Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Азаматтық қоғам

"Изумрудный город"  қогамдық қоры

Адрес: 492018, Өскемен қаласы, Микоян көшесі 10/1-25
Телефон: 8(3232)62-17-50 (контакт.)
Е-mail: izumgor@mail.ru

Ұйымның міндеті: жастар шығармашылығын дамыту, психологиялық тұрғыда қолдау және жас жазушыларды елге таныту мақсатында көмектесу, әлеуметтік-мәдени бағдарламаларды іске асыру.

Жұмысының негізгі бағыттары:
- жас ұрпақты мәдени және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу;
- Қордың жұмыс жасау аясында бағдарламаларды іске асыруға балаларды, жастарды, жасөспірімдерді тарту;
- Ұйым жұмысымен байланысты қайырымдылық акцияларын өткізу.
Ұйымның қысқаша тарихы және жеткен жетістіктері:
«Изумрудный город» қоғамдық қоры ресми түрде 2003 жылдың 23 желтоқсан күні тіркелген. Қордың мамандарының әдебиеттану саласындағы жасөспірімдермен жұмыс жүргізу тәжірибелері өте мол. Әсіресе атақты «Волшебник Изумрудного города» шығармасының авторы жерлес жазушымыз А.М. Волковтың шығармашылығын елге таныту бағытында көп жұмыстар жүргізілген.

2003 жылы көктемде № 24 мектептің 6-7 сынып оққушылары Мәскеудегі халықаралық «Здравствуй, Изумрудный город!» бәйгесінің лауреаттары атанып, бүкіл ТМД-дан жиналған мыңдаған қатысушылардың арасынан Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

2004 жылдың көктемінде Өскемен қаласы әкімі аппаратының, «Зубр» бірлестігінің қолдауымен және Сорос Қазақстан Қорының қаржылай көмегімен біздің ұйым «А. Волковтың Балалар мұражайы» жобасын іске асырып, нәтижесінде ЖМК шағын ауданының тұрғындары мәдени орталықта уақыт өткізуге мүмкіндік алды. Жобаға қатысушы 15 бала мұражай жұмысын жүргізудің негіздерін үйреніп, қазіргі уақытта мектеп оқушыларына экскурсиялар жүргізуде. Ең бастысы, осы жоба арқылы жазушы А.М. Волковтың шығармашылығына қызығушылықтың артқаны байқалды.

2005 жылдың 14 маусымында, жазушының туған күніне орай жас өлкетанушылар ЖМК ауданындағы мектептердің жанындағы жазғы лагерьлерде демалып жатқан балалар үшін «Путешествие по Волшебной стране» театрландырылған бағдарламасының аясында конкурстар мен эстафеталар ұйымдастырды. Бұл қайырымдылық акциясына қатысушыларға сыйлықтар тапсырылды. Ал соңғы акция ЖМК ықшамауданының аз қамтылған жанұяларының балаларына арналып жергілікті өзін өзі басқару комитеттерімен бірлесе өткізілді.

Қысқы демалыс кезінде 2005 жылдың 7 қаңтарында Қордың волонтерлері, А. Волковтың мұражайы орналасқан № 24 мектептің оқушылары Облыстық балалар ауруханасында «Новый год в Изумрудном городе» таңертеңгілік шарасын өткізсе, 5 мамырда «Волшебная страна А. Волкова» акциясының аясында А. Волковтың ертегілерінен викторина ұйымдастырылды.

Қордың театрландырылған шаралары «Весенняя неделя добра-2005», «Зеленый сад – чистый город» республикалық акцияларының және қалалық «Экознайка» конкурстық бағдарламаларының аясында өткізілді. Сондай-ақ, жас волонтерлер Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Я-патриот!» бірінші мамыр шеруіне қатысты.

Жазушы А.М. Волковтың биографиясын зерттеу барысында Шығыс Қазақстан мемлекеттік архивінің қорларында сақталған құжаттарды қарап отырып А. Волковтың Өскемен қаласы, Карл Маркс көшесі, №46 үй адресінде тұрғанын анықтадық. Бұзуға жататындықтан облыс пен қаланың Әкімшіліктеріне осы ғимаратты «Мәдени мұраны сақтау» мемлекеттік бағдарламасына қосып, әдеби мұражай құруға мүмкіндік берулерін сұрадық.

2006 жылы жазушының 115 жылдығы қарсаңында өз қаламызда А. Волковтың мұражай үйі ашылғанын қалар едік(мысалы Семей қаласында Ф.М. Достоевскийге, Павлодар қаласында П.Н. Васильевке арналған мұражайлар).

Осы бастамаға қолдау болса, құрылған мәдениет орны Президенттің үкіметтк емес ұйымдарды қолдау бағдарламасына сәйкес үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік құрылымдардың бірлесе жұмыс жасауының айқын көрінісі болар еді.

Ұйымның жетекшісі Карпович Татьяна Николаевна
Білімі:Мәскеу қаласындағы Ресей мәдениет, өнер және туризм қызметкерлерін қайта даярлау институты, 1992-1995 жылдар.

Мамандығы: өнертанушы.
Квалификациясы: «Өнертанушы. Көркемөнер мұражайының маманы».
Дипломдық жұмысының тақырыбы: «А. Волковтың ертегілері бойынша «Волшебная страна» балалар мұражай кешенінің жобасы».
Өскемен педагогикалық институты, 1984-1989 жылдар.
Мамандығы: орыс тілі және әдебиеті.
Квалификациясы: «Орыс тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы».
«Зубр» консалтинг орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған семинарларға қатысты.

Кәсіби қызметі:
2003 жылдан бері «Изумрудный город» ҚҚ директоры.
2002 жылдың қараша айынан бері Шығыс Қазақстан облысы этнографиялық мұражайында сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің маманы болып істейді.
Міндеттері: Шығыс Қазақстан жазушыларының шығармашылығын зерттеу және жұртқа таныту.
2003 жылы Киров атындағы саяжайда әдеби-көркемөнер көрмесі өткізілді.
Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайы
1990-2002 жылдары әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ғылыми қызметкер болды.
1998-1999 жылдары мұражай жұмыстары бойынша директордың орынбасары.
2001 жылы 22 мамырда А.М. Волковтың туғанына 110 жыл толуына орай «Волковские чтения» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Баяндамасының тақырыбы: «Өнер мұражайындағы А. Волковтың Қоры».
Мұражайда жұмыс істеген кезеңге дейін Өскемен қаласының білім беру саласында педагогикалық қызмет атқарды.
(№15, №37 орта мектептер) 1976-1990 жылдары.

Негізгі баспа жұмыстары:
«Волшебник из нашего города» мақаласы, «Простор» журналы, №4, 1999, Алматы.
Қазақстандағы Ресей жылына және П. Васильевтің туған күніне арналып 2003 жылы Павлодар қаласында өткізілген конференцияда «А. Волковтың шығармашылық биографиясын зерттеу және елге таныту әлеуметтік-мәдени жобасының технологиясы» тақырыбында баяндама жасады.

Өскемен қаласында 2005 жылы С.Е. Черныхтың туғанына 70 жыл толу мерейтойы қарсаңында өткізілген «Станислав Евгеньевич Черных – архивист, краевед, писатель» атты конференциядағы «А.М. Волков қорындағы құжаттар және олардың Жазушының балалар мұражайын құрудағы рөлі» баяндамасы материалдар жинағына кірді.

Қосымша ақпарат:
Ағылшын тілін біледі. Шет ел делегацияларымен жұмыс істеу тәжірибесі бар.
Әріптестері жауапкершілік, коммуникабельділік қасиеттерін өте жоғары бағалайды.

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010