Егер ПИК біріктірген мүшелер саны оннан кем болса, басқарма міндеті кооператив Төрағасына жүктеледі.
Электронная почта: center@ukg.kz |