Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Азаматтық қоғам

"Жергілікті өзін-өзі дамыту орталығы" қоғамдық қоры

«Менің таза өлкем – біздің ортақ үйіміз»

  Қазақстан, 492020 Өскемен қаласы Белинский көшесі – 46, 24 - офис
 Тел/факс: 8(3232)42-57-93
 Эл. почта: center@ukg.kz
www.centr.kz 

«Жергілікті өзін-өзі дамыту орталығы» қоғамдық қоры («ЖӨДО» ҚҚ) 2002 жылы тамызда құрылды. «ЖӨДО» ҚҚ құру Өскемен қаласында азаматтық ұсыныстарды дамыту мен ұсынуға бағытталған акциялар мен жобаларды жүйелі түрде жүргізу қажеттіліктерінен туындаған әрекет. Орталық жеке ұсыныстарды үйлестіру және топтастырумен айналысады.

ЖӨДО миссиясы – демократиялық құндылықтардың, ашық қоғамның және Шығыс Қазақстан аумағында жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарының дамуына қолау көрсету.

Қордың басты жұмыс бағыттары:
- жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарының дамуына;
- электрондық үкімен пен электрондық демократияны дамыту;
- сайлау үрдісін дамыту;
- экологиялық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру.

Қордың жетістіктері:
«Сорос-Қазақстан» қорының қаржылай қолдауымен «Таза қала» жобасы сәтті іске асырылды. Жоба қала тұрғындары мен жергілікті биліктің арасында қазіргі ақпараттық технологияларды (Интернет жүйесін) және көпшіліктің қолы жететін қалалық ақпараттық ресурстарды енгізу арқылы өзара тиімді ақпараттық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға, сөйтіп жергілікті билік жұмысының тазалығын көтеруге бағытталған. Бұл саладағы Қордың басты әріптестері Өскемен қалалық әкімдігі және ШҚО кітапханашылар ассоциациясы. Жобаның негізінде Өскемен қалалсының ресми сайты құрылды. www.oskemen.kz

Сорс-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен «Өскемен қаласындағы ҮЕҰ Провайдерлердің технологиялық көмегі» жобасы бірқатар ҮЕҰ техникалық құралдар алуына және оны пайдалану жолдарын оқыту туралы кеңестік қолдау алуы мүмкін болды.
Қазіргі кезде «ЖӨДО» ҚҚ мына жобаларды жүзеге асыруда:
АҚШ елшілігінің Ақпараттық қызметінің қаржылық қолдаумен жасалынған «Өскемен қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» жобасы осы сала жұмысын реттеп отыратын нормативтік-құықтық құжаттар жасау үрдісіне қала тұрғындары мен ҮЕҰ тартуды қарастырады.

«Өскемен қаласындағы ашық ақпараттық кеңістік» жобасының мақсаты барлық азаматтық қоғам институттары арасындағы ақпараттық арақатынасты жетілдіру және оны әлеуметтік маңызы бар мәселеллерді шешуге және ашық қоғам құруға тарту үшін ұйымдар қызметіне АКТ ендіру мен тиімді пайдалану үрдісіне қолдау көрсету. Мұның бәрі Қор қызметкерлерінің табанды іс-қимылынсыз жүзеге аспаған болар еді. Д.Карнеги «өзгеге кінәратсыз қызмет етуге ұмтылған адам басқалардың алдында зор артықшылықтарға ие болады. Олардың бәсекелестері жоқ» деп көрсетті.

Чернышов Олег Владимирович басқаратын Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығында бес қызметкер еңбек етеді. Қоғам жұмысына еріктілер, кәсіби жаттықтырушылар тартылған. Шет мемлекеттерде дайындықтан өтіп келген кәсіби мамандар қызметі негізінен жаңа үлгідегі семинарлар өткізу мен жасауға бағытталған. Атап айтсақ: «Топ жасақтау», «Уақытты үнемді пайдалану», «Клиентпен жұмыс жасау», «Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешудегі жергілікті органдардың рөлі», «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару институтының дамуы. Жергілікті жерлерде биліті ұйымдастыру», «Интернетті пайлану арқылы азаматтық қатысу» және т.б. Қоғам жұмысы оны тікелей іске асырушыларға барынша айқын һәм белігілі. Бұл ретте Қордың атқарып отырған қызметі туралы айта келе Лилия Архипова «Қор қызметкерлері бізге, біздің жұмысымызға сенетін адамдардың бізден теріс айналып кетпеуі үшін қызмет етеміз» деп көрсетті.

 «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қоры қызметкерлері:

Қор директоры: Чернышов Олег Владимирович,
Директордың орынбасары, жобалар координаторы: Архипова Лилия Александровна,
Есепші: Лаврик Ирина Викторовна
Заңгер: Огнёва Наталья Викторовна
Жүйелік администратор: Чернов Александр Сергеевич

Қордың сенімді әріптестері, қызметінің жаршылары еріктілер болап табылады, атап айтсақ:
Кеңсе менеджері: Леонова Ирина,
Аударамшы: Грудина Ольга,
Заңгер: Сафонова Надежда,
Есепші: Недобитко Анна

Берік топ ретінде бізді біріктіріп отырған басты идеялық мұрат ол - Шығыс Қазақстан облысы аумағында демокартиялық үрдістердің нығаюына, ашық қоғам мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға көмек көрсету.

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010